Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет43/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

БАҚТЫБАЙ (Бактыбай) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним. 
БАҚЫТҚОРА (Бакыткора) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау Бақыт (зат есім) және 
қора (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кісі есімінен қойылған атау.
Мағынасы: «Бақыттың қорасы, қонысы». 
БАЛА (Бала) – бейіт, Мҧнайлы ауданы. Мағынасы: «Жас адам, бала жерленген бейіт»
БАЛАӘУЛИЕ (Балааулие) – мола, Маңғыстау ауданы; маз., Тҥпқараған ауданы. 
Атау бала (зат есім) және әулие (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. 
«Балалар жерленген киелі жер». Аңыз бойынша, «Қырықкез қырғыны тҧсында 
шабылған басын кӛйлегінің етегіне орай сала жҥгірген баланың келіп, жеткен жері 
екен» делінеді. Бала жҥрегі жеті кҥн бойына соғып жатыпты-мыс. Жҧртшылық сол 
баланың денесін жатқан жеріне арулап жерлейді. Кейін бейіт басынан от шығып
ерекше қасиет белгісін таныта бастайды. Жергілікті тҧрғындар бала әулие деп атап 
кеткен» (Маңғыстау энциклопедиясы, 1997,176). 
БАЛАБАЙ (Балабай) – мола, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «кішілеу қҧрғақ арнадағы 
мола» (қараңыз: БАЙ). 
БАЛАЛАН (Балалан) – қ., Маңғыстау ауданы. Кісі есімінен қойылған атау болуы 
мҥмкін немесе су мол, жер асты су кӛздерімен толығып отыратын қҧдық. 
БАЛАМЕШІТ (Баламешит) – дӛң, Тҥпқараған ауданы. Атау бала (зат есім) және 
мешіт (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Башқҧрт топономиясындағы иран 
тілінен енген атауларды зерттеген Н.Д.Гарипова және Т.Н.Гариповтың еңбектерінде 
«бала»жоғары, биік» деген мағынадағы сӛз деп кӛрсетеді (Н.Д.Гарипова, 
Т.Н.Гарипов, 187). Ал Ғ.Қоңқашпаев топонимдер сыңарындағы бала сӛзін «кіші», 
«ҥлкен емес» деп қарайды. Осы Ғ.Қоңқашпаевтың пікіріне сҥйене отырып, атау: 
«мешіт салынған биік дӛң».


БАЛАОЙ (Балаой) – қ., тӛбе, Қарақия ауданы. Атау бала (зат есім) және ой (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «биік ойыстағы тӛбе». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет