Сараптамалық жұмыс №6
Тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығын есептеу
Сабақтың мақсаты – тамақ өнімдерінің энергетикалық құндылығын есептеу жолымен анықтау.
Негізгі міндеттер:
Мысалы, 100 г тамақ өнімінің теориялық калориялығын анқтау үшін тағамдық заттардың калориялығын (1 г май 9 ккал, 1 г белок 4 ккал, 1 г көмірсу 3,75 ккал бөледі) сәйкес тағамдық заттардың пайыздық мөлшеріне (шикі затқа қайта есептегенде) көбейту керек. Алынған көбейтінділердің қосындысы 100 г тамақ өнімінің теориялық калориялығы болып табылады. 100 г өнімнің калориялығын біле отырып, оның кезкелген мөлшерінің (300г, 500 г, 1 кг және т.б.) калориялығын анықтауға болады. Мысалы көмірсулардың теориялық калориялығын біле отырып, оның нақты калориялығын анықтауға болады, ол үшін көмірсуладың теориялық калориялығын пайызбен өрнектелген сіңімділігіне (көмірсу үшін - 95,6%) көбейтіп, 100 -ге бөлу керек.
Мысалы. 1 стақан (200 г) сиыр сүтінің нақты калориялығын анықтау керек. Химиялық құрамы кестесі бойынша сиыр сүтінің орташа химиялық құрамын табамыз (%): май - 3,2; белок - 3,5; сүт қанты - 4,7; күлділігі - 0,7. Шешуі: 100 г сүттегі май калориялығы: ккал;
100 г сүттегі белок калориялығы: 45140 ккал; 100 г сүттегі көмірсулар калориялығы: 3,754,7176 ккал.
100 г сүттің теориялық калориялығы 60,4 ккал тең (28,8+14+17,6).
1 стақан (200 г) сүттің теориялық калориялығы 120,8 ккал тең (60,4 ккал2) 100 г сүттің нақты калориялығы 54,73 ккал тең
(28,8⋅94)/100 + (14⋅84 ,5)/100 + (17,6⋅95,6)/100 ) .
1 стақан (200 г) сүттің нақты калориялығы 109,46 ккал тең (54,732) Килокалорияны килоджоульге айналдыру үшін килокалория санын 4,9 (СИ жүйесі бойынша) көбейтеміз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Теориялық калориялық қалай есептеледі?
2. Нақты калориялықтың мәні неде?
3. Килокалориямен өрнектелген құндылықты килоджоульге қалай айналдырады?
Тапсырма: 4 кг аққауданды қырыққабат пен кг картоптың теориялық және нақты калориялығын табыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |