Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет134/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ҚОҢЫРОРПА (Конырорпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қоңыр (сын есім) және 
орпа (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шӛппен бекіген 
қҧмды жерден қазылған орпалы қҧдық». 
ҚОҢЫРТӚБЕ (Коныртобе)  – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау қоңыр (сын есім) және 
тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шӛппен бекіген 
қҧмды тӛбе».
ҚОҢЫРША (Конырша) – бейіт, Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
ҚОҢЫРІНГЕН (Коныринген) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау қоңыр (сын есім) және 
інген (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қоңырқай бҧталы 
шӛп ҧйыса ӛскен жердегі қҧдық». 
ҚОПА (Копа) – қыс., Бейнеу ауданы. Қопа деп «қураған шӛптер шіріндісімен аралас 
қоға, қамыс, қҧрақ ӛскен қорысты жерді айтады» (ҚТТС, 6т. 333).  
ҚОРА (Кора) – қыс., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «мал қыстайтын қыстау». 
ҚОРАБАЙ ЖИДЕСІ (Корабай жидесы) – қон., Бейнеу ауданы. Қорабайдың қыстауы 
болған. Еккен жиде ағашының қалдығы әлі де бар делінеді. Қорабай – Адай руының 
Тобышынан тараған Бегей бӛлімінен шыққан адам, Қайыптың әкесі.
ҚОРАБҦЛАҚ (Корабулак) – б,. қыс., Бейнеу ауданы. Атау қора (зат есім) және 
бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «іргесінде бҧлақ ағып 
жатқан қыстау». 
ҚОРҒАН (Корган) – тӛбе, қыс., ой, Қарақия, Маңғыстау ауд-да. Мағынасы: «жан-
жағы биік қорғанды, тӛбелі қыстау». 
ҚОРҒАНБАЙ (Корганбай) – тӛбе, қ., Қарақия ауд-дағы қҧдық, тӛбе. Мағынасы: 
«тӛбе жанындағы қҧғақ арнадан қазылған қҧдық» (қараңыз: ЖАМАНБАЙ). 
ҚОРҒАНОЙ (Корганой) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау қорған (зат есім) және ой 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шатқалды тау». 


ҚОРҒАНСАЙ (Коргансай) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау қорған (зат есім) және 
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сайлы таудағы
қоныс». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет