Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет40/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

ӘЛМҦРАТ (Алмурат – қон., Маңғыстау ауданы. Антропоойконим. 
ӘЛІҒҦЛ (Алигул) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 5 м. Антропогидроним. 
ӘЛІКЕ (Алике) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. 
ӘЛІКЕ-ҚАНАЙ (Алике–Канай)  – қор., Қарақия ауданы. Антропонекроним. 
ӘЛІБЕК (Алибек) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
ӘМІР (Амир) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ӘНДІЖАН (Андижан) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
ӘУЕЗ (Ауез) – қау., Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним. 
ӘУЛИЕ (Аулие) – қор., Қарақия ауданы. Мағынасы: «киелі, қасиетті қорым». 
ӘУРЕН БИІК (Аурен биик) – тӛбе, Маңғыстау ауданы. «Тым биік тӛбе». 
Б 
 
БАБАЛЫ (Бабалы) – қ., Маңғыстау ауданы. Тереңдігі – 3м. Кӛнетҥркі тілі сӛздігінде: 
«ата, әке» мағыналарымен қатар «қарт, қарт адам», «сыйлы адам» мәнін де 
қолданылған (Э.В.Севортян, 1978, 11). Мағынасы: «кәрі, кӛне қҧдық» тәрізді. 
БАБАС (Бабас) – қ., Маңғыстау, Қарақия ауд-да. Антропогидроним. 
БАБА ТҤКТІ ШАШТЫ ӘЗІЗ (Баба Тукты Шашты Азиз) – киелі ор., Маңғыстау 
ауданы. Антропонекроним. 
БАБАХАН (Бабахан) – қ., тӛбе, Қарақия ауданы. Антропоороним. 
БАБЫҚҚАЗҒАН (Бабыкказган) – қ., Бейнеу ауданы. Атау Бабық (зат есім) және 
қазған (етістік) сӛздерінің бірігуінен жасалған. Бабық – Адай тайпасы Шегем руынан 
тараған аталардың бірі. Мағынасы: «Бабық руының адамы қазған қҧдық». 
БАГАРДЖИК (Багарджик) – мҥй., Тҥпқараған ауданы. Багар (багор) сӛзін қазақ 
тіліне аударғанда «ілгек, қармақ» деген мағына береді (Русский-казахский словарь, 
34), ал – жик кішірейту мәнін беретін, оғыз тіліне тән жҧрнақ, олай болса атаудың 
мағынасы: «балық ауланатын кішкене мҥйіс».
БАҒЫТАЙ – БЕНІКЕ (Багытай - Бенике) – ойыс, Бейнеу ауданы. Антропоороним. 


БАҒДА (Багда) – қ., Орталық Ҥстіртте, Маңғыстау ауданы. Тибет-моңғол тілдерінде 
богдо – «қасиетті» (Е.Керімбаев, 1984, 15). Атаудың мағынасы: «қасиетті, киелі 
қҧдық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет