Семантика және оның зерттеу нысаны
Семантиканың (гректің semantikos - мағыналы, белгілеуші деген сөзінен шыққан) зерттеу нысаны таңбалардың мағынасы болып табылады. Тіл біліміне семантика терминін 1897 жылы алғаш енгізген М.Бреал болды. Ғылыми әдебиеттерде семасиология термині де қолданылады. Оқулықтарда семантика лексикологияның мағынаны зерттейтін бір саласы ретінде қарастырылады.
Қазіргі тіл білімінде тілдің маңызды курамдас бөлігі ретіндегі мағынаны зерттеу мәселесіне барынша көңіл бөлініп отыр. Тілдің ең басты қызметі болып табылатын қарым-қатынас куралы болу қызметін мағына мәселесінсіз елестету мүмкін емес. Тілдің түлғалык жағына қарағанда мағыналық жағы үзак уақыт бойы ғалымдардың назарынан тыс қалып келді. Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда семантика пэнін зерттеу кенжелеп қалды. Сол себепті де қазақ тіл білімінде семантиканың көптеген мэселелері элі де зерттелмей келе жатыр.
Мағына - семантиканың негізгі категориясы, оның басты үғымы болып саналады. Таңбалар жүйесінің, соның ішінде тілдің бірліктерінің мағынасын анықтау таңба мен оның мағынасы арасындағы, мэтін мен оның мазмүны арасындағы сәйкестік пен байланыс заңдылықтарын ашуға мүмкіндік берері сөзсіз. Тілдік мағынаға әсер ететін факторлар сан түрлі жэне өзара тығыз байланысты болып келеді. Бүл жағдай мағынаны тілдік қүбылыс ретінде зерттеудің негізгі бағыттарын көрсетіп береді. Тілдің мағыналық жағын қарастыруда логикалық(үғым) мазмүнды, шындық болмыстың санада сәулелену үрдісін назардан шығармау керек. Сондықтан да мағынаны зерттеу лингвистикалық семантика, логикалық семантика жэне философиялық семантика түрғысынан қарастырылады. Бүл салалардың қай-қайсысы болмасын зерттеуде өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Лингвистикалық семантика табиғи тілдің бірліктерінің - морфема, сөз, сөз тіркестерінің, фразеологизмдер мен сөйлемдердің мағыналарын арнайы эдіс- тэсілдермен зерттейді. Тілдік бірліктер грамматикалық та, лексикалық та қасиеттері түрғысынан семантикалық талдауға түсуі мүмкін. Семантиканың зерттеу нысаны ретіндегі сөз мағынасы аса күрделі категория екені күмэнсіз. Сөздің лексикалық жэне грамматикалық мағыналары бар екенін білеміз. Оларды анықтауда бір-біріне қарсы қоя, салыстыра зерттеу орын алған. Олардың ерекшеліктерін санамалауда ортақ белгілері мен өзара байланыстылығы айтыла бермейді.
Сөз мағынасы жеке адамға тәуелді емес. Тіл қоғамдық күбылыс болғандықтан, мағынаның адаммен, қоғаммен мүлде байланысы жоқ деп айта алмаймыз. Сөз мағынасының күрамында шындық болмыспен де, тілді түтынушы ужымның элеуметтік санасымен де, тілдік жүйемен де байланысып жататын бөлшектер бар. Бүл мағына категориясының көп қырлы, қатпарлы категория екенін танытады.
Сөз мағынасын анықтауда екі түрлі жолмен баруға болады. Біріншісі онамосиологиялық жол болып саналса, екіншісі - семасиологиялық жол. Сөз мағынасын онамосиологиялық жолмен талдағанда сөздердің мағынасының объектив дүниедегі заттармен, күбылыстармен (денотаттармен) ара қатынасын, сол заттарға берілген аттың (сөздің) берілу принциптерін анықтаса, семасиологиялық жол сол мағынаның қалыптасуын жэне сөз не сөз тіркестерінің ішкі элементтерінде қалыптасқан (таным процесі негізінде) үғымның қалыптасу механизмін анықтайды. Екі жолдың да мақсаты бір - сөз мағынасының қүрылымдық элементтерін анықтау, қалыптасу жолын белгілеу, бірақ зерттеу эдістері басқа. Зерттеу процесі кезінде бүл екі эдістің екеуін де толық пайдалануға болады; семасиологиялық тэсілдің элементтерін онамосиологиялық талдауларда пайдалануға, яки керісінше, болады. Заттарға ат беру, бір нәрсенің атауы болудың өзіндік заңдылықтары, эр тілдің өзіне тэн ерекшеліктері бар. Сондықтан да біз семасиологиялық принципті негіз етіп алдық, бірақ онамосиологиялық принципті де үмытқанымыз жоқ. Семасиологиялық принцип сөз мағынасының қүрамында объектив дүниедегі заттар мен қүбылыстардың адам санасындағы бейнесімен, адамдардың ойлау процесі негізінде қалыптасқан жалпылаушы элементтермен астасып жататын мағыналық элементтің барлығын мойындайды. Сондықтан да сөз мағынасы, үғым сияқты объектив дүниедегі заттардың
жалпыланған, дерексізденген бейнесіне негізделінеді де, тілдік элементтермен көмкеріледі. Сөз мағынасын талдағанда, ең алдымен, оның тіл заңдылығы бойынша қалыптасқан мағынасы мен тіл заңдылығына бағынбай гносиологиялық заңдылықтар негізінде қалыптасқан элементтерінің бар екендігін естен шығаруға болмайды. Әрине кез келген экстролингвистикалық элемент мағына қүрамына енгенде тіл заңдылығына бағынып, соның негізінде енеді. Сондықтан да акад. В.В. Виноградов «Сөздің грамматикалық мағынасы грамматиканың талқысына түседі. Сөз - лексикалық жэне грамматикалық мағыналардың қүрылымдық бірлігі. Сөздің лексикалық мағынасын анықтаудың
өзі оған грамматикалық сипаттама беру»,- деп дүрыс айтқан.
Достарыңызбен бөлісу: |