Билет №1 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты


Билет № 17 1. Әдебиеттік оқу сабақтарында ойын түрін қолданудың тиімділігі



бет24/38
Дата05.07.2023
өлшемі478.32 Kb.
#475541
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38
3 Емтихан жауаптары 2

Билет № 17


1. Әдебиеттік оқу сабақтарында ойын түрін қолданудың тиімділігі
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. 
Ойынның мақсаты – бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. 
Дидактакалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. 
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. 
Сабақтың ортасында - көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады,сабаққа ынтасын арттырады. 
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. 
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы: дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор.Ойынның түрлері көп.Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс.Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалу тиіс. 
Сабақта ойын түрлерін өткізу оқушылардың ой өрісін, тапқырлығын, жылдамдығын, сөздік қорын молайтуға әкеледі. 
Ойын – бұл қоғамдық тәсілді меңгеру мақсатында, ситуациялық жағдайда, бағытты түрде іскерлігін көрсететін, өзін-өзі басқаруын жетілдіретін іс-әрекет. Ұлы педагог В.А.Сухомолинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз,шығармашылықсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді. 
Ойын түрлерін сабақтың тақырыбына қарай мұғалім өзі таңдап алып, қолданып отырады. Ойын түрлері сабақты қызықты өткізуге, оқушылардың сабаққа ынтамен қатысуына өз бетімен жұмыс істеуіне, өздігінен қорытынды жасауына жол ашады. 
Ойын әрекеті оқу барсында төмендегідей қызметті атқарады: 
Қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Қазақ тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынандай түрлерге бөліп қарастырылады: 
1.Тапқырлық ойындар; 
2. Іздемдік ойындар
3. Рөлдік ойындар; 
4. Іскерлік ойындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет