Билет билет билет


-секция. "Мектепте математикалық білім беруді дамытудың жайы, мәселелері және келешегі". 2-секция



бет18/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Билеты МОӘТ-2

1-секция. "Мектепте математикалық білім беруді дамытудың жайы, мәселелері және келешегі". 2-секция. "Мектепте математикадан бiлiм беру жүйесін оқу-нормативтік және әдістемелік камтамасыз ету мәселелері”.
3-секция. “ҚР білім беру ұйымдарында математиканы тереңдетіп оқытудың ерекшеліктері”.
4-секция. “Болашақ математика мұғалімдерінің кәсіби- педагогикалық дайындығы”.

- Бірінші мәселе – өткен 20 жылда орта мектепте математиканы оқытудың сағат саны екі есе қысқарғандығы. Соңғы жылдарғы зерттеу көрсеткендей, математика пәні сағатының 1 сағатқа қысқаруы басқа пәндерден үлгерімнің 10-25% төмендеуіне алып келгендігі айқындалған. Жалпы әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде математика пәнінен аудиториялық жүктеме біздің елмен салыстырғанда анағұрлым жоғары екендігі байқалған. Мысалы, бастауыш мектепті алатын болсақ, математика пәнінің жалпы аудиториялық жүктемесінің үлесі Ұлыбританияда - 23%, Францияда -20%, біздің елде-17%, негізгі мектепте жағдай ұқсас Ұлыбританияда -13%, Францияда -15%, Қазақстанда - 11%.


Екінші мәселе көтеріп жүрген көптеген ғалымдар мен мұғалімдер карапайым жиындар-теориясының ұғымдары мен белгілеулерін мектеп бағдарламасына қайтару. Мектеп бағдарламасына математикалық анализ бастамаларын енгізу туралы да, сонын ішінде мектепте және жоғары оқу орындарында қайталанатын "Туынды", “Интеграл” тақырыптарын оқыту туралы пікірталастар жүруде. Бұл мәселелерді жүйелі шешу жаңартылған мазмұнды білім беруге көшкенде, яғни оқытылатын мәселелердің бөлімдері жоғары оку орындарынан мектепке берілетін болады. Бірақ мiндетті түрде "Материал мазмұнының қисынсыз күрделілігі және шамадан тыс көлемі көптеген оқушылардың оқытылып жатқандарына түсінбеушілігіне, олардың өз қабілеттеріне сенбеуiне алып келеді" қағидасын сақтау керек. Ең басты математика пәніне оқушылардың қызығушылығын жоғалтпау керек, бұл нағыз мамандықтардың кең спектрлеріне еліміздің инновациялық, ғылыми, технологиялық дамуының негізі болып табылады.
Үшінші мәселе – мектепте “Ықтималдық теориясы және статистика элементтері” тақырыбы өте нашар деңгейде оқытылатыны жайлы. Әлі күнге дейін бұл тақырыпта сәйкесінше оқу-әдістемелік әдебиеттер жоқ. Қолданыстағы оқулықтарда бұл тақырып қателіктерге толы болып отыр. Нәтижесінде Қазақстанда бұл салада мамандар жетіспейтіндігі айтылды.
Төртінші мәселе – оқулық сапасы. Оған педагогикалық қауым мен мектеп мұғалімдері тарапынан елеулі ескертулер болды. Соның ішінде - математикалық қателердің жіберілуі; материалдардың оқу бағдарламасынан алшақтығы, күрделілігі және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келмеуі; жаттығулар мен күрделі тест тапсырмаларындағы өрескел кемшіліктер және олардың жауаптарының болмауы; кейбір тапсырмалардың жауаптарының олардың шарттарына сәйкес келмейтіндігі және т.с.с. Сонымен қатар, математика оқулықтарының қазақ тіліне сәтсіз аударылғанынан көптеген терминдер мағынасын жоғалтатындығы және соның салдарынан оқушылардың ұғымдық аппараттарының кате калыптасындығы басым атап көрсетілді. Осыған орай мемлекеттік тілде бірыңғай математикалық терминология қажеттігі алға тартылды.
Бесінші мәселе - Қазақстанның жоғары оқу орындарында мұғалімдерді оқу-әдістемелік және пәндік даярлау сапасы, жоғары педагогикалық білім берудің стандарттары туралы. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы жоғарғы математика курсының негізгі бөлімі-математикалық анализ. Бұл студенттер үшін ең қиындық туғызатан бөлімдердің бірі, ал осы белім бойынша оқу үлгерімі төмен болып отырғаны айтылды. Мектеп математикалық анализ курсы мен педагогикалық жоғары оқу орындары математикалык анализ курсының сабақтастығының төмен екендiгi және осы бағытта елеулі жұмыстар жүргізілу қажеттігінің туып отырғаны мұғалімдер тарапынан ұсынылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет