Бибатпа Кӛшімова


ДОМАЛАҚБИІК (Домалакбиик)



Pdf көрінісі
бет64/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ДОМАЛАҚБИІК (Домалакбиик) – тау, Маңғыстау ауданы. Атау домалақ (сын есім) 
және биік (сын есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік, домалақ 
тау». 
ДОМАЛАҚТӚБЕ (Акдомалактобе) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «домалақ 
тӛбе». 
ДОҢҒА (Донга) – алқ., мҧн-г. кені, Тҥпқараған ауданы. «Бҧл атау кӛне тҥркі тілінде 
домба//томба – «жота», «дӛң», «тӛбе» деген сӛз» (Т.Жанҧзақ, 2007, 65). Сонда Доңға – 
«дӛң, тӛбе» дегенді білдіреді. Домба, томба//доңға сӛздеріндегі м//ң орын 
алмастырғыш дыбыстар қатарына жатады.
ДОҢЫЗТАУ (Донызтау)кемерлі шың, Ҥстірттің солт. мен Каспий ойпатының 
шектескен жерінде. Байғанин (Ақтӛбе обл.) және Бейнеу ауд-ң шекарасында. Атау 
доңыз (зат есім) және тас (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: 
«жабайы шошқа кӛп кездесетін тау». 
ДОСАЛЫ (Досалы) – қор., қыс., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Қорым сол 
жерге жерленген, Адай кӛтерілісі кезінде орыстардың қолынан қаза тапқан батыр кісі 
Досалының есімімен аталған. 
ДОСАН (Досан)  – б., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ДОСАНОЙ (Досаной) – кӛлдеу ойпаң, Маңғыстау ауданы, Жармыш ауылынан 
Бозащы тҥбегіне баратын жол бойында. «20 ғ. жатақ кедей жауын суына тары егіп мол 
ӛнім алған Досан деген адамның атынан шыққан». 
ДОСМАҒАНБЕТ (Досмаганбет)  – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ДОСМОЛДА (Досмолда) – мола, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
ДОСЫМ (Досым) – б., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ДӚҢҚАРА (Донкара) – шоқы, мола, Бейнеу ауданы, солт. Ҥстіртте. «Ел аузында 
Қаработа – Дӛңғара деп қосарлана айтылады. Мҧндағы Дӛңғара осы молаға жерленген 
жігіттің аты, Қаработа – қыз. Екеуі бір-біріне ғашық болып қосыла алмай, қаскӛйлер 
қолынан мерт болған» деген аңыз қалған (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 263). Ал 
атауға екінші бір этимологиялық талдау жасасақ, атау дӛң (зат есім) және қара (сын 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қара сӛзі кҥрделі топонимнің соңынан келсе
«тау, тӛбе, шоқы» мағынасында қолданылады. Сонда атаудың мағынасы: «дӛң 
шоқы» болуы мҥмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет