Бидайдыњ біртектілігін аныќтау


Жеміс пен көкөністердің қайта өңдеу өнімдері анализінің хроматографиялық әдістерін сипаттау



бет20/21
Дата29.03.2023
өлшемі455.5 Kb.
#471335
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
МУ на практ.занятие Экспорт

Сараптамалық жұмыс№15

Жеміс пен көкөністердің қайта өңдеу өнімдері анализінің хроматографиялық әдістерін сипаттау


Жұмыстың мақсаты- өсімдік өнімдерінің сапасын хроматографиялық әдістермен зерттеуді үйрену
Негізгі міндеттер:

  • Хроматографиялық әдістің түрлері

  • Тамақ өнімдерінің дәмі мен иісін анықтау тәсілдері

  • Сорбцияның түрлерін зерттеу

Хроматографиялық әдістер тамақ өнімдерінде болатын барлық дерлік компоненттерді анықтау үшін қолданылады және әсіресе тамақ өнімдеріндегі және олардың иісі мен дәмін анықтайтын анализденетін заттардың өте аз (микро- және нанограмдық) мөлшерін өлшеуде тиімді.
Хроматографиялық әдістер құрамы мен құрылымы жақын немесе ұқсас заттардың сорбенттермен сіңіруінде белгілі бір айырмашылығын анықтауға негізделген. Бұл қоспадағы жеке компоненттердің мөлшерін жылдам және анық анықтайтын заманауи әдіс компоненттерді концентрлейді және идентифицирлейді. Әдіс тамақ өнімдерін бақылауда, заттарды тазалауда, пестицидтерді табуды және т.б. кеңінен қолданылады.
Хроматографиялық әдісі физикалық-химиялық әдістердің қатарына жатады. Әдістің жетістігі қолдану қарапайымдылығы, іс жүзіндегі тиімділігі, талғамының жоғарылығы, сезімталдығы, дәлдігі, тез орындалуы, әмбебаптығы сияқты қасиеттері жиынтығында болса керек. Хроматография әдісімен көптекті заттардың кез келген агрегат күйдегі және кең концентрациялық диапозондағы қоспасын талдауға болады.
Хроматография әр түрлі объектілерді сандық және сапалық тұрғыдан талдауға, қосылыстың физикалық-химиялық қасиеттерін оқып-үйренуге кейбір реакциялардың кинетикасын зертеп білуге мүмкіндік береді. Тез жүргізілген - хроматографиялық талдаумен көптеген технологиялық процестер реттеледі.
Мұнымен қатар, хроматографияны қоспа құрамындағы керекті қосылысты таза күйінде бөліп алу үшін колданады. Заттарды хроматографиялық бөлу әдісі сорбциялық процестерге негізделген. Сорбция - сұйық не қатты сіңіргіштердің (сорбеттер мен эксфогенттермен) өзіне газды, буды, аэрозолъды, сұйықты, еріген затгы сіңіру процесі.
Бұған кері процесті десорбция (кері сорбция) деп атайды. Сорбция адсорбция фаза бетіндей сіңіру және абсорбция (фаза көлемінде сіңіру) процестерін қамтиды. Сорбцияны статистикалық және динамикалық жағдайда да жүргізуге болады. Статистикалық сорбция екі фазада салыстырмалы тыныштықта тұрған кезде басталып, сорбция заңы бойынша фазалар арасында заттың таралу тепе-теңдігі орнағанда аяқталады. Динамикалық сорбция қозғалыссыз фазаға қатысты қозғалатын фазаның тиісті бағытта орын ауыстыруы нәтижесінде кері сорбция процесі кезінде басталады. Динамикалық жағдайдағы қоспаның бөлінуі әсерлі өтеді. Сорбциялық құбылыс таралу тұрақтылығымен сипатталынады:
КD=C1:C2
мұндағы С1 мен С2, - қозғалмайтын және қозғалысты фазаларға сәйкес бір пішіндегі заттардың тепе-теңдік концентрациясы. Әр түрлі фазадағы заттар әр түрде болатындықтан, таралу коэффициентін қолданған жөн.
Хроматография тамақ өнімдерінің дәмі мен иісін анализдеудің әмбәбап инструментальдік әдістердің бірі. Наннан оның дәмі мен иісін түзуге қатысатын 211 қосылыс табылғаны, ал шарап құрамынан одан да көп қосылыс табылғаны белгілі.
Хроматография қозғалыста және қозғалмайтын фазадан тұрады; екі фаза арасында компоненттер тең таралады және қозғалмайтын фазада анализденетін ағынқозғалыста болады.
Сорбцияның 4 түрі белгілі:
абсорбция – сұйық фазамен немесе барлық көлеммен газдарды буды сіңіру;
-адсорбция – қатты немесе сұйық сорбент бетімен затты сіңіру;
-хемосорбция – химиялық қосылыс түзетін қатты немесе сұйық сорбентпен заттарды сіңіру;
-капиллярлы конденсация – заттардың буын сіңіру кезінде қатты сорбент кеуегінде және капиллярында сұйық фазаның түзіл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет