Бидайбеков Е



бет36/87
Дата13.01.2023
өлшемі1.9 Mb.
#468366
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87
treatise13514

І-бөлім. ЭЕМ- мен танысу.
Кіріспе. ЭЕМ негізгі құрылымдарының қызметімен танысу. Пернетақта және монитор. Графиктік редактор. Электрондық кесте. Компьютерлік модель түсінігі.
ІІ-бөлім. Алгоритмдер және атқарушылар. Негізгі түсініктер. Тармақталу. Циклдар. Көмекші алгоритмдер. Мәліметтер қоры. Программалау тілінің негіздері.
ІІІ-бөлім. Ақпарат және ЭЕМ – оны өңдеу құралдары. Ақпарат. Ақпараттың өлшем бірліктері. Ақпараттық – ізденіс жүйесі. Қолданбалы программалар. Есептеу техникасының негіздері.
Бағдарламада компьютер – атқарушының мазмұнды-әдістемелік желісі, алгоритмдік желі, ақпараттық процестерді модельдеу желісін белгілеу және ақпараттың түсініктері айқын қарастырылады.
Бұл бағдарламада жүзеге асырылған басты әдістемелік жетістігі – мазмұнының кіріспелік таныстыру сипаты ұғымдардың күрделілігіне қарай құралады, курстың пайдалылығы айқын бағдарланады. Ол басқа пәндерді оқу барысында компьютерді саналы және тиімді пайдалануына жол ашады. Осының бәрі – мектептің орта буыны үшін базалық курстың жаңа салалары.
1990 жылдардың бірінші жартысында информатиканы мектептердегі үздіксіз курсын оқыту идеяларын дамытушы тұжырымдамалар мен оқу бағдарламалары пайда бола бастады [32, 17, 7, 6]. Информатика негіздерін меңгеру және мектептерде оқыту үдерісінде ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үшін үш кезеңге бөліп оқыту қажет деп есептелді. Бірінші кезең (I-VI кластар) – насихаттаушы – танысу, екінші кезең (VII-IХ кластар) – базалық курс, үшінші кезең ( Х – ХI кластар) бағдарлы курстар. Информатика курсын оқудың нәтижесінде мектептегі барлық оқу пәндерін оқу барысында ақпараттық технология құралдары мен әдістерін жүйелі қолдану мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері» қабылданды [20].
«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық-әдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде жинақталды:
1. Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.
2. Алгоритмдер және программалау.
3. Компьютер және программамен қамтамасыз ету.
4. Формальдау мен модельдеу негіздері.
5. Ақпараттық технология.
«Негізгі компоненттермен» бірге сол кезде ішінара тәжірибеден өткен оқу-бағдарламалық кешендерді де ұсынылды. Мысалы, А.А.Кузнецов жасаған информатиканың базалық курсы [20], А.Л.Семенов пен Н.Д.Угринович [20] және Е.Я.Коган мен Ю.А.Первин [20] ұсынған орта мектептердегі информатиканың үздіксіз курсының екі түрлі нұсқасы болды.
1990 жылдардың соңына қарай информатиканың үздіксіз курсы мазмұны тұжырымдамасы барынша жинақталған түрінде арнайы «Информатика 1-11 сынып» атты бағдарламалық-әдістемелік материалдар жинағында берілді. Оған 1-6 және 5-7 сыныптар үшін информатиканың пропедевтикалық курсының екі бағдарламасы, 8-9 сыныптарға арналған базалық курс бағдарламасы, негізгі мектептің 7-9 сыныптар үшін базалық курстың екі бағдарламасы, 8-11 сыныптар үшін информатиканы тереңдетіп оқытуға арналған бағдарлы курс бағдарламасы және жалпы білім беретін мекемелердегі 1-11 сыныптар үшін «Ақпараттық мәдениет» эксперименттік курсының бағдарламасы енгізілді. Жалпы орта білім берудің 1-ші сыныптан бастап 11-сыныпқа дейін аралығын қамтитын бұл бағдарламаның маңызды ерекшелігі оқу материалдарын параллель және жинақы оқыту болып табылды.
Мемлекеттік білім беру стандарты негізгі білім беру бағдарламалары мазмұнының міндетті минимумын, оқушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, мектеп бітірушілердің дайындық деңгейіне талаптар белгілейді. Жаңа білім беру бағдарламалар бойынша жұмыс барысында жалпы білім берудің мемлекеттік стандартындағы мемлекеттік компоненттер тұжырымдамасы қаралды.
Информатикадан жалпы білім беру стандарты төмендегідей талаптарды:

  • мектептердің базалық оқу жоспарындағы информатика курсын;

  • білім беру саласы мазмұнының міндетті минимумы ретінде информатиканың базалық курсы мазмұнын;

  • білімділік, біліктілік, дағды және ғылыми ұғымдары түрінде оқушылардың дайындық деңгейін;

  • жалпы білім беру стандартты талаптарының талаптарына сай оқушылардың білімін бағалау және тексеру құралдары мен технологиясын анықтайтын нормативті құжат болып табылады.

Информатикадан Мемлекеттік стандарт жобасы елімізде алғаш рет 1998 жылы қабылданды. Стандартта информатика саласындағы мектептерде білім берудің іргелі негіздерінің күшейтіліп, даму идеялары тұрақты және реттілікпен жүзеге асырылатындығына баса назар аударылған. Ол мыналардан шығады: қазіргі кездегі информатика – айналадағы әлемге талдау жасауға жүйелі – ақпараттық амалын қалыптастыратын ғылыми білімінің іргелі саласының бірі болып табылады. Осы негізде стандарт жобасында информатика және кибернетика пәндерінің түйісу облысымен, яғни дүниенің жүйелі ақпараттық бейнесі, өздігінен басқарылатын (биологиялық жүйелер, қоғам, автоматтандырылған техникалық жүйелер) жүйелердің қызметі мен құрылысының жалпы ақпараттық заңдылықтары анықталады. Бұл жүйелердің өзіне тән ерекшелігі, олардың ақпараттарды алу, өзгерту, мақсатына сәйкес пайдалану негізінде мінез-құлқының басқаратын органдардың болуына байланысты мақсатқа сай қызмет ету қасиеттері болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттарды өңдеу, беру, сақтау, алу құралдары мен әдістері және қолдануы, компьютердің және басқа жаңа ақпараттық технология құралдары көмегімен есептерді шешуі болып табылады. Ол ең алдымен оқушылардың практикалық дағдыға даярлығына, білім алуды жалғастыруына байланысты болып табылады.
Жоғарыда аталып өткендей, білім берудің «Информатика» саласындағы іргелі негіздердің басымдылығы мектеп курсы мазмұнының жаңа парадигмасының тұрақтандырылғанын көрсетеді: «ақпарат-алгоритм - ЭЕМ» үштіктен «ақпарат-ақпараттық процестер-ақпараттық технология» үштігіне біртіндеп ауысуы осының дәлелі.
Орта білім мемлекеттік стандарты «Информатика» курсының білім беру саласының әртүрлі аспектілерін, яғни

  • дүниетанымдық;

  • компьютерді пайдалану;

  • алгоритмдеу және программалау;

  • техникалық және мамандандырылған мамандыққа баулу курстарын қамтиды.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 7-11 сыныптарда информатиканың негізгі курсының басы информатиканың дүниетанымдық және компьютерді пайдаланушылар аспектісін қалыптастыра білуге дайындауға арналған. Негізгі курсты оқытуда басқару ісіндегі ақпараттың мәні, ақпараттық процестердің жалпы заңдылықтары және жүйелік-ақпараттық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, негізгі алгоритмдік құрылымдар, программалау тілдері, оны алгоритмдерді жазуда және қолданбалы есептерді шешуде қолдану жолдары, мүмкіндіктері жайлы мағлұматтар алады.
Бағдарлы курс оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнымен беріліп, оларға кәсіптік мамандыққа дейінгі дәрежеде білім береді.
Курс мазмұнында «Ақпараттық процестер, ақпаратты таныстыру» деп аталған бірегей желінің орнына екі бөлек дербес мазмұнды желілер, яғни ақпараттық процестер желісі және ақпаратты таныстыру желісі пайда болды.
Информатика бойынша стандарттың тағы бір есте қаларлық ерекшелігі – жалпы мектептік білім беру жүйесіндегі өзгерістердің жалпы тенденциясын сипаттайтындығында. Бұл жерде, информатика бойынша оқушылардың дайындық деңгейін бағалау әдісіне – белгілеу – шамалау – тәсілдік қолданатын жаңа декларация жайлы айтылып отыр. Бұл өзгерістер жалпы мектептік білім беру жүйесінде демократиялық, тұлғалық даму барысында маңызды орын алуы ықтимал.
Білім беру стандарттарын жасау – Отандық мектептердің даму жолындағы маңызды қадам. Стандартқа өту оқу үдерісіне, білім беру мекемелерінің қызметіне, мұғалімдердің жұмысына көп әсерін тигізеді. Сондықтан да жалпы білім мектептері үшін мемлекеттік стандартты жаңалау, жетілдіру – басқа да білім беру түрлеріне қойылатын талап тәрізді – «Білім беру» Заңына сәйкес маңызды мемлекеттік акция болып табылады. Сонымен қатар, стандарт жобасын жетілдіру және эксперименттік тексеру барысында-ақ ол мектеп бағдарламаларын, оқулықтарды, әдістемелік нұсқауларда дайындайтын авторларға, ал кейбір компоненттері оқыту мазмұнының міндетті минимумы ретінде, оқыту нәтижесіне қойылатын талап ретінде игілік болып табылады [24]. Қайталау бар сияқты? Соңғы екі параграфта да айтылған. Сосын Қазақстанды кейін қарағанымыз дұрыс болатын сиықты. Осылай көшіріп апарсақ??




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет