БҦТАҚ (Бутак) – м., Қарақия ауданы. Бҧтақ – «ӛзен сағасы, тармақ» (Э.М.Мурзаев,
1984, 297). Мағынасы: «ӛзен сағасы бар мҥйіс».
БҤЛДІРГЕНМОЛА (Бульдиргенмола) – мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «қҧлаған,
бҥлінген мола».
БҤРГЕМДІ (Бургемды) – қон,. қора, Маңғыстау ауданы. Біздің пікірімізше, «бҥрген
қалың ӛскен жер» мағынасындағы атау. Мҧндағы бҥрген – кішкене қызыл тҥсті, дәмі
ащы жеміс ӛсетін шешекті бҧта. Қазақ тілінде м мен н дыбысының алмасып
қолданылуы жиі кездесетін қҧбылыс.
БҤРГЕМДІОЙ (Бургемдыой) – шҧңғыл ойыс, Маңғыстау ауданы, Ақтау жотасының
солтҥстігінде. Ӛлкетанушы Ә.Спан: «Елдің ауызекі тілінде қарынға салып, бҥріп
тастап, кӛктемгі қараӛзек шақта бҧзылып қарынға тҥсетін ет бҥргем делінеді. Ойыс
атауы содан шыққан», – дейді (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 246). Біздің
пікірімізше, «бҥрген қалың ӛскен ой» мағынасындағы атау (қараңыз: БҤРГЕМДІ).
БҤРКІТАТА (Буркитата) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
Адайдың Ақботасынан тараған Бәйгелді руынан шыққан ақберен білгір, кӛріпкел
адам. Бҥркітата – қазақ руларын Маңғыстауға бастап келген ру басыларының бірі
(Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 247).
БҤРКІТӘЛЫ (Буркиталы) – ой, қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. Осы
ойда Бҥркітәлі батыр саны басым басқыншылармен ҧрыста ерлікпен қаза тапқан.
БҤРКІТТҦМСЫҚ (Буркиттумсык) – мола, Маңғыстау ауданы. Мола орналасқан
тӛбенің жер бедеріне, яғни бҥркіттің тҧмсығына ҧқсас имиген тҧсына байланысты
аталған.
БҤРШІК (Буршик) – дӛң, Маңғыстау ауданы. Кӛнетҥркі тілінде: «бҥр +шік: бҥршік,
ісік, кішкене томпақ...» мағынасын береді (А.Т.Кайдар,180). Сонда атаудың мағынасы:
«кішкене томпақтау келген дӛң».
БІЛЕУЛІ (Билеулы) – мәдени-тарихи кешен, Бейнеу ауданы, Ҥстірттің орта тҧсында.
Білеулі сол жерден шығатын «ҧзынша келген, жҧқалау қайрақ тасқа» байланысты
аталған.
БІЛІК (Билик) – мҥй., Маңғыстау ауданы, Бозащыда. Мағынасы: «екі аралды
(қҧрлықты) қосатын мҥйіс» болуы мҥмкін.
|