Бибеков қаныш тілеужанұлы қазақ тілінің семантикасы



бет3/16
Дата17.01.2024
өлшемі464 Kb.
#489269
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
БИБЕКОВ ҚАНЫШ ТІЛЕУЖАНҰЛЫ(1)

Тацырып бойынша сүрацтар:

  1. Семантика нені зерттейді?

  2. Семантика терминін қашан жэне кім енгізді?

  3. Семантиканың қандай салалары бар?

  4. Лингвистикалық семантика нені зерттейді?

  5. Философиялық семантика ненізерттейді

  6. Логикалық семантика нені зерттейді?

  7. Семасиология мен онамосиологияның өзара байланысы қандай?

  8. Семасиология сөзді қалай қарастырады?

Сөз және оған тән белгілер
Сөз - күрделі тілдік бірлік. Тіл білімінде сөзді екі жақты бірлік ретінде қарап, дыбысталу мен мағынадан түрады деп көрсетеді. Дыбысталу сөздің материалдық жағын күрастырса, мағына (мазмұн) сөздің идеалдық жағын курайды. Екі жақ - дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі - сөздің. өмір сүруінің жэне қызмет етуінің шарты. Демек сөз - дыбысталу мен мағынаның бірлігінен түраты н тілдік дербес бірлік. Сондай-ақ сөз дегеніміз - заттың, түрлі кұбылыстың, қимыл- эрекеттердің атауы деген түрде де анықтама беріледі. Бірақ осы келтірілген анықтамалар сөздің неғурлым жалпы белгілерін қамтып, бір жақты ғана анықтайды. Сөзді тіл білімінің барлық саласы зерттейді. Дегенмен тіл білімінің эр саласы сөздің белгілі бір қырын ғана өз зерттеу нысаны ретінде бөліп алып, өзіндік амал-тәсілдер арқылы қарастырады. Сол арқылы сөздің белгілі бір тілдік қызметі мен қасиетін анықтап береді. Сөз дыбысталудан түру арқылы фонетиканың зерттеу нысаны болады. Фонетиканың ең кіші элементі фонема тілідң мағыналы бөлшектерін, соның ішінде сөзді курауға қатысуы жэне оларды түлғалык та, мағыналық та жағынан ажыратуға негіз болатындығымен сипатталады. Бірақ сөздің фонетикалық жағын ғана қарастырып қою жеткіліксіз. Сөз грамматиканың да басты бірлігі болып табылады. Тілдегі грамматикалық амал-тәсілдер тек сөзге сүйеніп қана өмір сүреді. Морфология сөздердің грамматикалық түрлену жүйесін зерттейді. Сөз болу үшін дыбыстың, грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Сөздің негізгі қасиеті лексикалық мағынасының болуы екені күмәнсіз. Сөз тілідік жүйенің элементі ретінде жеке-дара өмір сүрмейді. Басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсу арқылы коммуникативтік қызмет атқаруға қатысады. Бүл жағдай сөздің грамматикалық қасиеттерінің, грамматикалық мағыналары мен түлғаларының болуын қажет етеді. Сөздің лексикалық жэне грамматикалық мағыналары өзара байланысты. Сондай-ақ олардың өзіндік ерекшеліктері де бар. Сөздің күрделі тілдік бірлік екенін ғалымдардың көпшілігі атап көрсеткен. Сөзге оның барлық белгілері мен қасиеттерін толық қамти алатындай анықтама беру қиындық тудырады.
Сөзге анықтама беру үшін сан қырлы табиғатын жан-жақты біліп, олардың өзара байланысын ашу қажет. Сөзге тэн белгілердің ішіндегі ең маңыздылары мен қосалқы сипатқа ие белгілерін саралап алған дүрыс. Сөздің көп қырлы сипатын ескере отырып, тіл білімінің барлық саласының жетістіктерін есепке ала отырып, зерттелген жағдайда ғана тілдік табиғатын дүрыс тануға болады. жатқандығы мэлім. Сөзді зерттеуде оның тек тілдік қыры ғана емес танымды, логикалық, үғымдық табиғаты да ескерілу керек.
Сөзге анықтама бермес бүрын оның белгілерін саралап, басқа тілдік бірліктермен салыстыра отырып ерекшеліктерін анықтап алған жөн. Сөз белгілерін санамалап атап өтсек: 1. Сөз дыбыс не дыбыстар кешенінен түрып, фонетикалық жақтан түтастық қалпын сақтайды;

  1. бір екпінге ие болады; 3. сөздің лексикалық мағынасы болады; 4. сөз сөйлеу барысында жасалмай дайын күйінде жүмсалады; 5. тілдік қатынаста басқа сөздермен еркін лексика-грамматикалық байланысқа түсе алады; 6. тілдік қатынаста басқа сөздермен лексика- грамматикалық байланысқа түскенде түлғалық жэне мағыналық бүтіндігін, дербестігін сақтап отырады; 7. сөздердің белгілі бір лексика-грамматикалық тобына еніп, қандай да бір грамматикалық қасиеттерге ие болады; 8. дыбысталу мен мағынаның бірлігінен түрады; 9. сөйлемде белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарып, синтаксистік мағына білдіреді; 10. атауыштық қызмет атқарады; 11. тиянақты түлғада келеді.

Сөз бір дыбыстан да, дыбыстар тіркесінен де жасалады. Сөз қүрамындағы дыбыстардың орналасуында да белгілі бір заңды- лықтардың бар. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде дауысты дыбыстар сөз ішінде қатар келмейді. Сондай-ақ қатаң ц, 8 дыбыстары жіңішке даыстылармен тіркеспейді. Сөз соңында б, 8, г, д сияқты үяң дауыссыздар үшыраспайды. Бірақ дыбыстардың тілдің фонетикалық заңдылықтарына сэйкес тізбек түзуі сөз қүрауға жеткіліксіз. Мысалы, жүпыс, моз, гөк сияқты тіркестерді сөз ретінде қабылдауға болмайды. Сөз болу үшін дыбысталу мағынамен ажырамас байланыста болу керек. Ф. Де Соссюр сөздің дыбысталуы мен мағынасын ақ қағаздың екі жағымен салыстырады. Ал оцы, у, кел, тіл, ес, ез т.б. тек дыбыстардың тізбегі ретінде ғана емес сөз деп танылуы олардың мағынаны білдіретіндігінде. Сөз белгілі бір дыбыстық қүрылымның бірлігінен түрады. Сөздің фонетикалық белгісіне екпін үғымы да енеді. Атауыш сөздер (немесе толық мағыналы, дербес сөздер), эдетте, екпінге ие болады. Егер күрделі сөз екі екпінге ие болса, онда оның бірі негізгі, екіншісі көмекші екпін болады. Сөз өзінің фонетикалық түлғалануы мен қүрылымы жағынан фонемадан ажыратылса, бір негізгі екпінге ие болуы жағынан (атауыш сөз) сөз тіркесінен ажыратылады.
Сөздің екінші жағы мағыналық жағы болып табылады. Сөздің дыбыстық жағы мен мағыналық жағының арасында шартты, тарихи, әлеуметтік байланыс бар. Сондықтан бір зат немесе үғым эр тілде эр түрлі аталады. Дегенмен бүдан сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігі ғана деген үғым тумаса керек. Өйткені тек сөз ғана емес морфема да дыбысталу мен мағына бірлігінен түрады. Сөз сөйлеу кезінде еркін қолданыла алуы арқылы морфемадан ерекшеленеді. Сөйлеу кезінде өз дербестігін сақтай алуы арқылы сөз тіркесінен ерекшеленеді. Сөздің мағынасы лексикалық мағына болып табылады. Лексикалық мағына жеке сөзге тэн болып, алуан түрлі тілдік қолданыста түрақты сақталып отыруы шарт. Мысалы, 1. Қолына күрек алды. 2. Қолы талып қалыпты. 3. Қолымен үстап көрді. Қолында шелегі бар. Осы мысалдарда цол сөзі эр түрлі грамматикалық қатынасқа түсіп, түрлі грамматикалық түғада келгенімен, лексикалық мағынасы өзгеріссіз қалып отырды.
Сөз тілдік жүйенің элементі ретінде басқа тілдік бірліктермен парадигмалық, синтагматикалық, иерархиялық қатынастарға түседі. Тілдің лексикалық деңгейінде басқа сөздермен лексика- семантикалық байланыста болады. Мысалы, көк деген сөзді алсақ, түр-түсті білдіру арқылы ац, цара, цызыл, сары сияқты т.б. сөздермен бір лексика-семантикалық топ қүрайды. Сөз белгілі бір грамматикалық қасиеттерге ие болып, сөздердің лексика- грамматикалық категорияларының қүрамына енеді. Сол лексика- грамматикалық топқа тэн грамматикалық мағыналар сөздің мағына қүрылымынан орын алады. Сондай-ақ грамматикалық түлғалармен түрлену арқылы басқа сөздермен синтагматикалық байланысқа түседі. Мысалы, жша сөзі қимыл-қозғалыс үғымымен байланысты болғандықтан, етістік сөз табына жатады. Етістікке тэн жақ, шақ, рай категориясының грамматикалық түлғаларымен түрленіп, грамматикалық мағына білдіреді: жиназан, жшамацшы, жинасын,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет