ҚОТЫРҚОРА (Котыркора) – қон., Маңғыстау ауданы. Атау қотыр (сын есім) және
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шӛбі сирек,
тасты
жердегі қыстау».
ҚОШАҚ (Кошак) – қ., шығ., Бозащы мен Маңғыстау тҥбектерінің арасында.
Тҥпқараған ауданы. Ел аузында: «Ерте заманда салор мен ожақ рулары ӛзара жауласа
ӛмір сҥрген деседі. Жер мен су ҥшін болған кӛп жылғы қақтығыстардан шаршаған екі
жақ
бітімге келіпті, бірақ салор жағы кӛп кешікпей шартты бҧзып,
ожақ руының
Қошақ есімді батырын ӛлтіреді. Ел жҧрты батырды Сарытас шығанағына таяу жерге
жерлейді, содан бері шығанақ та, сол маңдағы кӛне мола мен қҧдық та «Қошақ» деп
аталады» – делінген (А.Костенко, Е.Умирбаев, 169). Ал
біздің пікірімізше,
атау қош
(сан есім) және ақ (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Оғызша қош – «қос, екеу»,
ал ақ - «ағу» етістігінің қызметінде жҧмсалып, тарихи тҧрғыдан, су дегенді білдіреді.
Сонда атау о баста қос аққан бҧлақ, суға байланысты қойылған. Осындай тҧжырымды
Е.Қойшыбаевтың сӛздігінен де кездестірдік: «екі аққан (ӛзен) (Е.Койчубаев, 149).
Достарыңызбен бөлісу: