Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты



бет9/38
Дата05.07.2023
өлшемі478.32 Kb.
#475541
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
3 Емтихан жауаптары 2

Билет №5
1.Халқымыздың бай ауыз әдебиеті арқылы ата-бабаларымыз қалдырған мұраларға сүйеніп, балдырғандардың еңбекке, өнер-білімге деген құлшынысын арттырып, салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын біліп өсуіне, рухани адамгершілік қасиеттерге баули аламыз. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін бала тәрбиесіне арқау етіп, өнеге көрсетудің маңызы зор.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде ауыз әдебиетіндегі өлең-жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақтар, шешендік сөздер, тиым сөздер, санамақтар әр тәрбиешінің жұмысында негізгі орын алуы тиіс. Осы салаларды балалардың жас ерекшеліктеріне қарай және оларды жалықтырып алмайтындай етіп, бойларына сіңіру әрі олардың тілдерін дамыту үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені, сәби жастан бастап балаларға ертегі тыңдатып, халық ауыз әдебиетімен сусындату келешек ұрпақтың ойының ұшқырлығына, тілінің байлылығына, сана – сезімінің өсіп дамуына көп әсерін тигізеді.
2. Білім берудің ақпараттық технологиялары жаратылыстану туралы білімді жалпылап, нақтылап, жүйелеп қана қоймай, оқушылардың осы пәнді оқуға деген ынтасын арттыратын оқыту жүйесін құруға көмектеседі.
Білім беру ақпараттық технологияларын қолданудың маңызды мақсаттары-оқушылардың ынтасын арттыру, оқу процесін автоматтандыру, оқушылардың шығармашылық ойларын дамыту.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы болжанып отыр:

  • Білім алушының тұлғасын дамыту, оны заманауи ақпараттық қоғам жағдайында өз бетінше өнімді іс-әрекетке дайындау: ойлауды дамыту, эстетикалық тәрбие, қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдау немесе нұсқаларды ұсыну білігін қалыптастыру, эксперименттік-зерттеу қызметін жүзеге асыру білігін дамыту.

  • Қазіргі қоғамның ақпараттандырылуына байланысты әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру.

  • Үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріндегі білім беру процесін қарқындату:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) мүмкіндіктерін іске асыру есебінен білім беру процесінің тиімділігі мен сапасын арттыру);

  • АКТ-ны пайдалана отырып, танымдық іс-әрекетті жандандыру;

  • АКТ пайдалану есебінен пәнаралық байланыстарды тереңдету;

  • Желілік технологияларды пайдалану негізінде ашық білім беру идеяларын іске асыру

  • Ресурстар: компьютермен, проектормен жабдықталған кабинеттің болуы, интернетке қолжетімділік [14.8].

3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының негізгі бағыты. Бұл Дүниетану пәнін негіздері циклінен алған білімдеріне сүйене отырып бастауыш сыныпта
Дүниетану пәнін оқытуға қажетті теориялық, әдістемелік білім мен білікті, педагогикалық шеберлікті үйрететін курс болып табылады. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің объектісі Дүниетану пәнін негіздері туралы теориялық білімді, яғни қоршаған орта, ондағы заттар мен денелер, құбылыстар мен үдерістер, қоғамдық қатынастарынан бастауыш сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай білім берудің әдістәсілдерін, формаларын және баланың жалпы құзыреттіліктерін қалыптастырып, жетілдірудің жолдарын меңгертетін курс болып табылады. Кіші жастағы оқушылар дүниені біртұтас күйінде қабылдайды, оның көріністерін биологиялық, физикалық, химиялық құбылыстарға бөлмейді. Дүниетану пәнін білімін интеграциялап оқытудың алғашқы кезеңінде табиғат құбылыстары туралы дұрыс, біртұтас түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, табиғат туралы ғылымдарды одан әрі саралай оқып үйренуге белгілі бір негіз қалайды. Оны оқып-үйрену барысында дүниенің материалдығы мен танымдылығын, құбылыстардың өзара байланысын, заңдылықтар мен эволюция идеяларын түсінуге қадам жасалады. Дүниетану пәнін оқыту баланың ақыл-ойын дамытуға бағытталған үлкен міндеттерді шешеді. Нақты обьектілер мен құбылыстарды оқыпүйрену кезінде оның бақылау қабілеті дамиды. Байқағыштық – заттар мен құбылыстарды саналы түрде қабылдай білу, олардың өзіне тән және ортақ белгілерін табу, белгілі заңдылықтарды байқау, оларды талдап қорытынды жасай білу қабілеті. Байқағыштық жүйелі жаттығулардың барысында біртіндеп дамиды. Мұның бәрі баланың ойлау қабілетін дамытуда, қоршаған ортаны танып білуінде маңызы зор. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады. Жаратылыс ғылымдары логикалық индукция және дедукция әдістеріне үйретеді, құбылыстардың мәніне терең бойлау дағдысын қалыптастырады.

. Билет №6



  1. Қазақтың халық педагогикасындағы аса бай мұра – батырлық жырлар. Батырлық жырларда ел қорғау, басқыншыларға қарсы күресу кезінде көрсеткен батырлардың ерліктері жырланады, батырлардың отбасына, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі – шынайы патриоттығы дәріптеледі, көбінесе бірегей ұлға зар болған қарт ата-аналардың арман-тілегі орындалады (Алпамыс, Қобыланды т.б.). Батырлық жырлар, көбінесе 7-8 буынды жыр тармақтарымен жырланады, кейде он бір буынды қара өлең ұйқасымен де жырланады. Жырда әсірелеу, суреттеу басым болады, жыр жедірме екпінімен жеңіл айтылады.

  2. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері. Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай – әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.

  3. практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттер, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану арқылы жүргізіледі.Бұл ерекшеліктер мектепте оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Мұндағы ерекше оқыту формаларын жүргізу әдістемесі осы пәнде қарастырылады.

Бұл пәннің мазмұны және өзіндік ерекшеліктері, оқытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Дүниетану сабақтарында табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі және өлі табиғат заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.Сондықтан да болашақ бастауыш мектеп мұғалімі “Дүниетану” пәніне қатысты барлық білімдер мен білік-дағдыларды толық меңгеруі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет