Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет159/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

МЕРГЕНБАЙ (Мергенбай) – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
МЕРЕДСАЙ (Мередсай) – сай, мола, Тҥпқараған ауданы. Атау Меред (зат есім) және 
сай (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Антропоороним. Мағынасы: 
«Мередтің сай».
МЕШІТБАЙ (Мешитбай) – қау., Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
МЕШІТТІ (Мешитты)  – қ., Бейнеу ауданы. Атау мешіт (зат есім) + ты (бір нәрсенің 
бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнақтың қосылуы арқылы 
жасалған. Атаудың мағынасы: «мешіттің жанынан қазылған қҧдық». 
МЕШІТТІКОРА (Мешиттыкора) – қыс., Қарақия ауданы. Атау мешітті (сын есім) 
және қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қасында мешіті 
бар қыстау». 
МЕШІТСУ (Мешитсу) – қ., қор., Бейнеу ауданы. Атау мешіт (зат есім) және су (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «мешіттің жанынан қазылған 
қҧдық». 
МИБҦЛАҚ (Мибулак)  – шатқ., Бейнеу ауданы. Атау ми (сын есім) және бҧлақ (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «айналасы батпақты, балшықты 
болып жататын, бҧлақты жер». 
МОЛА (Мола) – қау., Тҥпқараған ауданы. «Ӛлген адамның сҥйегі жерленген жер».
МОЛАБАЙ (Молабай) – қ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «сусыз арнадағы мола 
жанынан қазылған қҧдық». 
МОЛАРПА (Моларпа) – қыс., Бейнеу ауданы. Атау мола (зат есім) және арпа (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «арпа егілетін қоныс».
МОЛАЙДАР (Молайдар) – қ., Бейнеу ауданы. Атау мол (сын есім) және айдар (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шошақ болып ҥйілген тасты 
тӛбе, шоқыдан қазылған мол сулы қҧдық». 
МОЛАҚҦДЫҚ (Молакудык) – б., Бейнеу ауданы. Атау мола (зат есім) және қҧдық 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «моланың қасынан ағып 
жатқан бҧлақ». 
МОЛАЛЫ (Молалы) – қыс., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қасында моласы бар 
қыстау». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет