Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет155/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

МАҢҒЫСТАУ (Мангистау) – тҥб., таулар, а., ауд. орт., Каспий теңізінің солт.-
шығысында орналасқан тҥбек. «Солт.-батысында енсіз, шағын Тҥпқараған тҥбегінен 
оңт.-шығысында Ҥстіртке дейін, солтҥстігінде Каспий ойпатынан оңтҥстігінде 
Қарабҧғаз шығанағына дейін 390 км-ге созылып жатыр. Енді жері 360 км-ге жетеді. 
Маңғыстау тҥбегіне Бозашы тҥбегі де қосылады, 20 ғасырдың 30-жылдары Каспий 
теңізі деңгейінің тӛмендеуіне байланысты Ӛлі Қолтық, Қайдақ шығанақтары 
тартылып, тҥбек Каспий ойпатымен тҧтасып кетті. Маңғыстау тҥбегі биік ҥстірттен 
және аласа таулардан тҧрады. Солт.-батысын Маңғыстау таулары қамтиды, ең биік 
жері – Бесшоқы тауы (556м.). Тҥбектің кӛп жерін Маңғыстау ҥстірті алып жатыр 
(Жеріңнің аты – Еліңнің хаты, 582). Сондай-ақ Маңғыстау атында Мҧнайлы ауд-ң 
орталығы, ауыл, Маңғыстау тҥбегінде аласа таулар тізбегі, ҥстірт, жер бедері 
солтҥстіктен оңтҥстікке қарай бағытталған кӛлбеу жазықтық, шығанақ бар. 
Жалпы Маңғыстау атауы туралы деректер X ғасырдан бастап араб-парсы 
саяхатшыларының (әл-Истахри, Ибн Русте, Ибн Нәджиб, Ибн әл Әсир, Рәшиддәддин, 
Ибн Фадлаллах әл Омари т.б.) жазба қҧжаттарынан орын алған.әл-Истахри, ибн 
Русте бҧл жерді Сиякух (Қаратау) деп атаған. Шынында да, Қаратау аталатын тау 
тізбектері Маңғыстау тҥбегінің ортасын ала Ҥстірттің батысынан шығысына қарай 
созылған. «Кейінгі XIII-XIV ғасырлардағы Ибн Нәджиб, Ибн әл Әсир, Рашид-ад-дин, 
Ибн Фадлаалах әл Омари еңбектерінде де Манғышлақ топонимі кездеседі» 
(С.Омарбеков, 18-19). Міне осы еңбектерден Маңғыстау (Маңғышлақ) атының ӛте 
ертеден белгілі болғанын байқаймыз.
Маңғыстау атауы екі компоненттен қҧралған. Осы бірінші компонет «ман» сӛзінің 
беретін мағынасы әлі кҥнге дейін белгілі болмаса, екінші компонент «қышлақ – 
қыстау» «атауларының дыбыстық белгілері жағынан бір-бірінен айырмашылықтары 
болғанмен, шын мәнінде, олар тек бір ғана атаудың екі тҥрлі варианты ғана. Мҧның 
алғашқысы оғыз тілдеріне тән де, кейінгісі қазақ тіліне тән» (С.Омарбеков 19).
Қышлақ – «қыстау» деген мән береді. 
Маңғыстау атауы ӛзінің қҧпиялылығымен кӛптеген тарихшы, тілші, географ, 
геологтардың назарын ӛзіне аударған. Маңғыстау топонимінің этимологиясына 
байланысты тҥрлі жорамал қалыптасқан. Маңғыстау атауын А.Вамбери, Ғ.Мҧсабаев, 


