ҚЫЗЫЛҚОРҒАН (Кызылкорган) - оқшау тау, Маңғыстау ауданы. Атау қызыл
(сын есім) және қорған (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«тасы, топырағы қызғылт тҥсті қорған, бекініс болған тау».
ҚЫЗЫЛҚУЫС (Кызылкуыс) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қызыл (сын есім) және қуыс
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қуыс – «таулы тар алқап, шатқал»
(Г.К.Конкашпаев, 138). Мағынасы: «қызыл жосалы тар тау шатқалындағы қҧдық».
ҚЫЗЫЛҚҦДЫҚ (Кызылкудык) – қ., Маңғыстау, Қарақия ауд-да. Атау қызыл (сын
есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы:
«топырағы қызыл тҥсті, жосалы жерден қазылған қҧдық».
ҚЫЗЫЛҚҦЛАШ (Кызылкулаш) – қор., Бейнеу ауданы. Атау қызыл (сын есім)
және қҧлаш (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қызыл тасты,
ҧзындығы бір қҧлаштай моласы бар қорым».
ҚЫЗЫЛҚҦМ (Кызылкум) – қҧм. алқап, Маңғыстау ауданы, Бозащы тҥбегінің
батысында. Атау қызыл (сын есім) және қҧм (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Мағынасы: «жеңіл сусымалы, ӛсімдік аз ӛскен қҧм».
ҚЫЗЫЛМОЛА (Кызылмола) – мола, Маңғыстау ауданы. Атау қызыл (сын есім)
және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қызыл тасты
немесе қызыл топырақты мола».
ҚЫЗЫЛОЙ (Кызылой) – қ., Бейнеу ауданы. Атау қызыл (сын есім) және ой (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «топырағы қызғылт тҥсті ойпаң
жердегі қҧдық».
ҚЫЗЫЛӚЗЕН (Кызылозен) – а., Тҥпқараған ауданы. Атау қызыл (сын есім) және
ӛзен (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Біздің пікірімізше, ӛзен сӛзі
«белгілі бір арнамен ағып жатқан суға қатысты айтылмаған. Кӛне тҥркі тіліндегі «ӛз»
тҥбірінен ӛрбіген, яғни ӛзек – «созылып жатқан ойыс жер, кішірек сай» мәніндегі сӛз.
Сонда атаудың мағынасы: «топырағы қызыл тҥсті ойыс жер».
Достарыңызбен бөлісу: |