ЖУСАНДЫОЙ (Жусандыой) – қ., Қарақия ауданы. Атау жусанды (сын есім) және
ой (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Мағынасы: «жусан қалың ӛскен
ойдан қазылған қҧдық».
ЖҦЛДЫЗБАЙ (Жулдызбай) – қ., Маңғыстау ауданы. Антропогидроним.
ЖҦМАӘУЛИЕ (Жумааулие) – қор., Маңғыстау ауданы. Антропонекроним.
Жҧмабай – Адайдың Тобыш-Бектеміс атасынан шыққан әулие адам.
ЖҦМАБАЙ (Жумабай) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним.
ЖҤЗАДЫМ (Жузадым) – қ., Оңт.Ҥстіртте. Маңғыстау ауданы. Атау жҥз (сан есім)
және адым (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған. Тереңдігі жҥз адым (61м.)
шамасында болуына байланысты аталған.
ЖҤЗАДЫР (Жузадыр) – қ., Қарақия ауданы, Батыс Ҥстірт кемерінің шығыс
бӛлігінде. Атау жҥз (сан есім) және адыр (зат есім) сӛздерінің бірігуі арқылы
жасалған. Қҧдық теңіз деңгейінен 200 м. биіктіктегі жазықта орналасқан. Сол себепті
атаудың мағынасы: «дӛңесті, белесті биік жердегі қҧдық» тәрізді.
ЖҤЗЖАСАР (Жузжасар) – маз., Бейнеу ауданы. Мағынасы: «мәнін жоймайтын,
кӛрнекті мазар» немесе антропонекроним болуы мҥмкін.
ЖҤНБАСҚАЗҒАН (Жунбасказган) – қ., Бейнеу ауданы. Антропогидроним. Атау
Жҥнбас (зат есім) және қазған (етістік) сӛздерінің бірігуі арқылы жасалған.
Мағынасы: «Есен Жҥнбас Тҥменҧлының қазған қҧдығы».
ЖЫҒЫЛҒАН (Жыгылган) – мҥй., Тҥпқараған ауданы. Белгілі бір оқиғаға
байланысты аталған.
ЖЫЛАНДЫ (Жыланды) – мҥй., Қарақия ауданы, Каспийдің шығыс жағалауында.
Атау жыланның сол жерде кӛп болуына байланысты аталған.
ЖЫЛҚЫБАЙ (Жылкыбай) – қор., Тҥпқараған ауданы. Антропонекроним. Қорым
XVIII ғ.– XIX ғ. бірінші жартысында ӛмір сҥрген сәулетші шебер – Жылқыбай
Доралҧлының атымен аталуы мҥмкін делінеді.
ЖЫЛҚЫБЕК (Жылкыбек) – қ., Қарақия ауданы. Антропогидроним.
ЖЫЛҚЫШЫ (Жылкышы) – тау, абс. биіктігі 183 м. Қарақия ауданы. Жылқышы
деген қҧс атауы кездеседі. Соған байланысты атаудың мағынасы: «жылқышы қҧсы кӛп
кездесетін тау» дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |