Билет билет билет



бет16/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Билеты МОӘТ-2

21 билет


21 билет


  1. Авторлар ұжымы (Ә. Қасенұлы, т.б.) жазған " Есеп құрплдары"

ХХ ғасырдың 20-шы жылдарының соңына қарай казак бастауыш мектептері үшін математикадан кеңестік сипаттағы жаңа оқулықтарды дайындау ісі қызу қолға алына бастады. Олардың жедел түрде жазылып, жарық көруіне біздің ойымызша, сол кезеңде орын алған төмендегідей жағдайлар себеп болды. 20-шы жылдардың соңында Қазақстанда Алаш қайрат- керлерінқудалау беленалып, олардың еңбектерін насихаттауға және пайдалануға тыйым салынды. Осы кезеңде партияның Орталық комитетінің мектеп туралы жаңа құжаттары, оның ішінде Кеңес Одағындағы барлык мектептердегі оқыту ісін біртіндеп бірынгай оку бағдарламаларына көшіру туралы шешімдер қабылданды. Оның үстіне Қазақстанда 1912 жылдан бастап қолданылып келген араб графикасы негізіндегі әліпби алынып тасталып, оның орнына 1929 жылы латын әліпбиі енгізілді. Осы сиякты жағдайлар қазақ бастауыш мектебі үшiн жана окулыктарды дайындауға ықпал етті.


ХХ ғасырдың 30-жылдары бастауыш қазақ мектебіне арналып жазылып, оқу үдерісіне енгізілген оқулықтар болды.
1930-ыншы жылдардың басында бұрынғы оқулық авторларын Алашордашылар ретінде қудалау және олардың оқулықтарын мектеп тәжірибесінде пайдалануға тыйым салу қолға алына бастады.Дәл осы кезеңде «Есеп құралы» деген атаумен қазақ мектебіне арналып жазылған тағы да басқа көптеген төл оқулықтар жарық көрді. Олар бастауыш мектептің 1-3-cыныптарына арналған авторлар ұжымы жазған төмендегідей математика оқулықтары еді:
1. Ә.Қасенұлы, С.Баймырзаулы, А.Жаманулы, Ш.Рақыметұлы I жылдык есеп құралы. - "Қазақстан” баспасы, 1932 [72].
2. Ш.Рақыметұлы, С.Баймырзаұлы, Ә.Қасенұлы, А.Жаманұлы Есеп құралы. Бастауыш мектептің II бөліміне арналған. - "Қазақстан" баспасы, 1932 [73].
3. А.Жаманұлы, Ш.Рақыметұлы, А.Қасенұлы. І басқыш мектептің III бөліміне арналған есеп құралы. - "Қазақстан" баспасы, 1932 [74].
Бұл оқулықтарды жазуға қатысқан авторлардың бірі С.Баймырзаұлы - Абай атындағы ҚазПИ-дің 1931 жылғы алғашқы түлегі. Қалған авторлар туралы мәліметтер сақталмаған, олар жөнінде нақты деректер жоқ.
Оқулықтардағы тақырып атауларынан оларда камтылған математикалық білім мазмұны қазіргі бастауыш мектеп оқулықтарына қарағанда әлдеқайда кең екендігін байқаймыз. Оның негізі теріс емес бүтін сандар арифметикасы болып табылады. Сонымен қатар, арифметикалық материал негізінде және оны толықтыру мақсатымен басқа да математикалык материалдар енгізілген. Атап айтқанда, пропедевтикалық мақсатта бөлшек сандар арифметикасының, геометрия мен алгебраның элементтері, проценттік есептеулер, шамалар және оларды өлшеу мәселелері қамтылған.
Оқулықтарда жаттығулардың ерекше түрі ретінде есептерге және оларды шығару мәселесіне мән берілген. 1-сыныптың басында, негізінен алғанда, нақты суреттер арқылы әрекет-есептер шығару қарастырылған. Одан кейін біртіндеп суретке сәйкес, “Ойлап есеп шығарыңдар” деген тапсырмалар ұсынылып отырады да "20-ның ішіндегі қосу мен азайту" тақырыбынан бастап, есептер беріле бастайды. Оқулықтарда есептер жаңа ұғымды немесе амалды орындауды қалыптастырудың құралы ретінде қолданылады, есептер жана ұғымды меңгерту немесе оны бекіту мақсатында мысалдардан кейін және тақырып соңында беріледі.Сонымен қатар, олар өткен материалды пысықтаудың, тарауларды оқып-үйренудің қорытынды нәтижесін анықтаудың құралы ретінде де қолданылады.
Есептердің тақырып аясы өте кең және оларды құрастыруда авторлар сол кездегі қазақ халқының өмірі мен тұрмыс жағдайын ескеріп отырған. Тағы бір ерекшелік, есептер комплекстік оқыту жүйесінің тақырыптары бойынша берілмеген. Шынында да, осы кезеңде кеңес педагогикасында комплекстік оқыту жүйесі қатаң сынға алынып, одан бас тарту керектігі көтеріле бастаған болатын. Бұл авторлардың өз заманындағы озық әдістемелік идеяларды басшылыққа алғанын аңғартса керек. Есептердің мазмұны бала немесе мектеп өміріндегі оқиғаларға сәйкес болып келеді. Есептердің мазмұнын шама келгенінше дәл сол есеп қарастырылатын кездегі жыл мезгіліне байланыстырылып отырганы байқалады.
Окулыктарда ауыл тұрмысы мен шаруашылығына негізделген есептер ой-өрісін кеңейту мақсатымен қала тұрмысына, Өнеркәсiп де көптеп кездеседі. Дегенмен, қазақ баласының танымдык істеріне қатысы бар есептер де ішінара кездеседі. Тағы бір ерекшелік, оқулықтарға сол кездегі қоғамдык жагдайга бейімделген саяси және атеистік мазмұндағы есептер де енгізілген, алайда Қазақстанның аймақтық, географиялык және т.б. ерекшеліктері қамтылған есептер өте аз.
Сонымен, бұл оқулықтардың келесідегідей жалпы ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
- оқулықтардың үшеуі де латын графикасымен жазылған еді;
- оқулықтарды бірнеше авторлар дайындаған;
- қамтылған білім мазмұны бастауыш мектептің қазіргі математика оқулықтарына қарағанда әлдеқайда кең;
- бүгінгі күні қолданыстан шығып қалған математикалық терминдер жиі кездеседі;
-материалды жүйелі түрде әдістемелік ретпен орналастыруға күш салынған;
-оқулықтарда сол кездегі әдістемелік-математикалық ғылымның талаптарына сәйкес, арифметикалық материал ғана емес, "Шамалар және оларды өлшеу мәселелері”, "Геометрия мен алгебраның кейбір элементтері" де қамтылған;
- кейбір ережелер қысқаша тұжырымдалып, олар ерекшеленіп беріліп отырады;
-бастауыш мектеп оқушысына түсінікті болу жағы ескерілген, есептер қысқа, дәл және анык тұжырымдалған;
- ауызша және шот қағып есептеулерге арналған арнайы тақырыптар енгiзiлген;
- көрнекіліктерді, сызба-иллюстрацияларды, кестелерді, т.б. пайдалануға мән берілген;
- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуды көздейтін жаттығулар енгізілген.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет