Бибатпа Кӛшімова



Pdf көрінісі
бет52/333
Дата18.07.2024
өлшемі3.38 Mb.
#502978
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   333
Снимок экрана 2024—05—15 в 15.26.42

БЕРДІБЕК (Бердибек– мола, Мҧнайлы ауданы. Антропонекроним.
БЕРДІСҤГІР (Бердисугир) – қ., мола, Маңғыстау ауданы. Антропогидроним. 
БЕРЕГОВОЙ (Береговой) – тӛбе, Бейнеу ауданы. Мағынасы: «жағадағы тӛбе». 
БЕРНИЯЗ (Бернияз) – маз., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним. 
БЕСАУЫЗ (Бесауыз) – қ., Маңғыстау ауданы. Атау бес (сан есім) және ауыз (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «кӛпшілік жҥретін тау 
асуындағы бес қҧдық» 
БЕСБҦЛАҚ (Бесбулак) – қ., б., Маңғыстау және Бейнеу ауд-да. Атау бес (сан есім) 
және бҧлақ (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «қатар ағып 
жатқан жатқан бес бҧлақ немесе кӛп бҧлақ». 
БЕСКЕМПІР (Бескемпир) – тӛбе, мола, Қарақия ауданы. Атау бес (сан есім) және 
кемпір (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Біздің ойымызша, топоним 
қҧрамында кемпір сӛзі «кӛне», «ескі» мағынасын беретін тәрізді. Сонда топоним: «бес 
немесе кӛп кӛне молалы тӛбеге» қатысты аталған. 
БЕСКӚЛ (Бесколь) – қ., Бейнеу ауданы. Атау бес (сан есім) және кӛл (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «бес сулы қҧдық». 
БЕСКӚҢ (Бескон) – қыс., Маңғыстау ауданы. Атау бес (сан есім) және кӛң (зат есім) 
сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Кӛң «мал қыстайтын тҧрақты қоныс орны
қыстау» (ҚТТС, 330). Атаудың мағынасы: «ҥлкен мал қыстататын қоныс» 
БЕСҚҦДЫҚ (Бескудык) – тҧз. қ., Маңғыстау және Бейнеу, Қарақия ауд-да. Атау бес 
(сан есім) және қҧдық (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «сол 
маңдағы тереңдігі әр тҥрлі бес қҧдыққа» қатысты аталған. 
БЕСМҦРЫН (Бесмурын) – тау, Маңғыстау ауданы, Шығыс Қаратаудың оңт-
шығысыныда. Атау бес (сан есім) және мҧрын (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы 
жасалған. Мағынасы: «таудың, не биіктеу жоталардың жазықтыққа сҧғынып тҧрған 
бес тҧсы». 
БЕСОБА (Бесоба) – қ., тӛбе, Маңғыстау ауданы. Атау бес (сан есім) және оба (зат 
есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Оба термині моңғол топонимиясында «тас 
ҥйіндісі, шекаралық белгі», «оқшау орналасқан тау, тӛбе», «арнайы ҥйілген тас 
қорымы» деген мағынаға ие болады» (К.Қаймулдинова, 54). Атаудың мағынасы: «бес 
ҥйілген тас қорымы». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   333




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет