Бибатпа Кӛшімова


ШАЙТАНКӚПІР (Шайтанкопир)



Pdf көрінісі
бет219/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ШАЙТАНКӚПІР (Шайтанкопир) – кӛпір, Маңғыстау ауданы. Атау шайтан (зат 
есім) және кӛпір (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау тҥн ортасы ауа келе 
жатқан адамға кӛпірде от кӛрінуі себепті қойылған. 
ШАЙТАНҚАЛА (Шайтанкала) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау шайтан (зат есім) 
және қала (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Қала сӛзі ноғай топонимиясында 
«шың, қҧз» мағыналарын береді. «Шайтаны бар қҧзды тау маңындағы қҧдық». 
ШАЙТАНТОПЫРАҚ (Шайтантопырак) – шатқ., Қарақия ауданы. Атау шайтан (зат 
есім) және кӛл (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Атау белгілі бір оқиғаға, 
тҥнде жанған отқа байланысты қойылған болу керек.
ШАЙТАНШАРА (Шайтаншара) – мола, Бейнеу ауданы.
ШАЙХЫБАБА (Шайхыбаба) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним.  
ШАЙЫР (Шайыр) – а., Маңғыстау ауданы. Атау шай (зат есім) және йір (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. С.Қондыбай: «Тҥркі тілінің оғыз-селжук 


диалектісінде «чай, шай» – су, сулы сай, ал йір «жер», атау – «сулы жер» дегенді 
білдіреді дейді (С.Қондыбай, 1998, 25). Расында да, Иран топонимиясын зерттеген 
В.И.Савина: «чай – тҥркіше «ӛзен» деп кӛрсетеді (240). Ә.Әбдірахманов та: «чай – 
оғыз тобына жататын тҥрікмен, азербайжан тілдерінде, ӛзен» екенін айтқан 
(А.Абдрахманов, 1984, 126). Сонда атаудың мағынасы: «сулы жер», «тау ӛзені бар 
жер».
ШАҚАН (Шакан) – қ., Бейнеу ауданы. Тҥркі тілінде чақан – «аз, кӛп емес» 
(Л.И.Рогозова, 108), ал шаған варианты: «тік жарлы, қҧламалы» деген мән береді. 
Соған байланысты атаудың мағынасы: «тік жарлы, қҧламалы жердегі қҧдық» болуы 
мҥмкін. 
ШАҚПАҚАТА (Шакпаката) – киелі ор., Тҥпқараған ауданы. Маңғыстаудың мәдени 
ескерткіштерін зерттеген М.Мендіқҧлов Сисемата және Шақпақатаның салына 
бастауын XIV-XVI ғасырлармен, яғни ноғайлы, ноғай-алшын дәуірімен 
байланыстырады. Шақпақ атаның ноғайлы екендігін және ол туралы жергілікті 
қарттан жазып алғандығын айтады. Аңыз бойынша, Шақпақ ата тҥрікмен мен 
қалмақтарға қарсы соғысқан ноғайлы екен. Оның лақтырған тасынан от шығатын 
болғасын «Шақпақ» деп атапты дейді (М.Мендыкулов, 24). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет