Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет199/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ТЕРЕҢҚҦДЫҚ (Теренкудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау терең (сын есім) және 
қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Терең қазылған қҧдық. 
ТЕРЕҢОРПА (Теренорпа) – қҧмды алқ., Бейнеу ауданы, Оңт. Ҥстірттің Бесбҧлақ 
асуында орналасқан. Атау терең (сын есім) және орпа (зат есім) сӛздерінің бірігуі 
арқылы жасалған. Мағынасы: «аузы кең, шегенделмеген, сулы, терең қҧдық». 
ТЕРЕҢШЕ (Теренше) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдеу қазылған қҧдық. 
ТЕРІСКЕН (Терискен) – қ., Қарақия ауданы. Теріскен – «қҧмды жерге, сортаңға 
ӛсетін, домалақ, жабысқақ тікені бар бҧта сияқты ӛсімдік» (ҚТАС, 664). Атаудың 
мағынасы: «теріскен қалың ӛскен жерден қазылған қҧдық». 
ТЕРІСКЕНДІ (Терискенды) – қ., Бейнеу ауданы. Атау теріскен (зат есім) + ді (бір 
нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының 
қосылуы арқылы жасалған. Теріскен – «қҧмды жерге, сортаңға ӛсетін, домалақ, 
жабысқақ тікені бар бҧта сияқты ӛсімдік» (ҚТАС, 664) Атаудың мағынасы: «теріскен 
қалың ӛскен жерден қазылған қҧдық». 
ТЕСІККҤП (Тесиккуп) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тесік (сын есім) және кҥп (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Атау биіктен тік қҧлап ағатын судың 
жҧқарып тесілген жартастан ағуына байланысты қойылған. 
ТЕСІКТАМ (Тесиктам) – қор., Қарақия ауданы. Атау тесік (сын есім) және там (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тесігі, саңылауы бар там». 
ТЕСІКТАС (Тесиктас)  – қ., Маңғыстау ауданы. Атау тесік (сын есім) және тас (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тесік таспен шегенделген 
қҧдық». 
ТИГЕН (Тиген) – а., Маңғыстау ауданы. С.Атаниязов: «теген – ерсары диалектісінде 
«ағыл, яғни «мал қора» және «ауыл» мағыналарында қолданылатын сӛз деп кӛрсетеді 
(С.Атаниязов, 1970, 265). Кӛнетҥркі сӛздігінде де ағыл: «мал қора, қой қора, ауыл» 
(Э.В.Севортян, 1978, 83). Сонда атаудың мағынасы: «қыстау, қора». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет