ХХ ғ. 30-40 жылдарындағы Қазақ АКСР-ң Одақтас республикаға айналу тарихын баяндаңыз.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика.
КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
«Болашақ» бағдарламасы және заманауи білім беру жүйесі.
Біздің елімізде білім беру жүйесін жаңғырту үш басты бағыт бойынша жүзеге асуда. Біріншісі, білім беру мекемелерін оңтайландыру; екіншісі, оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту; соңғысы, білім беру қызметтерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру. Болашақ – Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама.
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген.
1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді. Стипендиаттар санын арттыру қажеттілігі уақыт талабы болып отыр. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайларында мемлекет бəсекеге қабілетті экономика үлгісіне жəне Қазақстан үшін басымды индустриалды-инновациялық даму, білім жəне ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жəне басқа да салалардағы мамандарға қажеттілік ұдайы өсіп келе жатқан салалардың тұрақты өсуіне негізделген даму жолын таңдаған.
Билет 11
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары мен Қарқаралы петициясы. Қарқаралы петициясының негізгі талаптары.
ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстандағы мәдени құрылыстың негізгі бағыттары. Жоғары оқу орындар тарихы.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері.
Достарыңызбен бөлісу: |