Билет 29
Криптография негіздері
Хэш функциясын қалыптастырудың жалпыланған схемасын құрыңыз.
Хэштеу функциясы Нi = ЕMiHi-1 (Нi-1)Нi-1
Жауаптары
сұрақ
Криптология термині cryptos – құпия жəне logos – хабар деген ұғымдарды білдіретін грек сөздерінен шыққан.
Криптология екі бөлімге бөлінеді; криптография (шифрлау) жəне криптоанализ (криптоталдау).
Криптография басқа бөгде адамдардың (қарсыластың) хабарламаны ұрлауынан, өшіруінен, көруінен жəне т.б. өзгертулерден қорғау үшін хабарламаның түрленуін қарастырады.
Криптограф хабардың құпиялығын жəне нақтылығын сақтайтын əдістермен қамтамасыз етеді. Криптографиямен айналысатын адамды криптогроф деп атайды.
Криптоталдаушы шифрланған мəтінді құпиялы кілтсіз бұзып ашу əдістерін іздейді. Криптоталдаушы криптогрофқа шифрланған мəтінді құпиялы кілтсіз бұзып ашу əдістерін көрсетеді.
Ашық мəтін деп бастапқы берілген хабарламаны айтады. Криптографтың ашық мəтінге қолданылған амалынан кейінгі нəтижені шифрланған мəтін немесе криптограмма деп атаймыз.
Шифрлау деп шифр арқылы ашық мəтіннің шифрмəтінге айналу процесін айтады. Ашық мəтінді шифрлау үшін криптограф əрқашан құпия кілтін қолданады.
Бұзып ашылуына қарсы тұра алатын шифрдың қабілетін шифрдың мықтылығы немесе беріктілігі дейміз.
Кейбір алфавит арқылы құралатын мəтінді шифрлау мен шифрды ашудағы қатысты ақпарат ретінде қарастырамыз. Осы терминдер келісіммен түсіндіріледі.
Алфавит – ақпараттағы белгілерді кодтауға қолданылатын шектеулі жиын.
Мəтін – алфавит элементтерінің реттелген жиынтығы.
Криптожүйелер симметриялық жəне ассиметриялық (ашық кілтті) болып екіге бөлінеді [1-22]. Симметриялық криптожүйелерде шифрлауда жəне шифрды ашуда бір кілт қолданылады [2, 3, 7-9, 13, 16, 18, 21].
Ашық кілтті жүйелерде екі кілт қолданылады – ашық жəне жабық, олар бір-бірімен математикалық байланыста болады [1, 4-7, 10-14, 16, 17]. Ақпарат барлық тұтынушылар қолдана алатындай ашық кілт арқылы шифрланады, ал шифрды ашу тек қана қабылдаушы адамға белгілі жабық кілт арқылы орындалады.
2-сұрақ
Достарыңызбен бөлісу: |