Қ.Ӛмірәлиев, 
С.Омарбеков, 
А.Әбдірахманов, 
Т.Жанҧзақов, 
Е.Қойшыбаев, 
К.Аманниязов, М.Тҧрсынова, Н.Нҧрмағамбетов, М.Қожанов т.б. еңбектерінен 
кездестіруге болады. Венгр ғалымы А.Вамбери «Путешествие по Средней Азии» атты 
еңбегінде Маңғыстау топонимінің этимологиясын «мың+қышлақ» деп қарайды 
(А.Вамбери, 165).  
Ғ.Мҧсабаев Маңғыстау сӛзін: «тҥркі (тҥркмен) тілдерінде маң (қой) + қыстау-
қышлақ деген сӛдермен байланыстырады. К.Аманниязов, М.Тҧрсыновалар: 
«Манғышлақ» сӛзі – «ҥлкен, кең, мол, ел қыстағы», яғни « «ман» тҥркі тілінен 
аударғанда «ҥлкен, «кышлак (гышлак) – қыстақ мәнін береді. Таким образом, 
«мангышлак» означает ҥлкен қыстақ, точнее пространство: большим количеством 
крепостей и городов» (К.Н.Амманиязов, 5), – деп тҧжырымдайды. С.Әбдірахмановтың 
да пікірі осыған саяды: «Маңғыстау» – ҥлкен немесе мәнді қыстау. Қазақ тілінде 
«маңқыс», «маңызды» деген ҧғым бар. Бҧл екі сӛздегі ортақ «маң» – қазіргідей тек 
«тӛңірек», «іргелес», «жапсарлас» емес, ертеректе «ҥлкен, маңызды» деген мағына 
берген. Егер тҥбектің ерте кездегі шаруашылық пайдаланымын талдайтын болсақ
онда «маңызды және ҥлкен қыстау» топонимнің мәнін дӛп басып, кӛрсетіп тҧр», – 
дейді (Каспий қайраңы, 257), М.Қожанов «Манғышлақ» атауын маңғыт этнонимімен 
байланыстырады (М.Қожанҧлы, 35). К.Ӛмірәлиев екі тҥрлі болжам ҧсынады: 1) Ертеде 
маңғыс деп аталатын кесіртке типтес етқоректі жыртқыш аң болған. Ал монғол 
ертектерінде бҧл сӛз қазақтың жеті басты аждаһасының орнына жҥрген. –Лақ, -тақ, –
тау қосымшасы (қыстақ-қыстау, жайлақ-жайлау) мекендікті білдірген. Демек 
маңғыстақ, маңғышлақ – маңғыс болатын жер деген сӛз... 2) Маңғыстау дегендегі 
маңғыс сӛзін маңғлай – маңдай сӛзімен бір тӛркіндес деп қарауға болады, яғни маң – 
ілгері, алға жҥру, ал маңғлай – ілгері, шығыңқы деген мағынада. «Маң-маң басқан 
сары атан, Маңғыстап шығар ӛріске» дегендегі маңғыс+та+п сӛзінің же жоғарғы екі 
сӛзбен бірлігін ескерсек, онда маң, маңғы (лай), маңғыс+та сӛздері «ілгері, шығыңқы» 
мағынасындағы сӛздер. Сонда Маңғыстау сӛзі ілгері, сҧқпа, сҧғыңқы, кіріңкі тау, яғни 
тҥбек тау дегенмен мағыналас болмақ» (Қ.Ӛмірәлиев, 81). Проф. Т.Жанҧзақов «ман» 
сӛзін иран, араб тілдеріне тән сӛз деп қарайды. «Иран тілінің бір бҧтағы тәжік тілінде 
ман сӛзінің қосылуы арқылы жасалған: манзил – «место остановки, стоянка, привал, 
жилище», манора – «минарет», «башня», «вышка» сияқты сӛздер бар. Осыған 
қарағанда, ман сӛзі сол тілге тән тарихи лексика болуы мҥмкін. Жерімізде иран тіліне 
тән топонимдердің жиі кездесуіне қарағанда, Манқішлаг атауының бірінші 
компонентіндегі «ман» сӛзі иран тіліне тән деп қарасақ, Маңғышлақ, Маңқыстақ 
«тҧрақ, тҧрғын қыстақ, қыстау» мәнісіне ие екенін кӛреміз (Т.Жанҧзақ, 2007, 148). 
С.Қондыбай «ман» сӛзі тарихи не мифтік адам аты немесе ішкі рудың, тайпаның аты 
болуы мҥмкін деген болжам айтады (С.Қондыбай, 2002, 46). «Ман» мифтік адам 
немесе ру, тайпа атау бола алмайды, себебі «ман» топоформантымен келген 
топонимдер тек Маңғыстауда ғана емес Орта Азияда (Манкент), Сібірде, сондай-ақ 
башқҧрт, татар т.б. топонимиясында кездесетінін байқауға болады. Сібірдегі 
гидронимдерді зерттеген орыс топономисі А.П.Дульзон «ман» топоформантымен 
гидронимдердің ӛте кӛп кездесетінін айта келіп, ман тҧлғасын «ылғал» мағынасын 
беретін ҥндіеуропалық сӛз деп қарастырады (А.П.Дульзон, 17). Башқҧрт топонимисі 
Р.З.Шакуров «Историко - стратиграфическое и ареальное исследование Башкирской 
топономии Южного Урала и Предураля» атты ғылыми баяндамасында, ӛзі зерттеп 


отырған ӛңірде кездесетін, Мангазы, Мансады, Караман, Талышман т.б. топонимдері 
қҧрамындағы «ман» топоформанты туралы: «Нет сомнени в том, что все эти 
топонимы, как и названия на ман в сочетании со специфически башкирскими 
компонентам газы, чазы, язы исконно тюркского происхождения. Это убеждает в том, 
что элемент ман, возможно, будучи реликтовым (индоевропейским в своей основе), до 
позднейшего времени активно функционировал в башкирском языке. В топонимии как 
номенклатурный термин формант ман мог применяться в значениях «река» и «гора». 
Башкирский ученый М.И.Умбетов писал: «По обоим берегам Агидели довольно много 
следов древних городов, названий мест, бывших когда-то нарицательными именами, 
ставших теперь собственным. Например, раньше для обозначения горы (тау) 
применяли слово «ман» (Р.З.Шакуров, 26-27) – деген нақты пікір айтады. Біз осы 
пікірге сҥйене отырып, ӛлкенің оронимдер (тау, шоқы, тӛбе) қҧрамында кездесетін 
ман – «тау» деген мәнді, ал гидронимдер қҧрамындағы ман – «ӛзен, су» 
мағынасындағы сӛз деп қарастырамыз. Сонда Маңғыстау атауы – «тауқыстауы» 
немесе «таулы қыстау, ауыл» деген мағына береді. Ертеде Манғышлақта болған араб 
саяхатшыларының тҥбекті Сиякух (Қаратау) деп атауында да ҥлкен мән бар сияқты. 
Жоғарыда айтқанымыздай, Маңғыстаудың орталығынан Ҥстірт жазығына дейінгі 
аралықта батыстан шығысқа қарай созылып жатқан таулы алқап бҧл жерде қазірдің 
ӛзінде Қаратау аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет