ҚЫЗМОЛА (Кызмола) – мола, Маңғыстау Тҥпқараған, Мҧнайлы ауд-да. Мағынасы:
«қыз жерленген мола».
ҚЫЗЫҚ (Кызык) – қ., мола, Маңғыстау ауданы. Этногидроним. Қызық –
ортағасырлық тҥрікмен тайпасының аты. Әбілғазының пікірінше, Қызық -
Оғызханның немересі, Жҧлдызханның ҧлы және «батыр» деген мән береді»
(С.Атаниязов, 1988, 58). Сонда Қызық атауы – «Қызық руының қҧдығы» мағынасында
қолданылады.
ҚЫЗЫҚҚҦДЫҚ (Кызыкқҧдық) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қызық (зат есім)
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Қызық
руының қҧдығы» (қараңыз: ҚЫЗЫҚ).
ҚЫЗЫЛ (Кызыл) – киелі ор., қ., Маңғыстау ауданы. Жердің топырағының, тасының
тҥсіне байланысты қойылған атау.
ҚЫЗЫЛАДЫР (Кызыладыр) – қон., жол, Қарақия ауданы. Атау қызыл (сын есім)
және адыр (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Жердің кебір, сазды
топырағының тҥсі қызғылт болуы себепті аталған.
ҚЫЗЫЛАСТАУ (Кызыластау) – қ., Маңғыстау ауд-ы, Орталық Ҥстіртте. Атау
қызыл (сын есім) және астау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қҧдық
басындағы астаудың тҥсіне байланысты аталған.
ҚЫЗЫЛАУЫЗ (Кызылауыз) – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын есім) және
ауыз (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін
ауыз жолдағы, топырағы қызғылт тҥсті алқап, кең жер».
ҚЫЗЫЛАША (Кызылаша) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын есім) және
аша (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «топырағы қызғылт
тҥсті тау аралық аңғардағы қоныс».
ҚЫЗЫЛӘСКЕР (Кызыласкер) – а., т.ж.б. Бейнеу ауданы. Атау қызыл (сын есім)
және әскер (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кеңес дәуірінде, қызыл
әскерлер қҧрметіне қойылған атау.
ҚЫЗЫЛБАС БҦЛАҒЫ (Кызылбас булагы) – б., Маңғыстау ауданы. Этногидроним.
Қызылбас – азербайжан руының аты. Мағынасы: «азербайжан халқының бҧлағы».
Достарыңызбен бөлісу: |