ОМАРҚОРА (Омаркора) – қора, қон., Маңғыстау ауданы. Атау Омар (зат есім) және
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «Омардың қыстауы».
ОМАР-ТҦР КҤМБЕЗДІ МАЗАРЫ (Омар-Тур кумбезды мазары) – маз., Бейнеу
ауданы. Антропонекроним. Әкелі-балалы Омар мен Тҧрға арналып салынған кҥмбезді
мазар.
ОНБАЙ (Онбай) – қ., қорған, Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «қатар жатқан кӛп
сусыз арна, жыралар» (қараңыз: БАЙ).
ОН БЕСІНШІ БЕКЕТ (Он бесинши бекет) – а., т.ж.бекеті, Маңғыстау ауд-ы,
Жыңғылды ауылдық әкімшілігі аумағында. Атау он бесінші (сын есім) және бекет (зат
есім) сӛздерінің тіркесуі арқылы жасалған. Пойыз тоқтайтын бекеттің орналасу ретіне
қарай аталған.
ОНЕЖЕ (Онеже) – б., Маңғыстау ауданы. Атау он (сан есім) және еже (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Еже – кӛнетҥркі тілінде «ҥлкен апа»
мағынасындағы сӛз. Атаудың мағынасы: «ежелден ағып жаткан он бҧлақ» деген
тәрізді.
ОНҚҦДЫҚ (Онкудык) – қ., Бейнеу ауданы. Атау он (сан есім) және қҧдық (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Осы жерде бір-біріне жақын жатқан он қҧдыққа
байланысты қойылған атау.
ОНҤЙ (Онуй) – алқ., Қарақия ауданы. Атау он (сан есім) және ҥй (зат есім) сӛздерінің
бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «он шақты ҥй болған жер».
ОҢАЙКЕТКЕН (Оңайкеткен) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау Оңай (зат есім)
және кеткен (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Белгілі бір оқиғаға
байланысты аталған.
ОҢАЙКҤП (Онайкуп) – кҥп, Маңғыстау ауданы. Атау Оңай (зат есім) және кҥп (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. «Кҥп – (парсы сӛзі) сай тҧйығындағы асты
тастақты, шҧңғыл, су жиналатын орын (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 194). Мағынасы:
«Оңайдың сай тҧйығындағы асты тастақты, шҧңғыл, су жиналатын орны».
ОНДЫ (Онды) – а., Маңғыстау ауданы. С.Әжіғали «Онды» атауын XVII-XVIII
ғасырларда Маңғыстауға шабуыл жасаған қалмақтардың қолбасшылары Даян Омбы,
Дундук Омбының аттарымен байланыстырады (Каспий қайраңы, 161). «Жерінің аты-
еліңнің хаты» атты энциклопедиялық анықтамалықта: Онды – «жӛнді, жақсы, дҧрыс,
тәуір» мәнін береді делінген. (584). Моңғолша-орысша сӛздікте: «Ондоо – «мықты,
ерекше, басқаша» деген сӛз (300).
Достарыңызбен бөлісу: |