ҚҦРТТЫНЫҢ ТӚРТКІЛІ (Курттынын торткилы) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. Ел
аузындағы деректе: «Тӛлеп батырмен жекпе-жекте кӛз жҧмған тҥрікмен батыры
Қҧрттының жерленген тӛрткілі» делінеді (Ә.Спан. С.Жҧбаев, 34).
ҚҦРТТЫҒҤЛ (Курттыгул) – қон., қора, Маңғыстау ауданы. Антропоойконим.
ҚҦРТҦРМАС (Куртурмас) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау қҧр (сын есім) және
тҧрмас (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Ә.Спан атауды: «сіркіреген
жауынның ӛзінен әр жеріне қақ тҧратын жер» – деп тҥсіндіреді (Ә.Спан,
Ж.Дҥйсенбаева, 206).
ҚҦРША (Курша) – қапы, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «сусыз кішкене тау
аңғары».
ҚҦРШЫҒАНАҚ (Куршыганак) – шығ., Маңғыстау ауданы. Атау қҧр (сын есім)
және шығанақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «суы
тартылған, сусыз айлақ».
ҚҦРЫҚ (Курык) – а., ә. орт. Қарақия ауданы. Ауыл 1993 жылға дейін Ералиев кенті
аталып келді. Іргесі 19 ғ-дың соңында қаланған. 1962 жылы Маңғыстау тҥбегін
игеруге байланысты аудан орталығына айналды. Халықтық этимологияда жер атауын
«жылқы ҧстайтын бас жағында ілмек жібі бар ҧзын ағашқа» байланысты қойылған
деген пікір кездеседі. Ал кӛне тҥркі тілінде Гуррук (куруг «қҧрғақ») «кӛне, суы
тартылған қҧдыққа» қатысты айтылған (З.Б.Мухамедова, 1971, 182). Сондай-ақ
кӛнетҥркі тілі сӛздігінде де куруг – «қҧрғақ, кепкен» деп берілген (ДТС, 469). Осы
тілдік деректерге сҥйене отырып, атау: «суы жоқ кӛне қҧдыққа байланысты қойылған»
дейміз.
ҚҦРЫҚ МИНЕРАЛДЫ СУЫ (Курык минералды суы) – су кӛзі, Қарақия ауданы.
Мағынасы: «суы жоқ, кӛне қҧдықты ауылдағы шипалы су кӛзі».
ҚҦРЫМ (Курым) – мазар, Бейнеу ауд-ы, Солтҥстік Ҥстірте. М.Қашқарида: «қорым
тас», Э.Мурзаевта «ҥйілген тас», – деп кӛрсетіледі. Атаудың мағынасы: «ҥйілген тасты
мазар».
ҚҦРЫМСЫНЫҢ СОРЫ (Курымсынын соры) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы:
«тасты жердегі сор».
Достарыңызбен бөлісу: |