Орта дәрежелі техникалық оқу орындарына арналған алғашқы математика оқулығы
ХХ ғасырдың 30-жылдары қарсаңында Қазақстанда орта дәрежелі әртүрлі оқу орындары ашылып, жұмыс істей бастады. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығы техникумдары еді (Семей, 1921ж.; Ташкент, 1921ж. Ақмола, 1923ж.; Орал, 1924ж.; Төрткөл, 1924ж.; Шымкент, 1925ж.; Алматы, 1925ж.). Бұл оқу орындарында математика пәнін оқытуға арналып жазылған математика оқулықтарының бірі Зекен Қысатайулының “Есеп құралы” (140 бет) 1933 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Окулык алты бөлімнен тұрады. І бөлім мынадай тақырыптарға бөлінген: "1. Бүтін сандар ішінде төрт амал. 2. Қалаған үлкен сандармен төрт амал. 3. Қоршаулар. 4. Метр өлшеуіштері. Деректі сандардың амалдары” . Аттарынан көрініп отырғанындай, алғашқы екі тақырыпта көп таңбалы сандар арифметикасы баяндалған. 3-тақырыпта оқушыларды жақшалардың түрлерімен таныстыру жүзеге асырылады. Мұнда жақшаны жай қоршау, квадрат жақшаны тік қоршау, ал фигуралы жақшаны буынды қоршау деп алған. Бұдан кейін амалдарды орындаудың рет-тәртібі түсіндіріліп, күрделі өрнектердің мәнін табумен байланысты мысалдарды шығаруға көңіл бөлінеді. 4-тақырыптың басында оқушыларға метрлік өлшеулер жүйесі туралы терең мағлұмат беруге тырысқан, бұрынғы пұт, қадақ, мыскал сияқты ескі өлшем бірліктері туралы айтылып: "Казір олардың орнына тонна, сентiнер, кійләгірәм, гірәм деген сияқты таза өлшеуіштер шыкты", - деп атап көрсетеді . "Грамм" ұғымын анықтаумен байланысты баяндаулар да кызыкты. Соңында деректі сандарға амалдар қолдану мәселесі талдауға алынады да мысалдар мен есептер шығару ұсынылады. I белім келесі тақырыптардан тұрады: 1. Түзу сызық, оның кесінділерін қосу, алу; 2. Дійагырам, гірәпік; 3. Тікше; 4. Тік бұрыш. Геометрия мәселелеріне арналған болiмнiн максаты оқушыларда сызу және өлшеу аспаптарының көмегімен және оларсыз өлшеудiң және қарапайым геометриялык фигураларды салудын тәжірибелік біліктерін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, тік төртбұрыш, тiк, догал және сүйір бұрыштар, перпедикуляр түзу, фигураның ауданы туралы қарапайым түсініктер беріледі. Мұнда геометриялық ұғымдарға анықтамалар берiлмейдi, оларды тәжірибелік жаттығулар арқылы игерту қарастырылады. "Ондық бөлшектер" деп аталатын III блiмде алдымен белшек сан туралы түсінік қалыптастыру оны "бүтіннің бөлімтіктері” ретінде қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Бөлшектердің жазылу мен окылу тәртібі түсіндірілгеннен кейін, бөлімдері 10, 100, 1 000, т.с.с. болатын бөлшектер жеке карастырылып, олардың ондық бөлшектер деп аталатындығы айтылады, яғни ондық бөлшектер жай бөлшектің дербес жағдайы ретінде енгізіледі. Ондық бөлшектер туралы материал төмендегідей тақырыптарға бөлінген: "1. Ондық бөлшектің қосуы мен алуы. 2. Ондық бөлшекті 10, 100, 1 000, 10 000, т.с.с. есе өсіріп, кемітудің жолы. 3. Ондық бөлшектің көбейтуі. 4. Бөлшекке көбейтіп, санның бөлігін табу жолы. 5. Ондық бөлшектің бөлуі. 6.Ондық бөлшектің төрт амалына мәселе мен мысалдар”. Мұндағы бір ерекшелік, ондық бөлшекті 10, 100, 1 000, т.с.с. сандарға көбейту мен белу туралы мәселе ондық бөлшектерді көбейту мен белудің дербес жағдайы ретінде одан кейiн емес, бұрын өтіледі. Көбейту мен белуді орындап жатпай-ақ, "үтірді оңға қарай немесе солға қарай жылжыту" ережесін қолдану басшылыққа алынады. Сонымен қатар, автор ондық бөлшектерді көбейтуді және бөлуді екі түрлі жағдайға бөліп қарастырады: 1) ондык белшекті бүтін санға көбейту және белу; 2) ондық бөлшекті ондық бөлшекке көбейту және белу. Осы сиякты ондық бөлшекті бүтін санға белу мәселесі екі жағдайға жіктеліп оқытып-үйретіледі. Келесi ретте 337,2:0,6 мысалымен шығарылатын есеп ұсынылып, ондық бөлшекті оке бөлудің тәсілі түсiндiрiледi. Әрі қарай ескерту ретінде бөлудің мұнан да баска жағдайлары болатындығы атап көрсетіледі. Бұдан кейiн кейде бөлу барысында шектеусіз ондық бөлшектер шыгатындығы айтылып, оларды дөңгелектеу ережелері келтіріледі. Соңғы тақырыпта мысалдар мен тақырыптар топтастырылып ұсынылған. Мұнда "есеп" ұғымы "мәселе" терминімен берілген. "Пыросент туралы" атты IV бөлімде алдымен күнделiктi тұрмыстан мысалдар келтіре отырып, процент ұғымының мән-мағынасы ашылады, онын танбасы көрсетіледі. Әрі қарай проценттік есептеулердің негізгі үш түрі қарастырылады және ол былай деп аталган: "1) Саннын пыросентін табу; 2) Санның бөлегін пыросентке шағу; 3) Бөлегі мен пыросентi арқылы санның өзін табу". Проценттік есептеулердің бұл түрлері сәйкесінше үш есепті қарастыру және оларды шығарып көрсету арқылы жүзеге асырылады. "Жәй бөлшектер" деп аталған V бөлімде көлемді материал қамтылған және 9 тарауға бөлінген: 1. Дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшек. Аралас сан. 2. Бөлшекті қысқарту. 3. Жәй сан мен құрама сан. 4. Сандардың беліну белгілері. 5. Сандарды жіктеу. 6. Бөлшектерді салыстыру. 7. Жәй бөлшектердің қосуы мен алуы. 8. Жәй бөлшектердің көбейтуі. 9. Жәй бөлшектердің бөлуі . Бөлімнің соңындағы “Пысықтау үшін әр түрлі есептер" тақырыбында көптеген есептер мен мысалдар шығару ұсынылған. Соңғы VI бөлім геометрияға арналған және үш тарауға бөлінген: І. "Кыйықша мен ушкіл. Аудан өлшеуі". II. "Текше мен сандықша". III. "Шеңбер, дөңгелек жана селендір". I тарау мынадай тақырыптардан тұрады: 1) Қатар сызықтар мен қыйықша; 2) Үшкiл; 3) Үшкілдің ауданы; 4) Костабанның ауданы; 5) Копкіл, оның ауданы. Геометриялық материалдар аксиомалар мен теоремаларды пайдаланбай, оқушыға түсінікті тілмен, практикалық іс-әрекеттерді орындау арқылы баяндалған.
Қорыта айтқанда, окулыктын келесі ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
1) Құралдың тiлi анык, сөйлемдерi түсiнiктi, нагыз казакы тілмен жазылған.
2) Оқу материалын орналастыруда және оны баяндауда жүйелі әдістемелік реттілік сакталган.
3) Оқу материалын тәжiрибелiк iс-әрекеттерді орындау және мысалдар мен есептер шығару арқылы игерту алға қойылған.
4) Оқу құралының басынан аяғына дейін суреттер мен сызбаларды және т.б. көрнекі материалды пайдалануға мән берілген.
5) Автордың оган дейiнгi жарық көрген оқулықтарда колданылған және сол кезеңде қабылданған әдістемелік- математикалық терминология катан сақталған. Кейбір ұғымдарга өзінше атаулар да ұсынған. Мысалы, "есеп" терминін «мәселе» деп аталған.
6) Мысалдарды орындаумен қатар есептер шығаруға да көңіл бөлінген. Есептеу тәсілін қарастыру алдында проблемалық ахуал туғызудың, сондай-ақ, мысалдармен бірге, оқушылардың қандай да бір белiмдi оқып-үйренуі барысында қалыптасқан біліктері мен дағдыларын жүйелеу мен нақтылаудың құралы ретінде көрсетілген.
7) Оку куралы политехникалык және агротехникалық оқу орындарына арналып жазылғандықтан, онда техникалық мазмұнды және ауыл шаруашылығымен байланысты есептерге орын берілген.
Тағы бір ескерерлік жай – оларда сол кезеңнің идеологиялық талаптарына сай халык шаруашылығына байланысты сандық мәліметтер кеңіненпайдаланылған. Осы көрсетілген ерекшеліктері автордың өз заманында озық әдістемелерді терең меңгергендігін және оларды өз оқу құралында үлкен әдістемелік шеберлікпен қолдана білгендігін байқатады. Алайда, осындай тамаша оқу құралын жазған Зекен Қысатайұлы туралы нақты деректер жоқ. Бiз Зекен Қысатайұлы сол кезде Ташкент қаласында 1921 жылы ашылып, оқуы қазақ тілінде бол Қазақ ауыл шаруашылығы техникумының оқытушысы болған және сонда математикадан сабақ берген.
Достарыңызбен бөлісу: |