ЖАЗЫҚ (Жазык) – алқ., Қарақия ауданы. Мағынасы: «тегіс, жазық жер».
ЖАЗЫҚБАЙ (Жазыкбай) – қ., Қарақия ауданы. Атау жақсы (сын есім) және бай (зат
есім) сӛздерін бірігуі арқылы жасалған. Татар гидронимиясын зерттеген Ф.Г.Гарипова
бай – «ӛзен, қҧрғақ арна», ал Орталық Азия топонимиясында: «қҧрғақ арна» «сусыз
аңғар» мағынасында қолданылады» деп кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26). Сонда атаудың
мағынасы: «сусыз жазық арнадағы қҧдық».
ЖАЙЛЫ (Жайлы) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. Қараш Жайлы қазған
қҧдық.
ЖАЙЫЛМА (Жайылма) – қ., Маңғыстау ауданы. «Қар, жаңбыр суы кӛп жиналатын
жерден қазылған қҧдық».
ЖАҚАЙ (Жакай) – мола, Бейнеу ауданы. Антропонекроним.
ЖАҚСЫ БАЙ (Жаксы Бай) – қ., Қарақия ауданы. Татар гидронимиясын зерттеген
Ф.Г.Гарипова бай – «ӛзен, қҧрғақ ӛзен», ал Орталық Азия топонимиясында: «қҧрғақ
арна» «сусыз аңғар» мағынасында қолданылады» деп кӛрсетеді (Ф.Г.Гарипова, 26).
Сонда атаудың мағынасы: «сусыз, қҧрғақ арнадағы сулы қҧдық».
ЖАҚСЫ ҚАРАСАЙ (Жаксы Карасай) - ӛ., Бейнеу және Жылыой (Атырау обл.)
аудандарының шекарасында.
ЖАҚСЫ МАҢҒЫТАЙ (Жаксы Мангытай) – қ., Қарақия ауданы. Атау жақсы (сын
есім) және маңдай (зат есім) сӛздерін бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«Маңғытайдың суы мол қҧдығы».
ЖАҚСЫ САУРАН (Жаксы Сауран) – қ., Маңғыстау ауданы. Кӛне тҥркі тілінде: сау
– «таза, ауызсуы» деген мағынаны білдіреді (ДТС, 480). –ран есім тудыратын кӛне
жҧрнақ. Сонда атаудың мағынасы: «суы кӛп, таза, ауызсулы бҧлақ».
ЖАҚСЫ СУ (Жаксы Су) – қ., Қарақия ауданы. Атау жақсы (сын есім) және су (зат
есім) сӛздерін бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы ішуге жарамды қҧдық».
ЖАҚСЫ ТАМДЫ (Жаксы Тамды) – б., Маңғыстау ауданы. Атау жақсы (сын есім)
және тамды (сын есім) сӛздерің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тамның
жанындағы суы мол, тҧщы бҧлақ».
Достарыңызбен бөлісу: |