Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет208/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ТҤЛКІЛІ (Тулкилы) – б., қон., қора, Тҥпқараған, Маңғыстау ауд-да. Атау тҥлкі (зат 
есім) + лі (бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын 
жҧрнағының қосылуы арқылы жасалған. Мағынасы: «тҥлкі кӛп кездесетін қоныс». 
ТҤЛКІЛІ ТӚРТКІЛ (Тулкилы торткиль) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атаудың 
мағынасы: «тҥлкі кӛп кездесетін ҥсті тегіс, тӛртбҧрышты, қабырға – беткейлері тік 
тӛбе». 
ТҤМЕН (Тумен) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ТҤПҚАРАҒАН (Тупкараган) – тҥб., шығ., Тҥпқараған ауданы. Дерек кӛздеріне 
қарағанда о баста тҥбектің аты Қарағантҥп болған. Атау қазіргі қалпында тҥп (зат 
есім) және қара (сын есім), қан (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қара
кӛнетҥркі тілінде «ҥлкен» деген мән беретін сӛз. Ал қан сӛзі «су», «ӛзен», «бҧлақ» 
мағынасында қолданылатын географиялық термин (қараңыз: ҚАНДЫБАС). Тҥп – 
кӛнетҥркі сӛздігінде, «ӛте тегіс» мәнін береді (ДТС, 598) Сонда атаудың мәні: «ҥлкен, 
сулы теп-тегіс тҥбек».  
ТҤРІК (Турик) – бейіт, Қарақия ауданы. Халық атынан қойылған атау. 
ТҤРІКМЕНОЙ (Турикменой) – шатқ., Қарақия ауданы. Атау тҥрікмен (зат есім) 
және ой (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «тҥрікмендер қоныс 
еткен ой». 
ТҤРІКМЕНСҤЙЕК (Турикменой) – шатқ., Бейнеу ауданы. Атау тҥрікмен (зат есім) 
және сҥйек (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Жаугершілік заманда 
тҥрікмендердің опат болған жеріне байланысты аталған. Аңызда: «Атағозы, 
Бердібектің балалары Әбіл мен Бӛкенбай маңайласқан тҥрікменнің жылқысынан 
арғымақ қҧлынды «тҥбінде айғыр қыламыз» деп, сайдың бойымен алып бара жатқан. 
Бҧларды тҥрікмендер кӛріп қалып, екі балаға қуып жетеді, біреуін сайдың бойында
екіншісін тӛрткілдің басына қашып шығып кеткен жерінен ӛлтіреді. Ол жерлер қазір 
де: «Әбіл-Тӛрткіл, Тҥлкілі Бӛкенбай» деп аталады. Балалардың ӛлігін кӛріп, 
жылқышылар ауылға қайтып келеді. Ауылда Бердібек пен Атақозы жорықта ма, әлде 
жоқ қарап кетті ма ол жағы белгісіз, ауылда жоқ болады. Содан Бегейдің екі батыры - 
Ӛмір мен Темір Тҥлкілі Бӛкенбай мен одан бір кӛштік жердегі Қошаққа дейінгі 
аралықтағы, теңіз жағалауында отырған тҥрікменді тегіс қырған екен дейді. Сол жер 
«Тҥрікмен сҥйек» деп аталады (Ж.Дҥйсенбаева, 2002, 52). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет