Т. Шонанұлының әдістемелік-математикалық қызметі
1920-1930 жылдары жарық көрген математика оқулыктары арасында "Диаграмдар, грапиктер кандай болады, калай салынады?” атты кітаптың маңызы ерекше. Оның авторы - Т.Шонанулы.
Телжан Шонанулы (1889 – 1938жж.) - қоғам қайраткері, ағартушы-педагог, тіл білімінің маманы, доцент. Алашорданың белсенді қайраткерлерінің бірі ретінде Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде өзіндік орны бар, негізінен алғанда, педагогикалық қызметтер атқарған. Орынбордағы Қазақ мұғалімдер мектебін бітіріп (1908-1912жж.), мектептерде мұғалім болып істеген. Алашорда үкіметі жанынан құрылған оқу комиссиясының мүшесі, Қазақстан ХАК-ы жанындағы академиялық орталықтың ғылыми қызметкері, "Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының" мүшесі ретінде Т.Шонанұлы елiмiздегi халық ағарту iсiнiң дамуына зор үлес қосты. Сонымен қатар, Кызылордада Казак халык ХАК-ында ғылыми қызметкер, ҚазПИ-де оқытушы (1929- ағарту институтында оқытушы (1926-1929жж.), Казакстан 1934жж.), ҚазМУ-да доцент (1935-1937жж.) қызметтерін арналған бұдан да баска "Кобейту кестесі" және "Метрлік жүйе кестесі" атты әдістемелік құралдар жазған. Т.Шонанұлының аталмыш оқу құралы 1929 жылы Кызылорда қаласында "Қазақстан" баспасынан шыққан (келемі 40 бет). Кітаптың мұқабасында "Оқытушылардың №1 кітабы" деп көрсетілген. Түпнұсқасы төте жазумен жазылған бұл кітаптың мазмұны мынадай материалдарды қамтиды: “I. Диаграм деген не? II. Қандай диаграмдар болады? III. Төрткіл диағрамдар. IV. Дөңгелек диаграмдар. V. Грапик, сызық диаграмдар. VI. Шаршы диаграмдар. VII. Екі жақты диағрамдар. VIII. Сурет диаграмдар. IX. Түрлі диағрамдар. Х. Диаграм салу үшін сандар. Қорыту” .
1-бөлімде диаграмма дегеннің не және не үшін қажет екендігі жөнінде мағлұмат берілген. Автор диаграмма ұғымының мән-мағынасын ашып көрсетеді де "Диаграмның не керегі бар?" деген сұрақ қоя отырып, оған жауап береді және диаграммалардың оқыту үдерісіндегі маңызына тоқталады.
Кітаптың 2-бөлімінде диаграммалардың негізгі түрлеріне (бағанды, сызықтық, дөңгелек, шаршы және т.б. диаграммаларға) сипаттама берілген. Мұнда Қазақстан жағдайына байланысты сандық мәліметтер пайдаланылған. Соңында диаграммалардың түрін тандап ала білуге арнайы тоқталған.
3-бөлімде 1926 жылы Қазақстанда жүргізілген халық санағының мәліметтерін пайдалана отырып, губерниялардағы халық санын төртбұрышты диаграммаға салу жүзеге асырылған және диаграмма салуға қойылатын талаптар, масштабты таңдап алу, диаграмманың атауы мен сандық мәліметтерін көрсету, диаграмманы бояу түсіндірілген. Сонымен қатар, балаларға диаграмма салуды үйрету жолдары айтылып, бұл жұмыстарды 1-сыныптардан бастап ұйымдастыру керектігіне назар аударылған.
4-бөлім дөңгелек диаграммалардың қандай мақсатпен және қалай салынатындығы туралы мәселелерге арналған. Кітапта оны салу жолы келесі мысалдың негізінде түсіндіріледі: “9 күберненің жанын көрсеткен диаграмды (№6) дөңгелек кылып та салуға болады. Бірақ оның үшін ол сандардың просентін білу керек. Мысалы, кіндік санақ мекемесінің көрсетуінше, 1928 жылға қарсы Қазақстанның барлық малының 50%-і қой, 23% -і сиыр, 13%-і ешкі, 10%-i жылқы, 2%-і түйе, 2%-і шошқа - барлығы 100%. Осыған дөңгелек диаграм салуға ыңғайлы.
Грапиктер былай салынады: алдымен жатық сызық сызылады... Бұл "абсис" шүлдігі деп аталады. Осы жатық сызыктын сол шетінен жалғастыра, жоғары қарай "перпен-дикуляр" (тік сызық) тартылады. Мұның аты "ординат" шүлдігі... делінеді... абцис пен ординатты қосқанда "координат" деп атайды". Осыдан кейін Доссорда 1917-1927 жылдары өндірілген мұнайға байланысты сан мәліметтері бойынша сызықтық диаграмма салу жүзеге асырылады. Жаттығу ретінде көптеген әр алуан мазмұндағы сандық мәліметтер (1923-1927 жылдары коныстандыруға бөлінген ақша, жер суландыруға берілген қаржы, мақта егілетін жер көлемі, өнеркәсіп өндірісі, жұмысшылар саны, қазақ тілінде басылған оқу құралдары мен саясат кітаптары, Қызылордағы, Ырғыздағы жылдық ауа райы, Донбаста 1910 – 1915 жылдары өндірілген көмір мөлшері, т.с.с.) бойынша диаграммалар салу жүзеге асырылады. Мұнда график салуда қандай жағдайларды ескерудің қажеттігі атап көрсетілген. Кітаптың "Шаршы диаграм" атты 6-бөлімі оның математикалық есептеулермен байланысты материалдар келтірілген ең шұрайлы жері болып табылады. Бұл арада автор шаршы диаграммалар салу үшін түбір таба білу керектігін ескертеді де, осы мәселені түсіндіруге күш салады.
Келесі 7-8 бөлімдерінде екі жақты және суретті диаграммалар салу туралы қарастырылған. Кеңестер Одағының 1924- 1926 жылдары шет мемлекеттерден сатып алған және оларға саткан тауарының мөлшері екі жақты диаграммалармен көрсетілген. Соңында мектептiн, ауыл кеңесінің және бір уйдiн бiр жылғы кiрiс-шығысын, кооперативтің айына канша тауар сатып, қанша тауар алатынын зерттеп, осынын барысында алынған сандық мәліметтерді екі жакты диаграммалар түрінде кескіндеу тапсырма ретінде ұсынылған. Сонымен қатар, суретті диаграммалармен көрсетілген.
"Түрлі диаграмдар" атты 9-бөлімде тау шыңдарының биіктіктерін (Эверест, Хан Тәңірі, Талғар, Алматы, Кызыларай және т.б.) мысал ретінде ала отырып, үшбұрышты диаграммаларды салу жолы көрсетіледі.Сонгы "Диаграм салу үшін сандар" 10-бөлімде өз бетімен орындауға он тапсырма ұсынылған және олар Қазақстандағы 1926 жылғы санақтың мәліметтеріне (әр ұлттардың проценттік мөлшерi, кейбiр iрi калалардағы халық саны, Қазақстандағы ер адамдар мен әйел адамдардың саны, губерниялардағы егістік мелшері, 1924-1927 жылдардағы тұтыныс кооперативі және ауыл шаруашылық салығы, Қазақстандағы коммунистердің саны, Қазақстандағы сауданын және мал басының өсуі және т.с.с. байланысты сандык көрсеткіштерге негізделіп ұсынылған. Кітаптың сонында "Корыту" бөлiмi және онда кітапты оқу үдерісінде калай пайдалану керектiгi жөнiнде әдістемелік нұсқау келтiрiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |