ЕСЕКЖАР (Есекжар) – м., Маңғыстау ауданы. Атау Есек (зат есім) және жар (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Адайдың Қосай – Байболы, Есенғҧлҧлы Есек
батырға байланысты қойылған жар атауы.
ЕСЕКӚЛГЕН (Есекольген) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау есек (зат есім) және
ӛлген (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Белгілі бір оқиғаға қатысты атау.
ЕСЕМБЕТ (Есембет) – қор., Бейнеу ауданы. Антропонекроним. Есембет –
мешіт
ҧстаған, бала оқытқан, кітап ашып сырқаттарды емдейтін балгер адам болған.
ЕСЕНАТА (Есената) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. С.Қондыбаев ӛзінің «Маңғыстау
мен Ҥстірттің киелі орындары» атты кітабында: «Ел аузындағы аңыз бойынша, Есен
де Қараман ата сияқты Шопан атаның баласы екен делінеді. Шамаман 12-13
ғасырлардың тарихи тҧлғалары болар деп тҧспалданатын Есен ата Маңғыстауда ислам
дінін таратушы мистик-суфистер орденінің ӛкілі болар жеген де пікір айтылады, бірақ
нақты тарихи дәлелдер жоқ» (С. Қондыбаев, 2000, 20), – деп жазады.
ЕСЕНҒАЛИ (Есенгали) – қ., Ҥстірте. Антропогидрооним.
ЕСЕНҚАЗАҚ (Есенказах) – қон.,
Бейнеу ауданы, Қаратҥлей сорының оңтҥстігінде.
Атау есен (зат есім) және қазақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.
С.Қондыбай Есен этнонимі туралы: «
Есен тҥркменнің шежірелік арғы аталары.
Есеннің бес ҧлы
болған екен, олар –
Човдур (Шәудір), Игдыр (Егдір), Бозоджи
(Бозашы), Бурунджик (Бұрыншық), Абдал. Бҧларды «бес есен» деп айтады»
деген
мәлімет келтіреді. Сонда атаудың мағынасы: «есендер
мен қазақтардың ортақ
қонысы» деген тәрізді.
ЕСЕН ШЫҢЫРАУ (Есен шынырау) – қ., Бейнеу ауданы. Этногидроним.
Достарыңызбен бөлісу: