Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет194/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ТАЛШЫН (Талшын) – қау., Тҥпқараған ауданы. Атау тал (зат есім) және шың (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тӛбе басындағы қауым» 
(қараңыз: ТАЛШОҚЫ). 
ТАМДЫ (Тамды) – қ., б., қор., Маңғыстау, Бейнеу ауд-да. Бҧлақ, қҧдық маңында 
тамның бар екенін білдіретін атау. 
ТАМШАЛЫ, Тамшылы(Тамшалы) – су кӛзі, Тҥпқараған ауданы. Атау тамшы (зат 
есім) + лы (бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын 
жҧрнағының қосылуы арқылы жасалған. «Тамшалы – кәдімгі киіз ҥйге ҧқсас дӛңгелек 
кеуек ҥңгір. Тас қабырғасы терлеп, кей жерлерінде себезгілеп, мҧздай әрі мӛлдір 
тамшы бҥркіп тҧрады. Ҥңгір табанында шағын кӛлшік пайда болған. Осыған орай 
Тамшалы аталған» (Маңғыстау энциклопедиясы, 2008, 546). 
ТАРАУ (Тарау) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Мағынасы: «тілімденген немесе сай-
салалы шатқал». 
ТАРҚОЛҚА (Тарколка) – мекен, Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім) және қолқа 
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «таудың (биік жердің) бір 
жақ бҥйіріндегі шағын алқап». 


ТАРҚОЛТЫҚ (Тарколтык) – қыс., қон., Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім) 
және қолтық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «теңіздің 
қҧрылыққа ішкерілей жіңішкере кірген бӛлігіндегі шағын қоныс».
ТАРЛА (Тарла) – шатқ., Қарақия ауданы. Э.Мурзаев: «Тарла – тҥркі тіліндегі, егістік, 
жыртылған, ӛңделген жер деген сӛз. Радловтың кӛнетҥркі сӛздігінде: «егіс даласы», 
«егін» деп берілген» деп кӛрсетеді (Э.Мурзаев, 1984, 544).  Сонда атаудың мағынасы: 
«егін егілетін шатқал». 
ТАРТАЛЫ (Тарталы) – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім) және тал (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Тал – иранша «тӛбе, дӛң, адыр» (Л.И.Рогозова, 
93). Атаудың мағынасы: «тар тау аңғары». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет