Билет билет билет


Орыс-бұратана мектептерінде пайдаланылған математика оқулықтары



бет36/36
Дата04.01.2023
өлшемі3.04 Mb.
#468109
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Билеты МОӘТ-2

2. Орыс-бұратана мектептерінде пайдаланылған математика оқулықтары
1870 жылдың 26 наурызында Ресей империясының ХАМ ұлттық мектептер үшін алғашқы "Ресейді мекендейтін бұратана халықтарға білім беру шаралары" туралы заңы жарияланды. Бұл заңға орыстың көрнекті миссионер ғалымы Н.И.Ильминскийдiң жасаған мектеп жүйесi негiз етіп алынды. Осы тұстан бастап Қазақстанда орыс-қазақ мектептері кеңінен тарала бастады. Бұл мектептерде математикалық білім беруде 1870 жылғы ереже басшылыққа алынды және арифметика пәні алдымен ана тiлiнде, ал балалар орыс тілін игергеннен кейiн орыс тілінде оқытылды.
Орыс-қазақ мектептерi желiсiнiң кеңейе түсуi қазақ халқының орыс және ол арқылы батыс мәдениетімен араласуын тездетті және өзімен бiрге қазақ даласына орыстың алдынғы қатарлы ағартушылық-демократиялық идеяларын ала келді. Бұл өз кезегінде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин және А.Құнанбаевтың орыстың озық ғылым-білімін игеруге үндеген педагогикалық көзқарастарының қалыптасуына әсерін тигізді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин (1841-1889жж.) математиканы оқыту жөнiнде де келелі пікірлер айтқан. Математикадан оқу кұралын немесе арнайы әдістемелік-математикалық еңбек жазып қалдырмағанымен, оның жазбаларынан, хаттарынан, есептерінен және т.б. шығармаларынан математиканы оқытудын кейбір дербес мәселелерiне катысты ой-пiкiрлерi кездесiп кқлып отырады. Ы.Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып қызметке кiрiскен 1879 жылдан бастап-ақ математикалық бiлiм беру мәселесін әр тараптан зерттей отырып, орыс-қазақ мектептерiнде берiлуге тиiстi математикалық білім мазмұнын кеңейте түсуге көңіл бөлдi.
Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерi үшiн сол кездегi орыс мектебiнде қолданылып жүрген оқу құралдарының ең жақсыларын еңгiзуге тырысты. Мысалы, өзі инспектор болып келгенге дейiн колданылған Левенін арифметикасының орнына Т.Лубенецтін оқулығын ұсынды. Себебі оның окулықтарында математиканың практикалық мәселелерiне көп көңіл бөлінетін, атап айтканда бухғалтерлік есептеулер жүргiзу, кiрiс пен шығысты есептей білу, шаруашылык және тұрмыстық істерде кажет болатын баска да қарапайым есептеулер жүргізу сияқты мәселелер қарастырылатын.
Осы кезенде орыс-қазақ мектептерінде математиканы оқыту әдістемесі ғылымының көрнектi өкiлдерiнiң бiрi В.А.Евтушевскийдің арифметика оқулықтары мен "Арифметиканы оқыту әдістемесі" атты оқу кұралы кеңінен пайдаланылды. Ы.Алтынсариннің де орыс-қазақ мектептері үшін В.А.Евтушевскийдің оку құралдарын ұсынуы заңды құбылыс еді, өйткені бұл кезеңде орыс мектептерінде математиканы оқыту "Грубе әдісі" бойынша жүргізілетін, ал В.А.Евтушевскийдің оқулықтары осы әдіске негізделіп жазылған болатын. Ы.Алтынсариннің Грубе-Евтушевский әдісінің кемшiлiктерiн дер кезінде байқап, 1881 жылдың 17 қарашасында А.А.Мозохинге жазған хатында оған қарсы пiкiрiн ашык айтуы оның математиканы оқыту мәселелеріне тікелей қатысы бар ойшылдық нақты пiкiрлерi болғандығын аңғартады.


3. Есеп

Шешуі: Адамның орта өмірі 55 жыл


Пілдің орта өмірі = адамның орта омірі + 85жыл = 55+85 = 140 жыл
Тасбақаның орта өмірі = пілдің орта өмірі + 160жыл= 140+160= 300 жыл

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет