ТАРҦЙЫҚ (Таруйык) – аңғ., Маңғыстау ауданы. Атау тар (сын есім) және ҧйық (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тартпа, ми батпақты шағын
алқап».
ТАСАСТАУ (Тасастау) – қ., Бейнеу ауданы. Атау тас (зат есім) және астау (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «басында тастан жасалған мал су
ішетін астауы бар қҧдық».
ТАСБАС (Тасбас) – қ., кен ор., сай, Қарақия, Маңғыстау ауд-да. Атау тас (зат есім)
және бас (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «таспен
шегенделген немесе тасты жерден қазылған сулы қҧдық».
ТАСБОЛАТ (Тасболат) – алқ., мҧн.-г.конд. кені, Қарақия ауданы. Антропоороним.
ТАСИЗЕН (Тасизен) – тҧз. қ., Қарақия ауданы. Атау тас (зат есім) және изен (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Изен – «жіңішке жапырақты алабҧта
тҧқымдасына жататын шӛптесін ӛсімдік». Мағынасы: «изен қалың ӛскен тасты
жердегі қҧдық».
ТАСҚАБАҚ (Таскабак) – қыс., Бейнеу ауданы. Атау тас (зат есім) және қабақ (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «алдыңғы беттегі тасты жердегі
қыстау».
ТАСҚОҢЫР (Тасконыр) – шатқ., Маңғыстау ауданы. Атау тас (зат есім) және қоңыр
(зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. К.Қаймулдинова: «оронимдер
қҧрамындағы «қоңыр» ежелгі тҥркі-моңғолдық «қара» (тӛбе, тау) дегеннің синонимі
болып табылады; бҧл мағынасында топонимдерде постпозицияда, яғни соңғы лекте
тҧрады», – деп кӛрсетеді. Сонда атаудың мағынасы: «тасты тӛбе немесе тау».
ТАСҚҦДЫҚ (Таскудык) – қ., Маңғыстау, Бейнеу ауд-да. Тереңдігі – 3 м. Атау тас
(зат есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тасты
жерден қазылған қҧдық».
ТАСҚЫНБАЙ (Таскынбай) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «жанында
жаңбырдан соң сел жҥретін сусыз арнасы бар тӛбе» .
ТАСМОЛА (Тасмола) – мола, Қарақия ауданы. Атау тас (зат есім) және мола (зат
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тастан салынған мола».
Достарыңызбен бөлісу: |