МАМЫРЛЫ (Мамырлы) – қ.,
Маңғыстау ауд-ы, Бозащыда. Мағынасы: «берекелі,
суы мол қҧдық» немесе «басында ел отырған қҧдық» тәрізді.
МАНАТА (Маната) – тау, қ., мола, Маңғыстау ауданы. Атау ман (зат есім) және ата
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Ман – «ҥндіеуропалық «тау» деген
(қараңыз: МАҢҒЫСТАУ), ал ата – «қасиетті, киелі» мәніндегі сӛз. Манға ата сӛзінің
тіркесіп қолданылуын халықтың наным тҥсінігімен, сол жердегі кӛне қорымға,
сондай-ақ тау асуының ӛте қауіпті, қиындығына байланысты «киелі» жер
аталғандығымен тҥсіндіруге болады. Атаудың мағынасы: «әулие, киелі тау».
МАНАШЫ (Манашы) – қ., жылға.
Бейнеу ауд-ы, Солт. Ҥстіртте. «Оның басталар
жерінде Манашы атты мола тҧр. Ел аузындағы аңызда «Қырымның қырық батыры»
жырындағы Манашы батыр моласы осы делінеді (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008,
414). Біздің пікірімізше, атау
ман (зат есім) және
ащы (сын есім) сӛздерінің
бірігуі
арқылы жасалған.
Ман – «ҥндіеуропалық «ӛзен, су», «тау» деген сӛз (қараңыз:
МАҢҒЫСТАУ), ал ащы – кӛне тҥркі тіліндегі ащы қҧдық. Сонда атаудың мағынасы:
«ащы сулы жылға, қҧдық».
Достарыңызбен бөлісу: