Бибатпа Кӛшімова


АҚТАНБЕРКІН (Актанберкин)



Pdf көрінісі
бет23/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

АҚТАНБЕРКІН (Актанберкин) – қ., Бейнеу ауданы. Этногидроним. 
АҚТАС (Актас)  – алқ., газ. конденс. к., Қарақия ауданы. Ақ (сын есім) және тас (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ тасты алқап». 
АҚТАС (Актас) – б., мола, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «ақ тасты жерден аққан 
бҧлақ».
АҚТАСМОЛА (Актасмола) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Ақ (сын есім) және тас (зат есім), 
мола (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ақ тастан салынған мола». 
АҚТАУ (Актау) – тау, Маңғыстау тауларында, Маңғыстау ауданы. Ақшыл тҥсті 
мергельдер, жоғ. бор және неогеннің әктастарынан тҥзілген. Абс. биіктігі 325 м. Ақ 
(сын есім) және тау (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау тау жыныстарының 
ағарған тҥр-тҥсіне қарай аталған.
АҚТАУ (Актау) – қала, порт. Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында, Маңғыстау 
тҥбегінің батыс бӛлігінде орналасқан. Іргесі 1959 ж. Маңғыстау тҥбегінде мҧнай, газ, 
уран және т.б. қазба байлықтарының ашылуына байланысты қаланған. 1963 ж. оған 
қала мәртебесі берілді. Бҧрын Аққолтық аталған. 1964 жылы Ақтау қаласының атына 
Т.Г.Шевченко есімі берілген, 1991 жылы ҚҚСР Кеңесі Президумының №851-XII 
қаулысымен ӛз тарихи атауына ие болды. 
АҚТАУ ОБАСЫ (Актау обасы) – еск-ш, Ақтау қаласының солтҥстігінде орналасқан. 
Қола дәуірінен сақталған андронов мәдениетіне жататын ескерткіш. Атау Ақтау және 
обасы сӛздерінің тіркесі арқылы жасалған. Ғ.Қоңқашпаев атаудың қҧрамындағы оба – 
«жотаға не жазық жерге жинаған, ҥйілген тас», – дейді. Э.Мурзаев та оба сӛзі овоо, 
обоо – «ҥйінді, ҥймек», «тӛбе», «тас ҥйіндісі», «қорған» екенін айтқан (Э.Мурзаев, 
1984, 401). Сонда атаудың мағынасы: «топырағы, тасы ақ тҥсті тау маңындағы ҥйінді, 
қорым». 
АҚТЕБІЗДІҢ СОРЫ (Актебиздын соры) – сор, Маңғыстау ауданы. М.Қашқари 
сӛздігінде тебіз – «сортаң жер» мәнінде, ал Қазақ тілінің тҥсіндірме сӛздігінде: «шӛбі 
қалың ойпаң жер» мағынасында берілген (Жерінің хаты- елінің хаты, 124). Мағынасы: 
«шӛбі қалың ойпаңдағы сортаң жер». 
АҚТӚБЕ (Актобе) – қҧм, Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және тӛбе (зат есім) 
сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ӛсімдіксіз, сусымалы қҧм тӛбе». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет