ШАҚПАҚМҦРЫН (Шакпакмурын) – мҥй., Қарақия ауданы. Атау шақпақ (зат есім)
және мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «шақпақ тасы
бар қҧмды мҥйіс».
ШАҚПАҚТЫ (Шакпакты) –жол, Қарақия ауданы, Шопаната мешітінің
шығысында. Атау шақпақ (зат есім) + ты (бір нәрсенің бар екенін білдіретін жҧрнақ)
туынды сын есім жасайтын жҧрнағының қосылуы арқылы жасалған. Жол бойында
шақпақ тастың (кремний) кӛптігіне байланысты, солай аталған.
ШАҚПАҚТЫСАЙ (Шакпактысай) –қҧр., ӛ., Маңғыстау және Тҥпқараған ауд-да.
Атау шақпақты (сын есім) және мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Мағынасы: «шақпақ тасы бар сай». ШАҚЫРҒАН (Шакырган) – мола, тау аңғары, Маңғыстау ауданы. «Қазақтар
Маңғыстауға алғаш орныға бастаған жаугершілік заманда қҧнанорыс Лабақ батыр тау
биігінің басында атойлап, аттандап шақыруынан Шақырған деп аталған. Ҧшар биік
ҥстінде ҧран отын жағатын тас тҧғыр орны сақталған», – делінеді.
ШАЛАБАЙ (Шалабай) – дӛң, Жаңаӛзен әкімш. қарайды. Белгілі геолог-ғалым
Саламат Шалабаевтың ата мекені. Антропоороним.
ШАЛАРАН (Шаларан) – қ., Бейнеу аудан. Атау шал (зат есім) және аран (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Э.Мурзаев: «чал – «тас», - деп кӛрсетсе,
(Э.Мурзаев, 1974, 58). Азербайжан топонимиясында чал – «қҧдық» делінген
(С.М.Молла-заде, 199). Сонымен қатар «Шал деген ата аңды аранда қамап ҧстаған.
Шаларан деген жер аты осы кҥнге дейін сақталған» деген мәліметте те кездеседі.
Дегенмен атаудың мағынасы: «тасты ойыстан қазылған қҧдық».
ШАЛБАРҚАЗҒАН (Шалбарказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Шалбар (зат есім)
және қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Гентгидроним. Шалбар
(Мәмбетқҧл) – Адай тайпасының Тҥрікпенадайдан тараған аталарының бірі.
Мағынасы: «Шалбар руының адамы қазған қҧдық».
ШАЛОЙ (Шалой) – қ., Қарақия ауданы. Атау шал (зат есім) және ой (зат есім)
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «тасты ойдан қазылған қҧдық»
(қараңыз: ШАЛАРАН).