Бибатпа Кӛшімова


ШАҒЫЛДЫСОР (Шагылдысор) –



Pdf көрінісі
бет218/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ШАҒЫЛДЫСОР (Шагылдысор) – ойыс., Қарақия ауданы. Атау шағылды (сын есім) 
және сор (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шағыл – «желмен сусып жататын 
ӛсімдігі жоқ, жалаңаш қҧм тӛбелер» (ҚТАС, 724).  Атаудың мағынасы: «ӛсімдігі жоқ, 
жалаңаш қҧм тӛбелі сордағы ойыс». 
ШАҒЫЛҚОРА (Шагылкора) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау шағыл (зат есім) және 
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шағыл – «желмен сусып жататын 
ӛсімдігі жоқ, жалаңаш қҧм тӛбелер» (ҚТАС, 724).  Атаудың мағынасы: «ӛсімдігі жоқ, 
жалаңаш қҧм тӛбелі қыстау» 
ШАҒЫЛОРПА (Шагылорпа) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау шағыл (зат есім) және 
орпа (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «ӛсімдігі жоқ, жалаңаш 
қҧмнан қазылған тайыз қҧдық». 
ШАҒЫН (Шагын) – қ., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «кішкентай қҧдық». 
ШАҒЫРЛЫ (Шагырлы) – қ., Бейнеу ауданы. Атау шағыр (зат есім) + лы (бір 
нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ) туынды сын есім жасайтын жҧрнағының 
қосылуы арқылы жасалған. Шағыр – «қҧмды, шағылды жерлерде ӛсетін қурай тектес 
ӛсімдік». Мағынасы: «шағыр қалың ӛскен жердегі қҧдық».
ШАҒЫРЛЫ-ШӚМІШТІ (Шагырлы-Шомишты) – кен ор., Бейнеу ауданы. 
Мағынасы: «шағыр қалың ӛскен Табын руы қоныс еткен алқап». 
ШАЙНИЯЗ (Шайнияз) – б., Маңғыстау ауданы. Атау шай (зат есім) және Нияз (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Мағынасы: «Нияздың ағынды бҧлағы» (қараңыз: 
ШАЙЫР). 
ШАЙТАНКҤП (Шайтанкуп) – кҥп, Маңғыстау ауданы. Атау шайтан (зат есім) және 
кҥп (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. «Ертеде кҥпті алғаш келіп қоныстанған 
пейілі тар, тақыстау біреу ел арасында әлгі кҥпті шайтан иеленіпті деген кәуесет 
таратады. Сондағысы кҥпті жеке ӛзі иемденбек болады» (Ә.Спан, Ж.Дҥйсенбаева, 
195). Содан кҥп Шайтанкҥп деп аталған. 
ШАЙТАНКӚЛ (Шайтанколь) – шатқ., Қарақия ауданы. Атау шайтан (зат есім) және 
кӛл (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау белгілі бір оқиғаға, тҥнде жанған 
отқа немесе тҥрлі оқиғаларға байланысты қойылған болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет