Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет151/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚЫЗЫЛҦЙЫҚ (Кызылуйык) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын есім) 
және ҧйық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: «қызыл 
тҥсті ҧйма, тартпа, ми батпақ жер». 
ҚЫНАБАЙ (Кынабай) – қ., қор., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ҚЫҢЫР (Кыныр) – қ., қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «қиғаш, кӛлденең қазылған 
қҧдық». 
ҚЫРҒЫН (Кыргын) – қ., қор., Бейнеу ауданы. Ел аузындағы әңгімеде: «бір жылы 
қарашешек індеті отыздың ҥстіндегі адамды бір тҥнде алып кетсе керек. Осы 
қауымдықтың алғашқы тарихы содан бастау алыпты», – делінеді (М.Нығметтулаев, 
Т.Кезбаев, 43).
ҚЫРҚЫСТАУ (Кыркыстау) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қыр (зат есім) және 
қыстау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: «созылып 
жатқан биік жердегі қыстаудан қазылған қҧдық». 
ҚЫРЫҚБАСАН (Кырыкбасан) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау қырық (сан есім) 
және басан/басқан (етістіка) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қырық 
басатын, яғни ӛте биік тау» деген. 
ҚЫРЫҚКЕЗ (Кырыккез) – кӛне бейіт орны, Маңғыстау ауданы. Атау қырық (сан 
есім) және кез (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Аңызда, «ерте заманда 
бір кісіні жерлемек болады, бірақ әр қазған сайын адамның денесі бір кезге ҧзара 


берген. Ақыры осы адам ҥшін қырық рет бейіт қазылып, кісінің бойы қырықкез 
болған, атау содан қалған екен» – делінеді (С.Қондыбаев, 2000, 35).
ҚЫРЫҚҚҦДЫҚ (Кырыккудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қырық (сан есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: «кӛп 
қҧдық». 
ҚЫРЫҚҚЫЗ (Кырыккыз) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау қырық (сан есім) және 
қыз (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: «кӛп қыз 
жерленген мола». 
ҚЫРЫҚҚЫСТАУ (Кырыкқыстау) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қырық (сан есім) және 
қыстау (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атаудың мағынасы: 
«қыстаудағы кӛп қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет