22 билет
1. ХХ ғасырдың 40-жылдарының басында қазақ орта мектебі Латын әліпбиімен мына сияқты математика оқулықтары үшін кенестік білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес,
1. Ғ.Бегәліұлы, Ә.Сыдықұлы "Математійке сабағы". басылып шықты: Қызылорда, 1931.
2. Ғ.Бегәліұлы "Есеп сабағы". - Қызылорда, 1932. "Есеп құралы (Мәтемәтійка)". - Ташкент,
Бірінші кітаптың сыртында “Колхоз жастары мектебінің 1-оқу жылына, жеті жылдық мектептердің 5-оқу жылына және өз бетімен білім алушыларға арналған кітап" деп жазылған, яғни ол - әртүрлі оқу орындарында пайдалануға болатын әмбебап оқу құралы. Оның “Жазушылардан" деп аталған алғы сөзінде 5-сыныпта оқытылатын оқу материалына сипаттама берілген. "Бастама” атты бөлімнің "Қолданылатын құрал-саймандар” деген 1-параграфында математика сабағына керекті оқу құрал-жабдықтарының тізімі (19 дана) және “Құрал-саймандармен пайдалану реті” деген 2-параграфында оларды қолдану туралы әдістемелік нұсқаулар берілген. Көлемі 192 беттен тұратын осы оқулық 90 параграфқа бөлінген 12 бөлімді қамтиды. Соңына қосымша ретінде КСРО-нын халық шаруашылығына байланысты кестелер мен Диаграммалар (14 дана) түріндегі сандық мәліметтер, сондай- ак латын әріптерінің баспа және жазба түрлері, оқылулары енгізілген
А) Арифметикалық материал. Оқулықтың І бөлімі натурал сандар арифметикасын қайталауға және пысықтауға арналған. Мұнда пропедевтикалық дайындықты жүзеге асыруға көңіл бөлінген. ІІ және ІІІ бөлімдер бөлшек сандар арифметикасына арналған. Ондық бөлшектер қазіргі оқулықтардағы сияқты жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде олардан кейін емес, керісінше жай бөлшектерден бұрын енгізілген. Осыдан авторлардың бөлшектерді оқытудың реті туралы өзіндік әдістемелік пайымдаулары болғандығы байқалады. III бөлімде сандардың бөлінгіштігі мәселелері қарастырылады да жай бөлшек ұғымы енгізіледі және жай бөлшектерге амалдар қолдану оқытып-үйретіледі. Қазіргі оқыту жүйесінен айтарлықтай айырмашылық жоқ деуге болады. Ондық бөлшек ұғымы жай бөлшектен бұрын енгізілгендіктен, осы бөлімнің соңғы “Жай бөлшектер мен ондық бөлшектер” тақырыбында ондық бөлшектер жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде тағы да қарастырылады. Бөлшектерді оқып-үйрену мәселесі VIII бөлімде сандардың қатынасын табумен және проценттік есептеулер жүргізумен ұштастырылған. Ол үшін ең алдымен, "айырмалық салыстыру" және "еселік салыстыру" ұғымдары және осының негізінде “қатынас” ұғымы енгізіледі. Одан әрі әртүрлі мысалдар келтіру арқылы “қатынас” ұғымының мән-мағынасы ашылып, пропорциялардың белгісіз мүшелерін табу және проценттік қатынас мәселесі, санның процентін және проценті бойынша санды табу мәселелері қарастырылады. Келесі ІХ бөлім - алдыңғы бөлімнің жалғасы, ол пропор- циялар мен пропорционал шамаларды оқытуға арналған. "Пропорция" ұғымы өткен бөлімдегі қатынастар туралы білім негізінде, яғни екі қатынастың теңдігі ретінде енгізіледі де пропорцияның негізгі қасиеті, туынды пропорциялар, пропорцияның белгісіз мүшесін табу беріледі. Осыдан кейін функциялық тәуелділіктің ең қарапайым түрі болып табылатын пропорционалдық тәуелділік және пропорционал болумен байланысты есептер шығару қарастырылған. Бөлшектермен байланысты материалдан кейін қатынас- тарға, онын негізінде пропорцияға және сол арқылы пропорционал шамаларға көшу, соңында осы үш мәселе "Функциялық тәуелділік" ұғымына ұштасады. Бұл жоғары әдістемелік шеберліктің көрінісі болып табылады.
Ә) Алгебралық материал. Оқулықта алгебраны оқып- үйренумен байланысты пропедевтикалық дайындық жүзеге асады. Алгебраның теориялық мәселелері келтірілмейді, бірақ алгебраға негіз болатын ұғымдар (график сызу, өрнек, жүйелі түрде енгізіледі. Сол сияқты есептер шығарғанда, шамалар, тура және кері пропорционалдық және т.б.) тендеу, шамалардың арасындағы байланыс, пропорционал ондағы берілген шамалар мен ізделінді шама арасындағы тәуелділікті табу, амал компоненттерінің өзгеруіне сәйкес, амал нәтижесінің өзгеруін қарастыру ілгеріде функция ұжымын енгізуге дайындықтың нақты мысалдары болып табылады. Функциялық тәуелділік туралы қарапайым түсінік калыптастыру І бөлімнен басталады, оның 8-параграфы бір шаманың екінші шамаға тәуелді бола отырып өзгеруін көрнекі тәсілмен график сызу арқылы көрсетуге арналған. Тор көзді қағазға белгілі бір масштабпен өлшеніп салынған кесінділер бойынша график салуды, оны түсініп, оқи және зерттей білуді қалыптастырады. "Координаталар”, "координаталар жүйесі" деген терминдер айтылмайды, бірақ қазақ оқушысына таныс емес кейбір ұғымдардың мән- мағынасын ана тілінде дәл, әрі мазмұнды тұжырымдаған. Мәселен, олар "горизонталь ось" және "вертикаль ось" терминдерін сәйкесінше "көлденең шүлдік" және "тіке шүлдік" деп алған. Жалпы алғанда, алгебралық материал пропедевтикалық мақсатқа бағындырыла отырып, оқулықтың басынан аяғына дейін өзіндік әдістемелік ретпен орналастырылған. Б) Геометриялық материал. Оқулыққа геометриянын кейбір элементтері де енгізілген және оның да пропедевтика- лык максатка бағындырылғаны аңғарылады. Геометриялық материал окулықтың IV, V, VII және X бөлімдерінде берілген. Геометриялык материалдың мазмұнының қазіргі 5-сынып математикасына қарағанда әлдеқайда кең екендігі бірден байкалады. Олардың барлығын игеру ешқандай теоремалар мен дәлелдемелерсіз, практикалық іс-әрекеттер орындау арқылы жүзеге асырылады. Негізінен алғанда, геометриялық білімдерді практикалық жұмыстар арқылы игертуге баса мән беріледі және олар арнайы іріктеліп алынған геометриялық мазмұнды есептер жүйесін шығарумен бекітіліп отырады. Диаграммалар салумен байланысты материалға да кеп орын берілген. Олардың екі түрі, бағанды және дөнгелек диаграммалар қарастырылып, оларды салу, түсіну және арқылы игеріледі. Диаграммалар үшін сол кездегі кеңес оқи білу жұмыстары практикалық іс-әрекеттер орындау мектебінін алдына қойылған талаптарға сәйкес, социалистік құрылыстың сандық мәліметтері жан-жақты пайдаланылған. В) Шамалар және оларды өлшеу мәселелері оқулықтың басынан аяғына дейін арифметикалық, алгебралық және геометриялық материалды оқып-үйрену барысында олармен тығыз байланыста енгізілген. ІІ бөлімде метрлік өлшеуіштер жүйесімен таныстыру жүзеге асырылады және ол кесіндінін ұзындығын өлшеумен ұштастырылады, ондық бөлшек ұғымы шаманы өлшеудің нәтижесі ретінде енгізіледі, сондай-ақ, ескі орыс өлшеуіштерін метр өлшеуіштеріне айналдыру мәселесі қарастырылады. ІІІ бөлімде метрлік өлшеуіштер жай бөлшектер мен оларға амалдар қолдануды оқып-үйренумен байланыстырылып отырады. IV, V, VII және Х бөлімдерге бұрышты, ауданды және көлемді өлшеу мәселелері енгізілген. ХІІ бөлім тұтасымен жер бетінде жүргізілетін өлшеу жұмыстарына арналған. Бөлімнің "Өлшеулер" атты соңғы параграфында метрлік өлшеуіштер кестесі мен орыс өлшеулерін метрлік жүйеге ауыстыру кестесі берілген. Г) Есептер. Әрбір бөлімде теориялық мәселелерді бекіте түсу максатында "Жаттығулар" деген тақырыптармен практикалык тапсырмалар мен есептер келтірілген. Оқу құралына 795 жаттығу енгізілген, оның басынан аяғына дейін окушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны әртүрлі тұрмыстық жағдайларды қамтиды (мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; аймақтану; экономика; география және т.с.с.). - онда Оқулықтың негізгі ерекшеліктерінің бірі пайдаланылған математикалық терминдердің сипатында. Алғы сөзде атап көрсетілгендей, мемлекеттік білім кеңесі бекіткен терминдерден ауытқымауға тырысқан. Онда қазіргі күні пайдаланып жүрген терминдер молынан кездеседі. Сонымен қатар, қолданыстан шығып қалған атаулар да бар: "ортан сан", "шығасы сан", "өсінді", "ортақ ен үлкен бөлгіш сан", "ортақ ең кіші бөлінгіш сан", "өсіру", "кесе (параллелограмм), "қостабан", "еселік ара", "тең аралық", сызық", "тұстас бұрыштар", "төрткіл”, “үшкіл", "қыйықша" "құрылымдас шамалар" және т.с.с. Кейбір терминдер "диаграм", "дійөгнөл", "кәписент", "пірезме", "пурсент", өзгерістер жасау жолымен алынған. Мысалы, "математійке", оның интернационалдық атауларына фонетикалық "селендір" және т.б. Корыта айтқанда, оқулыққа жасалған мазмұндық- Әдістемелік талдаулар онда бастауыш сыныптар мен материалдардың арасындағы байланысты жүзеге асыруға қол ақ, арифметикалық, алгебралық және геометриялық орта мектеп математикасының сабақтастығын, сондай- жеткізуге мол әдістемелік жағдайлар мен мүмкіндіктердін туғызылғанын көрсетеді. Ғ.Бегәліұлының "Есеп сабағы" оқулығының көлемі 144 беттен тұрады. Алғы сөзінде оның “ересектер мектебінің 2-оқу жылына, кешкі колхоз жастары мектебінің төменгі бөлімдеріне арналғандығы" және "бастауыш мектептің 4-жылдарында да пайдалануға болады деп ұйғарылғандығы" атап көрсетілген. Оқулық 9 бөлімге бөлінген 65 тақырыптан тұрады. Мазмұны бойынша оның сол кезеңдегі математиканы оқытуды өмірмен, күнделікті тұрмыспен жанастыру талабына негізделіп жазылған [76]. Алғашқы тақырыптар натурал сандар арифметикасын кайталауға және пысықтауға арналған. Сонымен қатар онда бөлшек сандар арифметикасы материалдарына, процентке, Диаграммалар салуға, геометриялық материалға, шамаларға және оларды өлшеу мәселелері қарастырылған. Соңында стереометриялық материал (призма, параллелепипед, шар және т.б.) бар. Әр тақырыптан кейін комплекс тақырыптары бойынша жаттығулар ұсынылып отыр. Бұл оқулықтың негізгі ерекшелігі, ол математиканы оқытуды өмірмен, күнделікті тұрмыспен жанастыру талаптарын жан-жақты ескеріп, комплекс оқу бағдарламасына сәйкестендіріліп жазылған. Онда Математикалық материалдар комплекс тақырыптарының ішінде кездесіп отырады және социалистік тұрмыс-салтқа сәйкес, колхоз-совхоздардағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, өнеркәсіпке байланысты есептерді шығаруға оқытып-үйретуге ерекше көңіл бөлінген.
2. 11 жылдық мектепке арналған жалпы орта білім беруді стандарттауды отандық мектептерді құру тарихына қойылған максаттар мен іске асырылған әлеуметтік-педагогикалык 1992-1996жж., міндеттерді ескере отырып төрт кезеңге - 1997-1998жж., 1999-2002жж., 2003-2016жж. бөлуге болады. Осы кезеңнің әрқайсысында өлеуметтік жағдайлардың даму динамикасы білім беру жүйесі, педагогика ғылымы үшін жалпыға міндетті білім беру стандарты қалай болу керектігі туралы теориялық ойлау деңгейі туралы міндеттерді шешу жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, төмендегідей мәселелер: білім беру жүйесін жаңартуда тұжырымдамалық база жасау; білім беру жүйесін ұйымдастыруда нұсқау құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру; - жана буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу; - оқыту әдістемелерін жетілдіре отырып, оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесіне енгізу қарастырылған. Жалпы орта білім беру стандарттарының, оның ішінде пән стандарттарының отандық мектептердегі даму тарихы 1998, 2001, 2002, 2012 жылдарда әзірленіп, толықтырылып оку процесіне енгізілуімен айқындалды және олардың құрылымы мен мазмұнының өзіндік ерекшеліктері болды. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің 1998 жылдың 21 тамызындағы No456 бұйрығымен бекітілген қазақ және орыс тілдерінде окы- татын мектептерге арналған бастауыш білім берудің мемле- кеттік стандарты және орта білім берудің оқу пәндері бойынша стандарты Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында дайындалды. Базистік оқу жоспары (БОЖ) екі бөліктен тұрды - мектеп (вариативтік компонент) және базалык (инварианттық компонент [96]. Осы стандарттар негізінде оқу бағдарламалары, орта мектептің бастауыш буынына окулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін әзірлеу жүзеге асырылды. Математикадан бастауыш сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтары мен оқу кешендері Б.М. Косанов, Ж.Т.Кайынбаев және т.б. авторлығымен әзірленіп, 1997/1998 оқу жылдарынан бастап оқу процесіне енгізілді. Дегенмен, бұл стандарттар мен оның негізінде кемшіліктер көрсетіліп, министрлік олардың күшін жойған қауым мен мектеп мұғалімдері, ата-аналар тарапынан әзірленген оқу бағдарламалары бойынша педагогикалық еді. Мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеу және оларды оқу процесіне енгізу аясында 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің "Математика және физиканы оқыту әдістемесі" кафедрасы базасында республиканың ғалым-математиктері, әдіскерлер, мектеп мұғалімдері мектеп пен жоғары оқу орындарында математикалық білім беруді стандарттау мәселелерін талқылаудан өткізді. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е.Әбілқасымова, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор В.П.Добрица, физика- математика ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Б.Шалбаев, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж.Бекпатшаевтың жетекшілігімен "Проблемы стандартизации математического образования" ғылыми еңбектер жинағы (Алматы: АГУ, 1999. – 89с.) шықты. Жинақта математикалық білім беруді стандарттау аспектілері, оның құраушы компоненттері, әдістемелік тұрғыдан жетілдіру жолдары және тұжырымдамалық тәсілдері ұсынылды [97]. Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Жалпы білім беру институтының директоры А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен Алматы қаласында 2000 жылы 18-19 мамыр күндері "Мектептегі білім берудің сапасы: қазіргі жағдайы, даму үрдісі және болашағы" атты халықаралық ғылыми- практикалык конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Конференция жұмысына Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылым докторлары мен кандидаттары, педагогтар, әдіскерлер, ғылыми қызметкерлер, оқу орындарының басшылары, білім беруді басқару органдарының өкілдері және шетелдік ғалым-әдіскерлер катысты.
Одан әрі 2001 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы Жалпы білім беру институтының директоры А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2001 жылдың 30 мамырындагы No4104 "Орта білім беруді стандарттау негізгі ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілді. Бұл стандартта бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудіц базалык Мазмұны корсетілді. Базистік оқу жоспары білім берудің Мемлекеттік және мектеп компоненттерінен тұрды. Жалпы білім беретін бастауыш, негізгі, орта мектептердің мектеп компонентіне таңдау бойынша пәндер, факультативтік оқыту тандау курстары есебінен іске асырылды. Сонымен курстар, сыныптан тыс сабақтар қарастырылып, терендетіп қатар, тұңғыш рет жаңа “Жаратылыстану” пәні 5-сыныптан енгізілді [99]. Р.М.Жұмабекова заманауи кезеңде жалпы орта білім берудің 2002 жылы академик Т.С.Садықов, А.Е.Әбілқасымова, максаттары мен мәніне, қазіргі заманғы мектептегі білім беру процесінін ерекшеліктеріне талдаулар жасай отырып "Разви- (Алматы: НИЦ "Ғылым", 2002. - 220с.) жарыққа шығарды. тие системы среднего общего образования" монографиясын Еңбекте жалпы орта білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы дамуының негізгі үрдістері қарастырылды. Заманауи білім беру саясатының негізгі бағдарларының бірі - білім беру сапасы. Білім беру сапасы мемлекеттік деңгейде ғана емес, нақты білім беру ұйымдарының деңгейін бағалау нысаны. Қазақстанда жалпы орта білімді дамытудың ерекше үрдістері мектепте оқу мерзімінің ұлғаюы, жоғары сыныптарда міндетті бейіндік оқытуды (жаратылыстану- Математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды) енгізу мәселелері көрсетілді[100]. Кейін 2001 жылы бекітілген мемлекеттік жалпыга мін- детті білім беру стандартына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, "Негізгі ережелері" ҚР Білім және ғылым министрінің 2002 жылдың 24 қыркүйегіндегі No693 бұйрығымен бекітілді. 10-11 сыныптарда бейіндік оқыту қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары болып бөлінді [101]. Жалпы білім беретін мектеп реформасының қайсысы болмасын, оның мүлтіксіз жүзеге асырылуы оқу үрдісінің өзіндік озық үлгісі болып табылатын сапалы оқулыққа тіке- лей байланысты екендігі белгілі. Сонымен қатар, оқулық оқытудың мазмұнын ғана емес, жұмыстың әдістемелік тәсіл- дерін, жалпы бағытын және мұғалім мен оқушының жұмысын аныктап отыратын құрал екендігін атап кеткеніміз жөн.
2011 жылдың 24 қазанында ҚР "Білім туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті А.Е.Әбілқасымованың жетекшілігімен Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМБС 1.4002-2012) әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 23 тамызындағы No1080 қаулысымен бекітілді (бұл елімізде тұңғыш рет Үкімет қаулысымен бекітілген оқу-нормативтік құжат еді) [108]. ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес стандартта орта білім берудің барлық үш деңгейіне негізгі ережелер мен білім беру мазмұнына қойылатын талаптар толықтай берілген; білімге бағытталудан оқытудың іс-әркеттік тәсіліне көшу максатында пәндік нәтижелермен бірге жүйелік іс-әрекеттер мен тұлғалық нәтижелер көрсетілген; білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатында оның мазмұндық және құрылымдық сипаттамаларына айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Стандартта “Шетел (ағылшын) тілі" 1-сыныптан; “Информатика” 5-6-сыныптан; "Адам. Қоғам. Құқық” пәні 9-11-сыныптарда енгізілді. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары (12 YОЖ) деңгейлік, тілдік және бейіндік оқытуға арналып әзірленіп, ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы No500 бұйрығымен бекітілді. Осыған орай, 2011 жылдың мамыр айында өткен ҚР Математика мұғалімдерінің I съезі жұмысының іс-шаралар жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында 5-6 сыныптарда "Математика" пәнінен және 7-9 сыныптарда "Алгебра", 10- 11 сыныптардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы "Алгебра және анализ бастамалары" пәндерінен апталық оқу жүктемесі 1 сағатқа арттырылды.
3. Есеп
Достарыңызбен бөлісу: |