Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет326/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

 
 
 
Қошақ 
Қошақ – Бозащы мен Маңғыстау тҥбектерінің арасындағы шығанақ, мола, қҧдық 
атауы. «Ерте заманда салор мен ожақ рулары ӛзара жауласа ӛмір сҥрген деседі. Жер мен 
су ҥшін болған кӛп жылғы қақтығыстардан шаршаған екі жақ бітімге келіпті, бірақ салор 
жағы кӛп кешікпей шартты бҧзып, ожақ руының Қошақ есімді батырын ӛлтіреді. Ел 
жҧрты батырды Сарытас шығанағына таяу жерге жерлейді, содан бері шығанақ та, сол 
маңдағы кӛне мола мен қҧдық та «Қошақ» деп аталады. Батыры ӛлгесін ожақтар 
Тарталы-Тҧралы жерінде болған шайқаста салорларды кҥйрете жеңіп, бҧл аймақты 
мәңгілікке тастап кетуге мәжбҥр еткен – міс» (Костенко,Умирбаев, 169).  
Құлаат
 
Құлаат – Маңғыстау ауданындағы тӛбе (тау) атауы. Биіктігі – 277 м. «Осы маңда 
жерленген Қырықкез батырдың Қади деген батыр інісі болыпты. Батырлығымен атағы 
мәшһҥр болған Қади аталған тауда болған бір ҥлкен шайқас кезінде қаза тапқан, сірә сол 
жерге жерленген. Қадидың қҧла тҥсті аты болған. Міне осы атының есімі тау атына негіз 
болыпты дейді халық аңызы (Костенко,Умирбаев, 161-162).
Қырықкез
 
Қырықкез – Маңғыстау ауданындағы кӛне бейіт орны. Ескі қорымда жерленген 
Қырықкез де ноғайлы заманының адамы делінеді. Аңызда ол кісіні жерлемек болып, 
бейіт қазған сайын адамның денесі созыла берген деседі, ақыры осы адам ҥшін ҧзындығы 


қырық кез болған кӛр қазуға тура келіпті, ӛйткені әлгі адамның денесі осыншама 
ҧзындыққа жеткен деседі (С.Қондыбай, 2002, 258).
Мақтымбаба 
Ертедегі жаугершілік алмағайып заманда Қаракӛз бҧлағының басында ҥлкен мешіт, 
оның Мақтым есімді молдасы, бірнеше шәкірттері болыпты. Тҧтқиылдан келген жау 
молданы да, шәкірттерін де қырады. Алдымен шәйіт болған молданының басы ҥлкен 
алқапты кӛмкерген ернекті бойлап домалай беріпті. Сонда қан тамған жепге кейіннен 
мәуелеп тҧт ағаштары қаулап ӛсіп, тоғайға айналып кетіпті. Ал жазықсыз жандар 
бауыздалған Қаракӛз бҧлақ басына зәулім бір ағаш шығып, оның бір тамырыран жас, бір 
тамырынан қан тамшылаумен болған. Аққан су толассыз шырылдаған дауыс шығарады. 
Ол – шәйіт кеткен жас шәкірттердің шырылдап жылаған даусы. Ал тӛгілген қан сол 
етектег тӛбеге жоса болып, сіңе берген. Аңыздың заттай дерегі – мешіт орны, бҧлақ, тҧт 
ағаштары әлі тҧр... Жҧрт Мақтым әлиені қасиет тҧтып, басына тҥнейді (Ә.Спан, 
Ж.Дҥйсенбаева, 40). 
Масатата 
Масат ата ерекше жаратылған, аңыз бойынша ӛлерінде пырақ болып ҧшып кеткен 
ерекше қасиет иесі. Ол таң намазындағы кҥйінде ғана жауына алдыртатын бір 
«осалдығы» болған және жас әйелі атаның бағасын білмейтін болып жолығады. 
Дҧшпандары осы осалдықтарды пайдаланып, басын шауып алғанда, ата басын қолына 
алып жауының артынан тҧра шабады. Сонда тас та ҧяттан қызарыпты, бие де соңынан 
шаба жӛнеліпті, дене сағымға айналып кӛрінбей кетіпті. Бҥгінде тастың бетінде Масат 
атаның басқан ізі, қҧлынды бие ізі қалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет