Бидайбеков Е


Оқу пәнінің мазмұнын іріктеуді іске асырудың дидактикалық негіздері



бет46/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87
treatise13514

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеуді іске асырудың дидактикалық негіздері
Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың информатика бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар нақты ақпараттық технологиялар құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.
Курс мазмұнының жүйе құраушы ұғымы «ақпараттық үрдіс», ал текті ұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымдауға бірегей әдісті қолдану курстың мазмұнын нормативті құжаттарда берілгендей жеке-жеке дидактикалық бірліктер емес, жалпы мәдени сипатта дамушы, біртұтас іргелі пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Курстың мазмұнына адамның жалпы мәдениеті, сонымен қатар білімін әрі қарай жалғастыруы үшін неғұрлым іргелі және әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмір жайлы қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар және тәсілдер енгізілуі қажет. Сонымен қатар, бағдарламада ғаламдық ақпараттандыру қоғам жағдайында өмір сүретін әрбір сауатты адамға қажет информатиканы оқытудың инвариантты бөлігінің құраушылары болып табылатын ұғымдар мен дидактикалық элементтер сипатталуы керек.
Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне жүйелілік, тұтастық, пәндік саласының толықтығы, логикалық қайшылықтың болмауы, жүйеленуі, минималды жеткіліктілік, сабақтастық, әдістемелік мақсатқа сәйкестік, иерархиялық, аксиоматикалық, көз жетерлік, ашықтық талаптары қойылған.
Информатика курсы ұғымдарының қалыптасуының бірізділігі оқу материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан байытып, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамыту, курстың себеп-салдар байланысын ескере отырып, түрлі табиғат жүйелеріндегі ақпараттық үдерістердің бірлігін және оқу материалын теориялық жағынан жалпылауға мүмкіндік беруі керек.
Оқыту барысында жүйе құраушы «ақпараттық процестер» ұғымы қалыптасуы, дамуы және жалпылануы қажет. Сонымен, ақпараттық процестердің түрлерін оқыту ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеу сияқты табиғи ақпараттық процестерді қарастыруға келеді. Бұл ақпараттық процестер компьютердің функционалдық құрылғыларын оқытуда өте қажет. Ақпараттық процестерді автоматтандыру мүмкіндіктері үшін (жасанды ақпарттық процестерден табиғи процестерге өту) ақпаратты бірегей түрге (санау жүйелері) келтіру, компьютермен ақпаратты өңдеуінің бірізділігі (логика негіздері), ақпаратпен жұмыс жасаудың неғұрлым күрделі іс-әрекеттері: алгоритмдеу және модельдеу процестері қарастырылады. «Ақпараттық процестер» ұғымының дамуы ақпараттың графикалық, мәтіндік, сандық, дыбыстық түрлерін сақтау, тасымалдау және өңдеу ерекшеліктерін, сонымен қатар ақпараттық, телекоммуникациялық және мультимедиялық технологиялардың жабдықтарын оқыту барысында іске асырылады. Нәтижесінде ақпараттық үдерістердің әлеуметтік аспектілері қарастырылады.
Анықталған жетекші ұғымдар материалды ғылыми, біртұтас және белгілі фактілерді жалпы көзқарас тұрғысынан қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байланыстары мен қатынастарын ашуға, оларды нақты фактілерде және шынайы құбылыстарда ашуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұнының негізіне келесі аспектілер жатуы керек:
1) мектеп курсында информатиканың қазіргі жағдайы іргелі ғылым ретінде сәйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы шеңберінде оқыту мазмұнын сабақтастыру негізінде информатика курсының тұтастығын көрсету;
3) оқу материалын ізгілік құраушыларымен, эмоцинальдық-бағалы және адамгершілік құндылықтармен толықтыру;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, оларға шектен тыс ақпарат алуға мүмкіндік бермеу;
5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын белсенді түрде қолдану;
7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жалпылай қолдану тәсілдеріне үйрету.
«Математика және информатика» білім беру саласының бес мазмұндық желісінің дамуына сәйкес құрылады. Ол келесі мазмұндық желілер арқылы құрылған: ақпарат және ақпараттық процестер; компьютер – ақпаратты өңдеу құралы; ақпараттық модельдеу; алгоритмдеу және программалау; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет