ҚОРҒАНТАС (Коргантас) – тау, Тҥпқараған ауданы. Атау қорған (зат есім) және тас
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік тасты тау».
ҚОРҒАНША (Корганша) – қон., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «кішкене таулы
қыстау».
ҚОРЖЫНБАЙ (Коржынбай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ҚОСӘЙНЕК (Косайнек) – мола, Тҥпқараған ауданы. Атау қос (сан есім) және әйнек
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі шыны немесе гранит
тас қойылған мола» болуы мҥмкін.
ҚОСАЙФОНТАН (Косайфонтан) – бҧрқақ, Маңғыстау ауданы. Атау Қосай (зат
есім) және фонтан (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Этногидроним.
Адайдан Қҧдайке, одан Қосай тараған. Мағынасы: «Қосай руының шапшып шығатын,
тҧрбалы қҧдығы».
ҚОСАҚЫР-ШИЛІ (Косакыр-Шилы) – қ., Тҥпқараған ауданы, бҧрынғы Ново –
Александровск қамалының солт-батысында. Ақыр – «қҧдық басында мал суаратын
астау». Сонда атаудың мағынасы: «Ши қалың ӛскен жердегі қос тас астауы бар қҧдық
немесе қос қҧдық».
ҚОСАРҚАН (Косаркан) – қ., қор., Бейнеу ауданы. Атау қос (сан есім) және арқан
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Белгілі бір оқиғаға қатысты қойылған.
Ел аузындағы аңыз бойынша, қҧдыққа тҥсіп кеткен қызды екі арқанмен шығарып
алған себепті қойылған делінеді.
ҚОСАУЫЛ (Косауыл) – қ., Тҥпқараған ауданы. Атау қос (сан есім) және ауыл (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі ауылдың игілігіндегі
қҧдық».
ҚОСАЩЫ (Косащы) – қ., Бейнеу ауданы Атау қос (сан есім) және ащы (сын есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «екі ащы қҧдық».
ҚОСБАЙЫРӘУЛИЕ (Косбайыраулие) – киелі ор., Маңғыстау ауданы. Атау қос (сан
есім) және байыр (зат есім), әулие (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Кӛнетҥркі тілінде: «байыр – «тӛбе, кӛтеріңкі, биік жер» мәніндегі атау (Э.В.Севортян,
1978, 37). Мағынасы: «екі тӛбенің жанындағы әулиелі қорым».
Достарыңызбен бөлісу: |