Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет200/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ТОБАНИЯЗ (Тобанияз) – қ., қон., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Тобанияз 
Әлниязҧлы – қоғам қайраткері, Адай уездік рев. комитетінің тӛрағасы. Атаудың 
мағынасы: «Тобанияздың қонысы, қҧдығы». 
ТОБАНИЯЗ ЖАРМАСЫ (Тобанияз жармасы) – шатқ., Маңғыстау ауданы. 
Атаудың мағынасы: «Тобанияздың арығы» (қараңыз: ТОБАНИЯЗ). 
ТОБЫҚТЫ (Тобыкты) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау тобық (зат есім) + ты (бір 
нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының 
қосылуы арқылы жасалған. Мағынасы: «жыңғыл қалың ӛскен жер». 
ТОБЫҚТЫОЙ (Тобыктыой)  – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау тобық+ты (туынды 
сын есім) және ой (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жыңғыл 
қалың ӛскен, ойлы шатқал». 
ТОБЫЛҒЫ СОРЫ (Тобылгы соры) – сор, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тобылғы 
жиі ӛскен жердегі сортаң, тҧзды жер». 
ТОЙНАШ (Тойнаш) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним.
ТОЙТӚБЕ (Тойтобе) – тӛбе, абс. биіктігі 229 м. Қарақия ауданы. Атау той (зат есім) 
және тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қою қҧм 
балшықты тӛбе». 
ТОҚБАЙБҦЛАҚ (Токбайбулак) – б., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «Тоқбайдың 
бҧлағы». 


ТОҚБАС (Токбас) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ТОҚПАҚ (Токпак) – бҧрқақ, мҥй., Маңғыстау, Қарақия ауд-да. «Тоқпақ деген 
шәудір тайпасы, абдалдан тарайтын ру аты кездеседі (С.Атаниязов, 1988,114). Ал 
В.В.Радловта: «токмак ажығы» – «ӛзеннің бҧрылысындағы тау асуы», «асу маңында 
бҧрылысы бар ӛзен» деген сӛз тіркесі кездеседі (Радлов, 111, 1) Сонда атаудың 
мағынасы: «ӛзеннің бҧрылысындағы тау асуы». 
ТОҚПАН (Токпан) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
ТОҚПАНБӚГЕТ (Токпанбогет) – мола, Қарақия ауданы. Антропонекроним.
ТОҚСАНБАЙ (Токсанбай) – қ., қон., оқшау тау, сай, Бейнеу ауданы. 
Антропоороним. «Тоқсанбай әулиенің аты ғана белгілі. Кімнің баласы, ру, тақтасы 
қандай – ол жӛнінде дерегіміз мардымсыз. Қай шамада ӛмір кешке адамдар екені де 
белгісіз. Бір аңызда ертеде бҧл жерде мешіт болған. Мҧсылман дініне қарсылар 
молдасы мен шәкірттерді қырып кеткен деседі. Анау ҥйілген қара тас дәріс беретін 
молданың бейіті кӛрінеді. Ерте кездерде бала кӛтермеген әйелдер тҥнепті. Тҥсінде ақ 
жаулықты ананы кӛрсе, әруақ әсер етпейді. Жас келіншкті кӛрсе, ол адам сәбилі 
болады деседі (М.Нығметуллаев, 146). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет