ҚҦДЫҚТЫ (Кудыкты) – қон., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «қҧдығы бар қоныс».
ҚҦЗ (Куз) – б., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қҧздан, биіктен аққан бҧлақ».
ҚҦЗДЫҚАРА (Куздыкара) – кӛл., Тҥпқараған ауданы. Атау қҧзды (сын есім) және
қара (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік
жартасты тау,
щоқы жанындағы кӛл».
ҚҦЙЖАҚ (Куйжак) – қыс., қ., Мҧнайлы ауданы. Мағынасы: «қҧдық
жақтағы
қыстау».
ҚҦЙРЫҚ (Куйрык) – мҥй., мола, Мҧнайлы ауданы. Ел аузында: «атау мҥйістің
пішініне байланысты, яғни екі жағынан қарағанда қазақы қойдың қҧйыршығына ҧқсас
болғандықтан қойылған» – делінеді.
ҚҦЙЫЛЫС (Куйылыс) – қ., қыс., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «бірнше су
ағар
сайдың аяғы тоғысқан кӛлдеу ойдағы қыстау, қҧдық» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 206).
ҚҦЛАТ (Кулат) – тау, абс. биіктігі 277 м. Маңғыстау ауданы. Халық аңызы: «Осы
маңда жерленген Қырықкез батырдың Қади деген батыр інісі болыпты. Батырлығымен
атағы мәшһҥр болған Қади аталған тауда болған бір ҥлкен шайқас кезінде қаза тапқан,
сірә сол жерге жерленген. Қадидың қҧла тҥсті аты болған. Міне осы атының есімі тау
атына негіз болыпты» дейді (А.Костенко,Умирбаев, 161-162). Топонимияда «
қолат»
атауы «бір бағытта тӛмендейтін, жер бетіндегі ҧзынша келген ӛте жайпақ ӛзекше»
деген мән береді (Ж.Әубәкіров, С.
Әбдірахманов, Қ.
Базарбаев, 94). Сонда атау «бір
бағытта тӛмендейтін, жер бетіндегі ҧзынша келген жайпақ қыратты тау»
мағынасын
беретін тәрізді.
ҚҦЛАЖАТ (Кулажат) – қ., Бейнеу ауданы.
ҚҦЛАЛЫ (Кулалы) – арал, Тҥпқараған ауданы,
Каспий теңізінің солт-шығыс
бӛлігінде. Кулла – тҥркі тілінде «тау шыңы, басы». Атаудың мағынасы: «биік тауы бар
арал».
Достарыңызбен бөлісу: