ҚАРАТӚРТКІЛ (Караторткиль) – қ., тау,
Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім)
және тӛрткіл (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «топырағы,
тасы ақ қара, ҥсті тегіс, тӛртбҧрышты тау».
ҚАРАТҦРАН (Каратуран) – тау жотасы, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім)
және тҧран (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тҧран деп – «асты тастақты,
қар, жаңбыр суы кӛп жиналатын табиғи су қоймасын» айтады (Ә.Спан,
Ж.Дҥйсенбаева, 212). Атаудың мағынасы: «қара тасты тау ҥстіндегі су
жиналатын
ойпаң жер».
ҚАРАТҦРЫН (Каратурын) – тӛбе, г.-мҧн. кені, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын
есім) және тҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.Мағынасы: «ҥлкен
тҧрақ, тӛбе».
ҚАРАТҤБЕК (Каратубек) – тӛрткіл, Маңғыстау ауданы. Атау қара (сын есім) және
тҥбек (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тҥбек – «бір жағы қҧрлықпен
шектесіп, қалған жағы сумен қоршалған жер бӛлігі» (ҚТС, 2008, 828). Мағынасы: «бір
жағы сумен шектескен жердегі тӛртбҧрышты, ҥсті тегіс тау».
Достарыңызбен бөлісу: