Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет26/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

АҚШИҚАН (Акшикан) – қон., Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және шиқан (зат 
есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Э. және В. Мурзаевтардың «Словарь местных 
географических терминов» кітабынды: «Шихан – «қҧмды адырлар, тӛбе» деп тҥсінік 
берілген (Э. и В. Мурзаевы, 259). Мағынасы: «сусымалы қҧмды тӛбедегі қоныс». 
АҚШОЙМАҚ (Акшоймак) – аласа тау, абс. биіктігі 92 м. Ақтау жотасының 
солтҥстігінде. Маңғыстау ауданы. Ақ (сын есім) және шоймақ (зат есім) сӛздерінің 
бірігуінен жасалған. «Ақ тасты дӛңгелек тӛбе» мәніндегі атау» (Жеріңнің хаты - 
еліңнің хаты, 567).
АҚШОҚЫ (Акшокы) – қ., тӛбе, Бейнеу, Маңғыстау ауд-да, д., Тҥпқараған ауданы. 
Ақ (сын есім) және тӛбе (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шоқы дегеніміз – 
«формасы конус тәрізді қырат немесе басы сҥйірлене біткен тау» (Г.К.Конкашпаев, 
1951, 41). Атаудың мағынасы: «алыстан ағарып кӛрінетін, басы сҥйірлене біткен, 
конус формалы тӛбе және сол тӛбе жанынан қазылған қҧдық». 
АҚШОРА-БЕЛТҦРАН (Акшора-Белтуран) – еск. маз., Тҥпқараған ауданы. Кісі 
есімдерінен қойылған. Мазарлар, халық арасында тараған аңыз бойынша, бір-біріне 
қосыла алмаған қос ғашық – қазақ жігіті мен тҥрікмен қызына тҧрғызылған.
АҚШҦҚЫР (Акшукыр) – а., қ., Тҥпқараған, Қарақия ауд-да. Ақ (сын есім) және 
шҧқыр (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шҧқыр – қазылған, ойылған жер. 
Атау «ақ отты ойпаңдау жер» мәнін береді. 
АҚШЫҒАНАҚ (Акшыганак) – тҥб., Бозашы тҥбегінің шығысында. Ақ (сын есім) 
және шығанақ (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шығанақ – теңіздің 
қҧрылыққа сҧғына еніп жатқан бӛлігі (Қазақ тілінің сӛздігі, 746). Мағынасы: «теңіздің 
қҧрылыққа сҧғына еніп жатқан ақ тҥсті тасты, борлы бӛлігі». 
АҚШЫМЫРАУ (Акшымырау) – қ., а., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі 14 метрдей.
Ақ (сын есім) және шымырау (зат есім) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Шыңырау деп 
– тереңдігі 5-6 м. асатын ӛте терең қҧдықтарды айтады. Қҧдық қазылған жердің 
топырағы ақ болғандықтан Ақшымырау болып аталып кеткен (С.Әбішҧлы,76).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет