Бибігүл Төлеуова Исатай ауданы Новбогат орта мектебінің мұғалімі



Дата07.07.2016
өлшемі22.67 Kb.
#183321

powerpluswatermarkobject9667439


Бибігүл Төлеуова

Исатай ауданы Новбогат орта мектебінің мұғалімі


Эссе мына жинақта жариялану арқылы авторлық құқығы қорғалған :

Ұстаздық ұстаным: педагогикалық эсселер топтамасы-.

Құрастырған: Тәжіғалиева А.С. Алматы, «Өлке» баспасы, 2013 жыл.
МЕНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫМ
Ұстаз, ана, қоғам мүшесі ретіндегі менің өмірлік қағидам: « Білім- бір құрал, білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді» деген (Ахмет Байтұрсынов) қағидалы сөз болып табылады. Осы қағиданы өзім ғана ұстанып қоймай, өзімнен тәлім- тәрбие алып жатқан шәкірттерімнің де өмірінің шамшырағына айналдыру - басты мұратым.

Мен мұғалім тұлғасын әлемнің жеті кереметінің бірі – Египет пирамидасымен байланыстырар едім. Ғаламның сегізінші кереметі болып табылатын адам жаны, оның санасы болып қала бермек.

Ал адам, жас ұрпақ тәрбиесімен айналысып, оның санасына сәуле, ақылына ой, жүрегіне жылылық сыйлап, бар ғұмырын өзгені өмір сүруге, бақытты болуға тәрбиелейтін ұстаздар қауымының қиындығы мен қызығы мол еңбегін мен пирамидаларды тұрғызушы жанкешті құлдар еңбегімен салыстырған болар едім.

ХІІІ ғасырда пирамидалар елін билеген қыпшақ баласы Бейбарыс сұлтан туған жеріне деген құрметі мен сағынышын баспақ болып, пирамида үстіне киіз үй тіктіріпті. Маңына бие байлатып, қымызбен сусындаған екен деген аңыз бар. Қыпшақ баласының бұл әрекеті өзінің ғана емес, өзі секілді өзгелердің де өзінің түп тамырын, салт – дәстүрі мен танымын жоғарылатса екен деген ойдан туды деп түсіндіруге болады. Бүгінгі күні Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың білім беру саласына, ауыл мектебіне деген ерекше қамқорлығын өзінің атажұртқа деген шексіз сүйіспеншілігін, елдің боашағына, жас ұрпақ тәрбиелеуге деген риясыз қамқор көңілін білдіруі деп қабылдаған жөн.

Еліміздің даму стратегиясының басты құжаты «Қазақстан- 2030» бағдарламасында: «... біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» делінген.

Мен өз елімнің саналы азаматы, ұрпақ тәрбиешісі ретінде еліміздегі білім беру және тәрбиелеу саласындағы оң өзгерістер мен сан салалы істерге бар күш- жігерімді жұмсаймын. Әсіресе, елдің ынтымақ – бірлігі мен жастардың ой- өрісін, рухын көтеру бағытындағы жұмыстарға атсалысамын.

Осы мақсаттағы өзімнің басты қаруым- ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасы болмақ. Менің пайымдауымша, біздің мемлекетімізге идеологиялық тұжырымдама болуға жарамды дүние- Абай сөзі, Абай өнегесі болмақ. Абайды тану, сол таным арқылы жас ұрпақтың бойында өзіндік «мен» бейнесін қалыптастыру, гуманистік идеялар арқылы жаны сұлу, жүрегі нәзік, ізденімпаз тұлғаны тәрбиелеу – міне, менің ұстаздық ұстанымдарым.

Ұстаз ретіндегі бүгінгі білім беру жүйесіндегі реформалар мен соған сай туындаған мәселелер де ойландырмай қоймайды. Әсіресе, «Қазіргі мектеп қандай болу керек? Ол өзінің алдына мемлекет қойып отырған міндеттер үдесінен шығуы үшін не істеуі, қалай істеуі керек?» деген ойлар мені де жиі мазалайды.



Бұл мәселелер жөннінде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын әр педагогтің өзіндік философиялық ой- тұжырымдары, тіпті жай ғана қоғам мүшесі ретіндегі толғаныстарының болуы заңды құбылыс.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет