«Бидғаттарды жақтаушылардың ең айқын сипаттарынан – бұл олардың өзгеріп тұратындығы және құбылмалылығы, сондай-ақ өте сирек тәубе ететіндігі»



Дата09.06.2016
өлшемі83.12 Kb.
#123839
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!
Қырық жетінші ереже:
«Бидғаттарды жақтаушылардың ең айқын сипаттарынан – бұл олардың өзгеріп тұратындығы және құбылмалылығы, сондай-ақ өте сирек тәубе ететіндігі»

Аллаһ Тағала былай деді:



﴿ وَقَالَت طَّائِفَةٌ مِّنْ أَهْلِ الْكِتَابِ آمِنُواْ بِالَّذِيَ أُنزِلَ عَلَى الَّذِينَ آمَنُواْ وَجْهَ النَّهَارِ وَاكْفُرُواْ آخِرَهُ لَعَلَّهُمْ يَرْجِعُونَ ﴾

Кітап иелерінің бір тобы (өзара): «Мүміндерге түсірілген (Құранға) күндіздің алдында (таңертең) иман келтіріп, күндіздің соңында (кешке жақын) қарсы шығыңдар. Мүмкін, олар күдіктеніп, діндерінен қайтар», - десті” («Әли Имран» сүресі, 72-аят).

(Ол) сондай-ақ (былай деп айтты):

﴿ هُوَ الَّذِيَ أَنزَلَ عَلَيْكَ الْكِتَابَ مِنْهُ آيَاتٌ مُّحْكَمَاتٌ هُنَّ أُمُّ الْكِتَابِ وَأُخَرُ مُتَشَابِهَاتٌ فَأَمَّا الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِمْ زَيْغٌ فَيَتَّبِعُونَ مَا تَشَابَهَ مِنْهُ ابْتِغَاء الْفِتْنَةِ وَابْتِغَاء تَأْوِيلِهِ وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلاَّ اللَّهُ وَالرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ يَقُولُونَ آمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِّنْ عِندِ رَبِّنَا وَمَا يَذَّكَّرُ إِلاَّ أُوْلُواْ الأَلْبَابِ ﴾

Ол (Аллаһ) саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар - Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ ұқсас ұғымдағы аяттары да бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Олардың ұғымын Аллаһ қана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы Раббымыздан», - дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді” («Әли Имран» сүресі, 7-аят).

Абул-Фәраж әл-Хамдани Мәруазидің сөздерінен, ол (бір кісілердің) имам Ахмадтан Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, Аллаһ бидғатты жақтаушының алдынан тәубе (есіктерін) жауып қойды» (әт-Табарани «әл-Әусат», 4/281), - деген сөздері жайында сұрағанда, ол: «Бұл Аллаһ Тағала оны тәубе етуге бағыттамайды дегенді білдіреді», - деп айтқанын естігені туралы жеткізген.

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: ”Сондықтан да исламның имамдары, мысалы, Суфиян әс-Саури және басқалар: «Ақиқатында, бидғат Ібіліс үшін күнәлардан да сүйіктірек! Өйткені (адам) бидғат үшін тәубе етпейді, ал күнә үшін тәубе етеді», - деп айтатын. Өзіне дін ретінде Аллаһ Тағала мен Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) орнатпаған нәрсені алып алған бидғаттың жақтаушысы өзінің істеп жатқанын жақсы (іс) деп санайды, сондықтан да ол ешқашан тәубе етпейді. Өйткені кез-келген тәубе адамның өзі істеп жатқан ісінің жаман екенін түсінуінен басталады ғой. Ал егер адам өзінің шын мәнінде жаман болған істерін жақсы деп есептейтін болса, онда ол ешқашан тәубе етпейді” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/9).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Тура осы нәрсе ақиқатты біле тұра, оған ілесуден бас тартып, содан соң өзінің әуестігіне ілескен адамға да қатысты. Мұндай іс-амалдың надандық пен адасуды туғызатыны соншама – адамның жүрегі тіпті айқын ақиқатқа қатысты соқыр болып қалады. Аллаһ Тағала былай деді: «Сонда олар жолдан тайған кезде, Аллаһ олардың жүректерін тайдырған еді. Аллаһ бүзақы елді тура жолға салмайды» («әс-Сафф» сүресі, 5-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Олардың жүректерінде дерт бар. Аллаһ олардың дертін арттырсын(«әл-Бақара» сүресі, 10-аят). Әрі (былай деді): «Олар өздеріне бір муғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Аллаһтың атымен ұлы ант берді. (Мухаммад, оларға): «Мұғжизалар Аллаһтың қасында. Шынайы түрде оларға мұғжиза келсе де, сенбейтінін қайдан білесіңдер?», - де. Олардың көңілдерін, көздерін теріс бұрамыз, өйткені олар алғаш рет оған сенбеген еді, әрі оларды өздерінің заңсыздықтарында соқыр түрде сергелдең етіп қаңғыртып қоямыз» («әл-Әнғам» сүресі, 109-110 аяттар). Сондықтан да сәләфтар, нақты айтқанда Са‘ид ибн Жубәйр: «Игі амал үшін берілетін сый – оның ізінен ілесіп келетін игі амал болады. Ал жаман амал үшін берілетін жаза – оның ізінен ілесіп келетін жаман амал болып табылады», - дейтін.

Ибн Мәс‘удтың сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені хабарланады: «Сендер шындықты айтуларың керек, өйткені, ақиқатында, шындық ардың тазалығына алып келеді, ал ардың тазалығы Жәннатқа алып барады, әрі адам оны Аллаһтың алдында өте шыншыл деп жазып қоймайынша шындықты айтады, әрі шындыққа ұмтылады. Өтіріктен сақ болыңдар, өйткені, ақиқатында, ол күнәлі нәрселерге әкеп соқтырады, ал күнәлі (нәрселер) Отқа алып барады, әрі адам оны Аллаһтың алдында барып тұрған өтірікші деп жазып қоймайынша өтірік айтатын және өтірікке ұмтылатын болады» (әл-Бухари, 6094; Муслим, 2607).

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шыншылдық одан ардың тазалығы келіп шығатын негіз болып табылатындығын, ал өтірікшіліктен күнәһарлық келіп шығатындығын хабарлады» (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/10).

Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Кез-келген дұшпандықтың негізі жек көрушілік болып табылады, ал кез-келген достықтың негізі жақсы көру болып табылады. Сен Құран мен Сүннет мәтіндерін теріске шығаратындарда олардың сөздеріне қайшы келетін нәрселерге деген жек көрушілік болмауын таба алмайтының жалпыға мәлім. Олар осы аят мүлде түсірілмеген болуын, ал осы хадис мүлде жеткізілмеген болуын қалар еді. Олардың қолында мүмкіндік болғанда, олар Құраннан өздеріне ұнамайтын аяттарды мүлде өшіріп тастар еді. Кейбір сәләфтар: «Бидғат енгізген кез-келген адам міндетті түрде хадистің тәттілігін сезінуден айырылады», - дейтін” (Қз.: «Дар әт-Та‘аруд бәйна әл-Ақль уа ән-Нәқл», 5/217).

Шейхул-Ислам ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: “Кім Уахидан болған әлдебір нәрсеге жек көрушілік сезінсе, сол іс жүзінде өз жек көруінің дәрежесіне сәйкес өзінің бойында Аллаһ пен Оның Елшісіне деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дұшпандықты алып жүреді. Ал кім Уахидан болған әлдебір нәрсені жақсы көрсе, сол іс жүзінде өзінің Уахиға деген махаббатының дәрежесіне сәйкес өз бойында Аллаһ пен Оның Елшісіне деген (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) махаббатты алып жүреді. Өйткені дұшпандықтың негізі – жек көрушілік болғаны сиқты, достықтың да негізі – жақсы көру ғой.

Абдуллаһ ибн Мәс‘уд былай деген екен: «Сендерден ешкім өзі туралы Құраннан өзге ешкімнен сұрамасын. Егер адам Құранды жақсы көрсе, демек, ол Аллаһты жақсы көргені! Егер ол Құранды жек көрсе, демек, ол Аллаһты жек көргені!»” (Қз.: «әс-Сауа‘иқ әл-Мурсалә», 3/1042).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Егер бидғатшы өзінің бидғат істеп жатқанын білмесе, немесе мұны Сүннет деп ойласа, онда қалайша ол тәубе келтіруі мүмкін?! Ол басқаларды осы бидғатқа шақырады, әрі үндейді. Ал бұл күнә оған тек ол Сүннетті оқып-үйрене бастаған, одан жауап іздеген жағдайда ғана ашылуы мүмкін. Бірақ сен бидғатты жақтаушының тарапынан мұндайды ешқашан көре алмайсын!» (Қз.: «Мәдариж әс-Саликин», 1/374).

Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: «Олардың кейбіреулері Аллаһтың Сөзін (Тәуратты) естіп, мағынасын түсінген соң оны өзгерткен болса да, олардың сендерге сенетіндіктерін үміт етесіңдер ме(«әл-Бақара» сүресі, 75-аят).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: «Бидғатшылардың сипатына үнемі және тез өзгеріп тұру жатады. Олар бір қалыпта болмайды. Сен оны дінде, ғибадатта немесе ізгі іс-амалдар (жасауда) әлдебір халде көресің, ал содан соң оның сол мезетте-ақ соған қарама-қайшы нәрселерге бет бұрғанын көресің. Ол осыдан басқаны мүлде білмегендей! Олар басқа адамдардың барлығынан көбірек өз түсі мен кейіпін өзгертіп отырады» (Қз.: «Тариқ әл-Хижратайн», 602-бет).

Мұны Аллаһ Тағаланың мына сөздері растайды: «Ол (Аллаһ) саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Сондай-ақ ұқсас ұғымдағы аяттары да бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп, соңына түседі. Олардың ұғымын Аллаһ қана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Мұның барлығы Раббымыздан», - дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді» («Әли Имран» сүресі, 7-аят).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Дәл сондықтан да Аллаһ Тағала Аллаһтың айқын аяттары мен Оның тура басшылығынан болған әлдебір нәрселерді жасырғандардың тәубе етуі үшін шарт қойды. Мұндай адам оның тәубесі дұрыс (жарамды) болуы үшін, жасырып жүрген нәрсесін ашық түсіндіріп беруі қажет. Өйткені олардың күнәсі ақиқатты жасыруда болатын, сондықтан да тәубенің құрамында ақиқатты ашып көрсету болуы керек! Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Біз түсірген айқын аяттар мен дұрыс басшылықты Біз мұны Кітапта адамдарға түсіндіргенімізден кейін жасыратындарды Аллаһ лағынеттейді әрі лағынет етушілер де лағынеттейді, бірақ тәубе етіп, істегендерін түзеп, ақиқатты түсіндіргендер басқа. Мен олардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен – Тәубені Қабыл Етуші, Рахымдымын» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар). Ал бидғатшының күнәсы ақиқатты жасырушының күнәсынан жаманырақ! Өйткені ақиқатты жасырушы оны жасырумен ғана шектеледі, ал бидғатшы бұған қоса ақиқатқа қайшы келетін нәрсеге шақырады. Сондықтан да әрбір бидғатшы ақиқатты жасырушы болып табылады, бірақ ақиқатты жасырушының әрбірі бидғатшы бола бермейді” (Қз.: «Мәдариж әс-Саликин», 1/363).

Ибн ул-Каййим (Аллаһ оны рахым етсін) сондай-ақ былай деді: “Егер бидғатқа шақырушы тәубе етем деп шешсе, ол адамдарға өзінің шақырған нәрселері бидғат және адасушылық болғанын түсіндіруге тиіс. Ол адамдарға тура жол осы бидғатқа қарама-қайшы нәрседе екенін түсіндіріп беруі керек. Аллаһ Тағала ақиқатты жасырған Кітап иелерінің тәубе етулері үшін тура осындай шарт қойды. Олардың тәубелері дұрыс (жарамды) болып саналуы үшін, олар адамдарға өздерінің жасырған нәрселерін түсіндіріп беруге тиіс еді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ақиқатында, Біз түсірген айқын аяттар мен дұрыс басшылықты Біз мұны Кітапта адамдарға түсіндіргенімізден кейін жасыратындарды Аллаһ лағынеттейді, әрі лағынет етушілер де лағынеттейді, бірақ тәубе етіп, істегендерін түзеп, ақиқатты түсіндіргендер басқа. Мен олардың тәубелерін қабыл етемін, өйткені Мен – Тәубені Қабыл Етуші, Рахымдымын» («әл-Бақара» сүресі, 159-160 аяттар) (Қз.: «‘Уддат әс-Сабирин», 55-бет).



Шейхул-Ислам ибн Таймийя (Аллаһ оны рахым етсін) былай деді: «Бидғаттарды жақтаушының тәубе етуі мүмкін, өйткені Аллаһ Тағала адамды тура жолға салып, ақиқатқа жетелейді. Аллаһ кәпірлер мен екіжүзділерді, сондай-ақ бидғаттар мен адасушылықтардың көптеген жақтаушыларын тура жолға шығарды ғой. Бірақ бұл тек адам ақиқаттан білген нәрселеріне ілескен кезде ғана орын алады. Егер мұндай адам сенімді білімге негізделіп амал жасай бастаса, онда Аллаһ оған ол бұрын ие болмаған білімді береді. Аллаһ Тағала былай деді: «Ал тура жолға ілескендерге Аллаһ олардың туралықтарын арттыра түсіп, оларға тақуалық сыйлайды» («Мухаммад» сүресі, 17-аят). (Ол) сондай-ақ (былай деді): «Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине, бұл олар үшін қайырлы болып, оларды одан сайын күшейтер еді. Міне, сол кезде Біз оларға Өз жанымыздан ұлы сыйлық беріп, оларды тура жолға салар едік» («ән-Ниса» сүресі, 66-68 аяттар). Әрі (былай деп): «Әй, мүминдер! Аллаһтан қорқыңдар, әрі Оның Елшісіне иман келтіріңдер, әрі сол кезде Ол сендерге мәрхаметінен екі есе береді және сендерге сендер сонымен жүретін нұр сыйлайды, және сендерді жарылқайды. Аллаһ тым Жарылқаушы, ерекше Рахымды» («әл-Хадид» сүресі, 28-аят). (Ол) тағы да (былай деді): «Аллаһ – иман келтіргендердің қамқоршысы. Ол оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарады» («әл-Бақара» сүресі, 257-аят). Және былай деді: «Расында, сендерге Аллаһтан бір нұр (Мухаммад) және ашық бір Кітап (Құран) келді. Ол арқылы Аллаһ Оның ризалығын алуға ұмтылатындарды есендік жолдарына салады. Ол өз нұсқауымен оларды қараңғылықтардан жарыққа шығарып, тура жолға салады» («әл-Мәида» сүресі, 15-16 аяттар). Әрі бұл туралы куәліктер Құран мен Сүннетте өте көп!” (Қз.: «Мәжму‘ әл-Фатауа», 10/9).

Алынған дереккөз: АбдуЛлаһ ибн Салих әл-‘Убайләннің «Сәләфтардың тәрбие мен түзету мәселесіндегі мәнһажының айқын түсіндірмесі» кітабы (шейх Салих ибн Фаузан ибн ’АбдиЛләһ әл-Фаузанның ескертпелерімен), 47-ереже.

Араб тілінен орыс тіліне аударған: Арсен Абу Яхъя.

Қазақ тіліне орыс тілінен аударған: «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет